HP LaserJet Pro MFP M25-M27 - User's Guide

HP Web Services қызметтерін қосу және HP Connected арқылы тіркеу үшін мына процедураны
орындаңыз:
1
1 Сұйық кристалды дисплей басқару тақтасы
СКД басқару тақталары
1. Принтердің басқару тақтасында Орнату түймесін басыңыз. IP мекенжайын немесе хост атауын
көрсету үшін
Network Setupелі параметрлерін орнату) мәзірін ашып, Show IP Address (IP
мекенжайын көрсету) тармағын таңдаңыз.
2. Веб-браузерді ашып, мекенжай жолына IP мекенжайын немесе хост атауын дәл принтердің
басқару тақтасындағыдай теріңіз. Компьютер пернетақтасындағы Enter пернесін басыңыз. EWS
экраны ашылады.
ЕСКЕРТПЕ: Веб-шолғыш кірілетін веб-сайттың қауіпсіз болмауы мүмкін екендігін көрсететін
хабарды береді, веб-сайтты жалғастыру үшін опцияны таңдаңыз. Бұл веб-сайтқа кіру
компьютерге зақым келтірмейді.
3. HP Web Services (HP веб-қызметтері) қойындысын ашып, Enable (Қосу) опциясын басыңыз.
Принтер веб-қызметтерді қосады, одан кейін ақпараттық бетті басып шығарады.
Ақпарат бетінде HP принтерін HP Connected қызметінде тіркеуге қажетті принтер коды болады.
4. HP ePrint тіркелгісін жасау және параметрлерді орнату процесін орындау үшін
www.hpconnected.com сайтына өтіңіз.
HP ePrint бағдарламалық құралы
HP ePrint бағдарламалық құралы Windows немесе Mac жұмыс үстелі компьютерінен немесе ноутбугынан
кез келген HP ePrint бағдарламасын қолдайтын принтерде басып шығаруды жеңілдетеді. Бұл
бағдарламалық құрал HP Connected есептік жазбаңызға тіркелген HP ePrint қосылған принтерлерді табуды
жеңілдетеді. Мақсатты HP принтері кеңседе немесе дүние жүзіндегі бір орында орналасуы мүмкін.
KKWW Мобильді басып шығару 39