HP LaserJet Pro MFP M25-M27 - User's Guide

HP ендірілген веб-сервері (EWS) және HP Device Toolbox
(Windows) көмегімен қосымша реттеу
Ендірілген веб-серверді басып шығару функцияларын принтердің басқару тақтасынан емес, өзіңіздің
компьютерден басқару үшін пайдаланыңыз.
HP ендірілген веб-сервері принтер IP негізделген желіге қосылғанда жұмыс істейді. HP ендірілген веб-
сервері IPX негізделген принтер байланыстарын қолдамайды. HP ендірілген веб-серверін ашу және
пайдалану үшін интернеттің болуы шарт емес.
Принтер желіге қосылғанда, HP ендірілген веб-сервері автоматты түрде қолжетімді болады.
ЕСКЕРТПЕ: HP Device Toolbox — принтер компьютерге USB арқылы қосылған кезде HP ендірілген веб-
серверіне қосылу үшін пайдаланылатын бағдарламалық құрал. Принтер компьютерге орнатылған кезде
толығымен орнатылса ғана қолжетімді болады. Принтердің жалғану әдісіне байланысты кейбір
мүмкіндіктер қолжетімді болмауы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: HP ендірілген веб-серверіне желілік брандмауэрдан тыс қол жеткізу мүмкін емес.
Бірінші әдіс: «Бастау» мәзірінен HP ендірілген веб-серверін (EWS) ашу
1. Пускастау) түймешігін басып, Программы (Бағдарламалар) тармағын таңдаңыз.
2. HP принтерлер тобын басып, HP Device Toolbox (HP құралдар жинағы) элементін таңдаңыз.
Екінші әдіс: Веб-браузерден HP ендірілген веб-серверін (EWS) ашу
ЕСКЕРТПЕ: Қадамдар басқару панелінің түріне байланысты әртүрлі болады.
1 2
1 Жарық диодты басқару тақтасы
2 Сұйық кристалды дисплей басқару тақтасы
1. СКД басқару тақталары: Принтердің басқару тақтасында Setup (Орнату) түймешігін басыңыз. IP
мекенжайын немесе хост атауын көрсету үшін Network Setupелі параметрлерін орнату) мәзірін
ашып, Show IP Address (IP мекенжайын көрсету) тармағын таңдаңыз.
KKWW HP ендірілген веб-сервері (EWS) және HP Device Toolbox (Windows) көмегімен қосымша реттеу 51