HP LaserJet Pro MFP M25-M27 - User's Guide
2. Веб-браузерді ашып, мекенжай жолына IP мекенжайын немесе хост атауын дәл принтердің басқару
тақтасындағыдай теріңіз. Компьютер пернетақтасындағы Enter пернесін басыңыз. EWS экраны
ашылады.
ЕСКЕРТПЕ: Веб-шолғыш кірілетін веб-сайттың қауіпсіз болмауы мүмкін екендігін көрсететін
хабарды береді, веб-сайтты жалғастыру үшін опцияны таңдаңыз. Бұл веб-сайтқа кіру компьютерге
зақым келтірмейді.
Қойынды немесе бөлім Сипаттама
Негізгі қойындысы
Принтер, мәртебе және
конфигурация жөніндегі ақпаратпен
қамтамасыз етеді.
●
Құрылғы күйі: принтердің күйін көрсетеді және HP жабдықтарының күтілген қалған
қызмет мерзімін көрсетеді.
●
Жабдықтар күйі: HP жабдықтарының қалған күтілген жұмыс мерзімін көрсетеді.
Картридждің қалған нақты жұмыс мерзімі әртүрлі болуы мүмкін. Баспа сапасы
нашарлағанда, ауыстырылатын жабдықты дайындап қойған дұрыс. Баспа сапасы
жарамсыз болып кетпесе, жабдықты ауыстырудың қажеті жоқ.
●
Құрылғы конфигурациясы: принтердің конфигурация бетінде табылған ақпаратты
көрсетеді.
●
Желілік аңдатпа: принтердің желілік конфигурация бетінде табылған ақпаратты
көрсетеді.
●
Есептер: принтер шығаратын конфигурация және жабдық күйі беттерін басып
шығарады.
●
Event log (Оқиғаларды тіркеу журналы): принтердің барлық оқиғалары мен
қателіктерінің тізімін көрсетеді.
Жүйе қойындысы
Принтерді компьютеріңізден
конфигурациялауға мүмкіндік
береді.
●
Device Information (Құрылғы туралы ақпарат): принтер және компания туралы негізгі
ақпаратты береді.
●
Қағаз орнату: принтер үшін әдепкі қағаз беру және жинау құрылғысының
параметрлерін өзгертеді.
●
EcoSMART Console (EcoSMART консолі): ұйқы режиміне немесе қуатты автоматты түрде
өшіру режиміне өтудің әдепкі уақыттарын өзгертеді. Өнімді оятатын оқиғаларды
реттеуге болады.
●
Paper Types (Қағаз түрлері): принтер қабылдайтын қағаз түрлеріне сәйкес келетін
басып шығару режимдерін реттейді.
●
Жүйе параметрі: принтердің жүйелік стандартты параметрлерін өзгертеді.
●
Service (Қызмет): принтердің тазалау қызметін орындайды.
●
Өнім қауіпсіздігі: Әкімші құпия сөзін орнату немесе өзгерту.
Желіге қосылу қойындысы
(Желіге қосылған принтерлерге
ғана арналған)
Желілік параметрлерді
компьютеріңізден өзгерту
мүмкіндігін береді.
Желі әкімшілері принтер ІР негізделген желісіне қосылғанда оның желісіне қатысты
параметрлерді бақылау үшін осы қойындыны пайдаланады. Сондай-ақ, ол желі әкімшісіне
сымсыз тікелей басып шығару мүмкіндігін орнатуға мүмкіндік береді. Бұл қойынды принтер
тікелей компьютерге жалғанғанда шығарылмайды.
HP Web Services (HP веб қызметтері)
қойындысы
Принтермен бірге әр түрлі веб-құралдарды орнату және пайдалану үшін осы қойындыны
қолданыңыз.
52 7-тарау Принтерді басқару KKWW










