HP LaserJet Pro MFP M25-M27 - User's Guide

ЕСКЕРТПЕ: Қадамдар басқару панелінің түріне байланысты әртүрлі болады.
1 2
1 Жарық диодты басқару тақтасы
2 Сұйық кристалды дисплей басқару тақтасы
Жарық диодты басқару тақталары:
1. HP ендірілген веб-серверін (EWS) ашыңыз:
а. Бастау мәзірін ашып, одан кейін Бағдарламалар немесе Барлық бағдарламалар түймесін
таңдаңыз.
ә. HP тобын ашыңыз, принтер тобын ашыңыз және HP құрылғысының аспаптар жинағы тармағын
таңдаңыз.
2. Жүйе қойындысын басыңыз және Энергия параметрлері бетін таңдаңыз.
3. Белсенді болмағаннан кейін өшіру аймағында кідіріс уақытын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Әдепкі мән — 4 сағат.
СКД басқару тақталары:
1. Принтердің басқару тақтасында Орнату мәзірін ашыңыз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
Жүйе параметрі.
Қуат параметрлері
Белсенді болмағаннан кейін өшіру уақыты
3. Белсенді болмағаннан кейін өшірудің кідіріс уақытын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Әдепкі мән — 4 сағат.
Кідірісті өшіру параметрін реттеу
Қуат түймешігі басылғаннан кейін, принтердің кідірістері өшетінін не өшпейтінін таңдау үшін басқару
панелі мәзірлерін пайдаланыңыз.
Кідірісті өшіру параметрін өзгерту үшін мына процедураны орындаңыз:
KKWW Қуат үнемдеу параметрлері 61