HP LaserJet Pro MFP M25-M27 - User's Guide
Микробағдарламаны жаңарту
HP кезеңдік принтер жаңартуларын, жаңа веб-қызметтер қолданбаларын және бар веб-қызметтер
қолданбалары үшін жаңа мүмкіндіктерді ұсынады. Бір принтер үшін мына қадамдарды орындап,
принтердің микробағдарламасын жаңартыңыз. Микробағдарламаны жаңартқанда веб-қызмет
қолданбалары автоматты түрде жаңартылады.
Микробағдарламаны Firmware Update Utility бағдарламасын пайдаланып жаңарту
HP.com веб-сайтынан микробағдарламаны жаңарту утилитасын қолмен жүктеу және орнату үшін осы
қадамдарды пайдаланыңыз
.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл әдіс — тек компьютерге USB кабелі арқылы жалғанған принтерлер үшін
микробағдарламаны жаңарту параметрі. Сондай-ақ, ол желіге қосылған принтерлерде жұмыс істейді.
ЕСКЕРТПЕ: Осы әдісті пайдалану үшін баспа драйвері орнатылуы қажет.
1. www.hp.com/support/ljm25–m27 веб-сайт өтіңіз.
2. Жүктеп алу опциялары астында Драйверлер, бағдарламалық құрал және микробағдарлама түймесін
басыңыз, одан кейін тиісті операциялық жүйені таңдаңыз.
3. Next (Келесі) түймешігін басыңыз.
4. Бағдарламалық құрал тармағын таңдаңыз, одан кейін Жүктеп алу түймесін басыңыз.
5. Утилита іске қосылғанда ашылмалы тізімнен принтерді таңдаңыз да, Send Firmware
(Микробағдарламаны жіберу) түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: жаңарту процесінің алдында немесе одан кейін орнатылған микробағдарлама нұсқасын
тексеру мақсатында конфигурация бетін басып шығару үшін Print Cong (Конфигурацияны басып
шығару) параметрін басыңыз.
6. Экрандағы нұсқауларды орындап орнатуды аяқтаңыз, одан кейін утилитаны жабу үшін Exit (Шығу)
түймешігін басыңыз.
KKWW Микробағдарламаны жаңарту 63










