HP LaserJet Pro MFP M25-M27 - User's Guide
●
Қара сиялы картридж
●
Very Low Setting (Өте төмен параметрі)
3. Келесі берілген опциялардың бірін таңдаңыз:
●
Принтерді тонер картриджі өте төмен деңгейде екенін ескертетін, бірақ басып шығаруды
жалғастыратын етіп орнату үшін Continue (Жалғастыру) опциясын таңдаңыз.
●
Принтерді тонер картриджін ауыстырғанша басып шығаруды тоқтататын етіп орнату үшін Stop
(Тоқтату) опциясын таңдаңыз.
●
Принтерді басып шығаруды тоқтататын және баспа картриджін ауыстыруға кеңес беретін етіп
орнату үшін Prompt (Ұсыну) опциясын таңдаңыз. Ұсынысты қабылдап, басып шығаруды
жалғастыруға болады. Бұл принтердегі пайдаланушы өзгерте алатын опция — «Prompt to
Remind Me in 100 pages, 200 pages, 300 pages, 400 pages, or never» (100 беттен, 200 беттен, 300
беттен, 400 беттен кейін есіме салу немесе ешқашан есіме салмау). Бұл опция пайдаланушы
ыңғайлылығы үшін қамтамасыз етілген және осы беттердің қанағаттандырарлық сапамен
басылып шығатынын білдірмейді.
Жабдықтарына тапсырыс беру
Жабдықтар мен қағазға тапсырыс беру www.hp.com/go/suresupply
Қызмет көрсету орталығы немесе қолдау көрсетуші
провайдерлер арқылы тапсырыс беру
HP өкілетті қызмет көрсету орталығымен немесе қолдау
көрсетуші провайдермен хабарласыңыз.
HP енгізілген веб-сервері (EWS) арқылы тапсырыс беру Кіру үшін компьютерде қолдау көрсетілетін веб-браузердегі
мекенжай/URL жолағына принтердің IP мекенжайын немесе
хост атауын енгізіңіз. EWS ішінде HP SureSupply веб-торабына
сілтеме бар, ол түпнұсқа HP жабдықтарын сатып алу
опцияларын береді.
72 8-тарау Проблемаларды шешу KKWW










