HP LaserJet Pro MFP M25-M27 - User's Guide

Қағаз беру немесе кептелу мәселелерін шешу
Кіріспе
Келесі шешімдер науадан қағазды алу немесе бірден бірнеше парақты алу бойынша мәселелерді шешуге
көмектеседі. Осы жағдайлардың бірі қағаз кептілістеріне әкелуі мүмкін.
Қағазды беру немесе кептелу мәселелерін шешу
Қағазды беру немесе кептелу мәселелерін шешу
Өнімде қағазды беру немесе кептелу қайталанатын мәселелері болса, қайталанулар санын азайту үшін
келесі ақпаратты пайдаланыңыз.
Өнім қағазды тартып алмайды
Егер өнім науадан қағазды тартып алмаса, осы шешімдерді орындаңыз.
1. Өнімді ашып, кептелген парақтарды шығарып алыңыз.
2. Тапсырма үшін науаға дұрыс қағаз өлшемін салыңыз.
3. Құралдың басқару тақтасында қағаз өлшемі мен түрінің дұрыс орнатылғанын тексеріңіз.
4. Науадағы қағаз бағыттағыштары қағаздың өлшеміне қарай дұрыс реттелгенін тексеріңіз.
Бағыттауыштарды науадағы тиісті ойықтарына келтіріңіз.
5. Қағазды қолмен беру сұрауын растау үшін, өнімнің күтіп тұрғанын қарау мақсатында, өнімнің басқару
панелін тексеріңіз. Қағаз салып, жалғастырыңыз.
6. Тартып алу ролигі және бөлу төсемесі ласталған болуы мүмкін.
Өнім бірнеше қағаз парақтарын тартып алады
Егер өнім бірнеше қағаз парақтарын науадан тартып алса, осы шешімдерді орындаңыъз.
1. Науадан қағаздар жинағын жойыңыз және оны бүгіп, 180 градусқа бұрып, аударыңыз. Қағазды
желпімеу керек. Науадағы қағаздар жинағын қайтып салыңыз.
2. Осы өнім үшін HP қағаз ерекшеліктеріне сай келетін қағазды ғана пайдаланыңыз.
3. Мыжылмаған, бүгілмеген немесе бүлінбеген қағазды пайдаланыңыз. Егер қажет болса, басқа
бумадағы қағазды пайдаланыңыз.
4. Науаның шамадан тыс толтырылмағанын тексеріңіз. Егер солай болса, науадан қағаздар жинағын
шығарыңыз, жинақты тікейтіп, науаға кейбір қағаздарды қайта салыңыз.
5. Науадағы қағаз бағыттағыштары қағаздың өлшеміне қарай дұрыс реттелгенін тексеріңіз.
Бағыттауыштарды науадағы тиісті ойықтарына келтіріңіз.
6. Басып шығару ортасының ұсынылған спецификацияларда болуын тексеріңіз.
Жиі немесе қайталанатын қағаз кептелістері
Жиі қағаз кептелістері мәселелерін шешу үшін мына қадамдарды орындаңыз. Егер бірінші қадам мәселені
шешпесе, мәселе шешілгенше келесі қадамды жалғастырыңыз.
KKWW Қағаз беру немесе кептелу мәселелерін шешу 73