HP LaserJet Pro MFP M25-M27 - User's Guide

Баспа сапасын жақсарту
Кіріспе
Егер принтерде баспа сапасы бойынша мәселелер болып жатса, мәселені шешу үшін келесі шешімдерді
берілген ретпен қолданып көріңіз.
Әртүрлі бағдарламалық құралдан басып шығару
Басқа бағдарламалық құралдан басып шығарып көріңіз. Бет дұрыс басылып шықпаса, мәселе басып
шығарып отырған бағдарламалық құралыңызға қатысты болып отыр
.
Баспа тапсырмасы үшін қағаз түрінің параметрін тексеру
Қағаз түрінің параметрлерінде бағдарламадан басып шығарғанда жағылған жерлер, анық емес немесе
күңгірт басып шығарылған жерлер, оралған қағаз, шашыраған тонер нүктелері, аз тонер немесе тонер
сыртқа шыққан аймақтар бар-жоғын тексеріңіз.
Қағаз түрінің параметрін тексеру (Windows)
1. Бағдарламалық құралда Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Принтерді таңдап, Properties (Сипаттар) немесе Preferences (Параметрлер) түймешігін басыңыз.
3. Paper/Quality (Қағаз/Сапа) жиекбелгісін таңдаңыз.
4. Media (Құрал) ішінен: ашылмалы тізімнен дұрыс қағаз түрін таңдаңыз.
5. Document Properties (Құжат сипаттары) тілқатысу терезесін жабу үшін OK түймешігін түртіңіз.
Тапсырманы басып шығару үшін Print (Басып шығару) тілқатысу терезесіндегі OK түймешігін түртіңіз.
Қағаз түрінің параметрін тексеру (OS X)
1. File (Файл) мәзірін басыңыз, содан кейін Print (Басып шығару) опциясын басыңыз.
2. Printer (Принтер) мәзірінен принтерді таңдаңыз.
3. Әдепкіде принтер драйвері Copies & Pages (Көшірмелер мен беттер) мәзірін көрсетеді. Мәзірлердің
ашылмалы тізімін ашыңыз да, Finishing (Аяқтау) мәзірін басыңыз.
4. Медиа түрі ашылмалы тізімінен бір түрді таңдаңыз.
5. Print (Басып шығару) түймешігін басыңыз.
Тонер картриджінің күйін тексеру
Жарық диодты басқару тақталары
Тонер деңгейінің күйін көрсететін шам баспа картриджіндегі тонер деңгейінің өте төмен екенін
көрсетеді
.
СКД басқару тақталары
1. Өнімнің басқару тақтасындағы «Орнату» түймесін басыңыз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
86 8-тарау Проблемаларды шешу KKWW