HP LaserJet Pro MFP M25-M27 - User's Guide
●
Лазерлі принтерлерге арналған қағаздарды пайдаланыңыз. Тек сиялы принтерлерде пайдалануға
арналған қағазды пайдаланбаңыз.
●
Тым қатты қағазды пайдаланбаңыз. Жалпы жұмсақ қағазды пайдалану ең жақсы басып шығару
нәтижелерін береді.
Принтердің қоршаған ортасын тексеру
Өнімнің Кепілдік және заңды нұсқаулығында тізімделген қоршаған орта ерекшеліктеріне сай жұмыс істеп
тұрғанын тексеріңіз.
Үнемдеу режимі параметрлерін тексеру
HP компаниясы EconoMode режимін үнемі пайдалануды ұсынбайды. EconoMode режимі үнемі пайдаланған
жағдайда, тонер картриджіндегі механикалық бөліктер тонер жабдығынан ерте тозуы мүмкін. Баспа
сапасы төмендей бастап, қанағаттанарлық болмаса, тонер картриджін ауыстырған жөн.
Бүкіл бет тым күңгірт немесе тым ашық болса, мына қадамдарды орындаңыз.
1. Бағдарламалық құралда Print (Басып шығару) опциясын таңдаңыз.
2. Өнімді таңдап, Properties (Сипаттар) немесе Preferences (Параметрлер) түймешігін басыңыз.
3. Paper/Quality (Қағаз/Сапа) қойындысын басып, Quality Settings (Сапа параметрлері) аумағының орнын
анықтаңыз.
●
Бүкіл бет тым қара болса, EconoMode (Үнемдеу режимі) параметрін таңдаңыз.
●
Бүкіл бет тым күңгірт болса, FastRes 1200 параметрін таңдаңыз.
4. Document Properties (Құжат сипаттары) тілқатысу терезесін жабу үшін OK түймешігін түртіңіз.
Тапсырманы басып шығару үшін Print (Басып шығару) тілқатысу терезесіндегі OK түймешігін басыңыз.
KKWW Баспа сапасын жақсарту 89










