HP LaserJet Pro MFP M25-M27 - Warranty and Legal Issues Guide

Бұл құрылғы FCC ережелерінің 15-бөліміне сәйкес келеді. Қолданысы төмендегі екі шартқа тәуелді болады: (1) бұл құрылғы зиянды
кедергі тудырмауы керек; және (2) бұл құрылғы кез келген алынған кедергіні, соның ішінде қажетсіз әрекеттің тууына себепші болатын
кедергіні де қабылдауы керек.
1. Бұл өнім HP компаниясының компьютерлер жүйесі арқылы әдеттегі конфигурацияда сынақтан өткен.
2. Заңдық реттеу мақсатында, бұл өнімге заңдық реттеу үлгісінің нөмірі тағайындалған. Бұл нөмірді нарықтық атауларымен немесе
өнімнің нөмірлерімен шатастырмаңыз.
3. Бұл өнімде ол сатылатын елдердегі/аймақтардағы техникалық талаптарға сәйкес келетін SDGOB-1291 нормативтік үлгі нөмірі бар
радиомодуль құрылғысы пайдаланылады.
Шанхай, Қытай
Қазан, 2015 ж.
Тек ережелер туралы тақырыптар бойынша мына жерге хабарласыңыз:
Еуропа бойынша хабарласу: HP Deutschland GmbH, HP HQ-TRE, 71025 Boeblingen, Germany
АҚШ бойынша хабарласу: HP Inc., 1501 Page Mill Road, Palo Alto 94304, U.S.A. 650-857-1501 www.hp.eu/certicates
KKWW Сәйкестік мәлімдемесі 35