Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2015 HP Development Company, L.P. AMD белгісі – Advanced Micro Devices, Inc. корпорациясының сауда белгісі. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады және оны Hewlett-Packard компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Intel, Celeron, Centrino және Pentium – Intel корпорациясының АҚШ-тағы және басқа елдердегі сауда белгілері. Microsoft және Windows – Microsoft компаниялары тобының АҚШ-тағы тіркелген сауда белгілері. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Процессордың конфигурация параметрі (тек таңдаулы өнімдерде) МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Компьютердің таңдаулы өнімдері Intel ® Pentium ® N35xx/N37xx сериялы немесе Celeron ® N28xx/N29xx/N30xx/N31xx сериялы процессормен және Windows ® амалдық жүйесімен жабдықталады. Жоғарыда сипатталған компьютерде msconfig.exe файлында процессордың конфигурациялық параметрлерін 4 немесе 2 процессордан 1 процессорға өзгертпеңіз. Егер өзгертсеңіз, компьютер қайта қосылмайды.
vi Процессордың конфигурация параметрі (тек таңдаулы өнімдерде)
Maзмұны 1 Қосылғанда жанатын шам ........................................................................................................................... 1 HP Apps Store дүкеніне өту .................................................................................................................................. 1 Ең жақсы тәжірибе .............................................................................................................................................. 1 Қосымша HP ресурстары ........
Кірістірілген 3D камерасын пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) ............................................................. 24 Дыбысты пайдалану ......................................................................................................................................... 24 Үндеткіштерді қосу ......................................................................................................................... 24 Гарнитураны қосу .................................................................
Пайдаланушы ауыстыратын батареяны тастау .......................................................................... 38 Айнымалы қуатпен жұмыс істеу ...................................................................................................................... 39 Қуат мәселелерін шешу .................................................................................................................. 39 Компьютерді өшіру (сөндіру) ..........................................................................
HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану ............................................................................................ 54 HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB құрылғысына жүктеу ....................................................... 55 11 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру ................................................ 56 Қалпына келтіру дискісін және сақтық көшірмелерді жасау ....................................................................
1 Қосылғанда жанатын шам Бұл компьютер жұмыс істеуді және көңіл көтеруді жақсартуға арналған қуатты құрал болып табылады. Компьютерді орнату жасалғаннан кейін орындауға болатын ең жақсы амалдар, компьютермен жасауға болатын қызықты әрекеттер және қосымша HP ресурстарын табуға болатын орындар туралы білу үшін, осы бөлімді оқып шығыңыз.
Қосымша HP ресурстары Өнім туралы егжей-тегжейлі деректерді, практикалық нұсқаулық ақпаратын және қосымша мәліметтерді қамтамасыз ететін ресурстарды табу үшін, мына кестені қараңыз. Ресурстар Мазмұны Орнату нұсқаулары ● Компьютердің параметрлерін орнатуға және мүмкіндіктеріне жалпы шолу Жұмысқа кіріскенде бағдарламасы ● Әдістер туралы ақпарат және ақаулықтарды жою бойынша кең ауқымды кеңестер НР қолдау қызметі ● HP маманымен желіде сөйлесу АҚШ-та қолдау қызметін пайдалану үшін http://www.hp.
Ресурстар 1. Мазмұны Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support Assistant бағдарламасын таңдаңыз. – немесе – Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін басыңыз. 2. ПК (ДК), одан кейін Гарантия и услуги (Кепілдік және қызметтер) тармағын таңдаңыз. – немесе – http://www.hp.com/go/orderdocuments веб-торабына өтіңіз.
2 Компьютермен танысу Аппараттық құралдардың орналасқан жерлері Компьютерге орнатылған аппараттық құралдарды көру үшін: ▲ Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында диспетчер устройств (құрылғылар басқарушысы) деп теріп, Диспетчер устройств (Құрылғылар басқарушысы) қолданбасын таңдаңыз. Компьютерге орнатылған барлық құрылғылар тізімде көрсетіледі. Жүйенің аппараттық құралдарының компоненттері және жүйенің BIOS нұсқасының нөмірі туралы ақпаратты алу үшін fn+esc пернелерін басыңыз (тек таңдаулы өнімдерде).
Оң жақ Бөлік (1) (2) Сипаттама Қуат шамы Қатты диск шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтау: қуатты үнемдеу күйі болып табылатын «Ұйқы күйі» компьютерде қосылған. Компьютер дисплейдің және басқа да қажет емес құрамдас бөліктердің қуатын өшіреді. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. Күту күйі — ең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты үнемдеу күйі. ● Ақ түсте жыпылықтау: Қатты диск пайдаланылуда. ● Сары: HP 3D DriveGuard қызметі қатты дискті уақытша өшіріп қояды.
(4) USB 3.0 порты Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер немесе USB хабі сияқты қосымша USB құрылғысы жалғанады. (5) HDMI порты Ажыратымдылығы жоғары теледидар немесе кез келген сыйысымды сандық не аудио компоненті сияқты қосымша видео не аудио құрылғыны, сондай-ақ жылдамдығы жоғары HDMI құрылғысын қосады. (6) Желдеткіш тесік Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады.
Сол жақ Бөлік Сипаттама Қуат қосқышы Айнымалы ток адаптеріне қосылады. Айнымалы ток адаптерінің және батареяның шамы ● Ақ: айнымалы ток адаптері қосылған, батарея толығымен зарядтаулы емес. ● Ақ түсте жыпылықтау: Айнымалы ток адаптері ажыратылды және батарея заряды төмен батарея деңгейіне жетті. ● Сары: айнымалы ток адаптері қосылған, батарея зарядталуда. ● Өшірулі: Батарея зарядталмайды. (1) (2) (3) RJ-45 (желі) ұя/статус шамдары Желілік кабелді қосады. ● Ақ: желі қосылған.
Бөлік Сипаттама ЕСКЕРТПЕ: Диск үйлесімділігі туралы ақпаратты алу үшін тапсырмалар тақтасының іздеу жолағына справка (анықтама) сөзін теріп, Справка и поддержка (Анықтама және қолдау) бөлімін таңдаңыз және іздеу жолағына совместимость диска (диск үйлесімділігі) сөздерін теріңіз.
Дисплей Бөлік (1) Сипаттама Ішкі дисплей қосқышы Дисплейді өшіреді және егер дисплей қуат қосулы кезде жабылған болса, ұйқы күйін қосады. ЕСКЕРТПЕ: Ішкі дисплей қосқышы компьютердің сыртынан көрінбейді. (2) Ішкі микрофондар (2) Дыбыс жазады. (3) Веб-камера – немесе – Бейнені жазады және фотосуретке түсіреді. Кейбір өнімдерде бейне ағыны мүмкіндігі көмегімен бейнеконференция мен желіде чат сеанстарын ұйымдастыруға болады.
Бөлік 1. Сипаттама Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support Assistant бағдарламасын таңдаңыз. – немесе – Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін басыңыз. 2. 10 Мой ПК (Менің ДК) опциясын, Спецификации (Сипаттамалар) қойыншасын, Руководства пользователя (Пайдаланушы нұсқаулықтары) опциясын таңдаңыз.
Жоғарғы жағындағы Сенсорлы тақта Бөлік (1) Сипаттама Сенсорлы тақта аймағы Меңзерді жылжыту немесе экрандағы элементтерді ашу үшін саусақпен орындалатын қимылдарды оқиды. ЕСКЕРТПЕ: Қосымша ақпаратты сенсорлы тақтаны және сенсорлы экран қимылдарын пайдалану; (29-бет) бөлімінен қараңыз. (2) Сол жақ сенсорлы тақта түймешігі Сыртқы тінтуірдің сол жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді. (3) Оң жақ сенсорлы тақта түймешігі Сыртқы тінтуірдің оң жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді.
Шамдар Бөлік (1) 12 Сипаттама Қуат шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтау: қуатты үнемдеу күйі болып табылатын «Ұйқы күйі» компьютерде қосылған. Компьютер дисплейдің және басқа да қажет емес құрамдас бөліктердің қуатын өшіреді. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. Күту күйі — ең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты үнемдеу күйі. (2) Caps lock шамы Қосулы: Пернелерді бас әріпке ауыстыратын «Caps lock» пернесі басылған. (3) Дыбысты өшіру шамы ● Сары: компьютер дыбысы өшірулі.
Түймешік пен үндеткіштер Бөлік (1) Сипаттама Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ЕСКЕРТУ: Қуат түймешігін басып тұрғанда сақталмаған ақпараттар жойылады.
Пернелер Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) fn пернесі esc пернесімен бірге басқанда немесе әрекет пернелерімен не бос орын пернесімен бірге басқанда, жиі қолданылатын жүйелік функцияларды орындайды. (3) Windows пернесі Пуск (Бастау) мәзірін ашады. ЕСКЕРТПЕ: Windows пернесін қайта бассаңыз, Пуск (Бастау) мәзірі жабылады. (4) Әрекеттер пернелері Жиі қолданылатын жүйелік функцияларды орындайды.
Белгіше Сипаттама Бұл пернені басып тұрғанда экран жарықтығы қадам бойынша төмендетіледі. Бұл пернені басып тұрғанда, экран жарықтығы қадам бойынша жоғарылатылады. Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран суретін ауыстырып көрсетеді. Мысалы, егер монитор компьютерге қосылған болса, осы перне басылғаннан кейін экран кескіні компьютер дисплейінен монитор дисплейіне ауыстырылып, компьютер мен монитордың екеуінде көрсетіледі.
Түбіндегі Бөлік (1) Сипаттама Желдеткіш саңылаулары (4) Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қамтамасыз етеді. ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін және қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы – қалыпты жағдай. (2) Батареяны құлыптау Батарея орнына батареяны құлыптайды. (3) Батарея орны Батареяны ұстап тұрады. (4) Батареяны шығару ысырмасы Батареяны орнынан шығарады.
● Сервистік жапсырма компьютерді анықтауға арналған маңызды ақпаратты қамтамасыз етеді. Қолдау қызметімен хабарласу кезінде, сериялық нөмір, өнім нөмірі немесе модель нөмірі сұралуы мүмкін. Қолдау қызметімен хабарласпас бұрын, бұл нөмірлерді табыңыз. Сервистік жапсырмалар төменде көрсетілген мысалдардың біреуіне ұқсас болады. Компьютердегі сервистік жапсырмаға ең ұқсас суретті қараңыз.
SIM картасын салу үшін, төмендегі әрекеттерді орындаңыз: 1. Компьютерді Завершение работы (Жұмысты аяқтау) пәрмені арқылы өшіріңіз. 2. Дисплейді жабыңыз. 3. Компьютерге жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз. 4. Қуат сымын айнымалы ток көзінен ажыратыңыз. 5. Компьютерді төңкеріп, батарея ұясы өзіңізге қараған күйде тегіс бетке қойыңыз. 6. Батареяны алыңыз. 7. Картаны SIM ұясына енгізіп, карта нық отырғанша оны ішіне итеріңіз.
3 Желіге қосылу Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған веб-тораптардың ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат әлеммен байланысуға көмектеседі.
Ұшу режимі пернесі Компьютерде ұшу режимі пернесі, бір немесе бірнеше сымсыз құрылғылар және бір немесе бірнеше сымсыз байланыс шамы бар. Компьютердегі сымсыз құрылғылардың барлығы зауытта іске қосылады. Сымсыз байланыс шамы жеке құрылғылардың емес, сымсыз құрылғылардың жалпы қуат күйін анықтайды. Амалдық жүйе басқару элементтері Желі және ортақ қолдану орталығы қосылымды немесе желіні орнатуға, желіге қосылуға, желі ақаулықтарын тексеруге және жөндеуге мүмкіндік береді.
НР Мобильді кең жолақты модулін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) HP мобильді кең жолақты компьютеріңізде кең ауқымды мобильді қызметке қолдау көрсетілген. Жаңа компьютерді мобильді оператордың желісімен пайдаланғанда Интернетке қосылу, электрондық пошта жіберу немесе корпоративтік желіге қосылу Wi-Fi жылдам қосылу нүктесінсіз мүмкін болады. ЕСКЕРТПЕ: Компьютеріңіз HP DataPass құралын қамтитын болса, бұл бөлімдегі нұсқаулар қолданылмайды.
Bluetooth сымсыз құрылғыларын пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) Bluetooth құрылғысы әдетте мына электрондық құрылғыларды байланыстыратын физикалық кабель қосылымдарын ауыстыратын қысқа ауқымды сымсыз байланыстарды қамтамасыз етеді.
Мәліметтер мен диск жетектерін ортақ пайдалану және бағдарламалық құралдарды ашу Компьютер желінің бір бөлігі болып тұрғанда, тек компьютерде сақтаулы ақпаратты пайдаланумен шектеліп қалмайсыз. Желіге қосылған компьютерлерде бағдарламалық құралдар мен деректерді алмасуға болады. Файлдар, қалталар немесе дискілерді ортақ пайдалану туралы қосымша ақпаратты Жұмысқа кіріскенде бағдарламасында қараңыз. ▲ Пуск (Бастау) түймешігін басыңыз және Get started (Жұмысқа кіріскенде) бағдарламасын таңдаңыз.
4 Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану Веб-камера арқылы байланысу, музыканы тыңдау және басқару, бейнефильмдерді жүктеу және көру амалдарын орындау үшін HP компьютерін көңіл көтеру орталығы ретінде пайдаланыңыз. Компьютеріңізді бұдан да қуатты көңіл көтеру орталығына айналдыру үшін, монитор, проектор, теледидар немесе үндеткіштер мен құлақаспаптар сияқты жоғары ажыратымдылықты сыртқы құрылғыларды жалғаңыз.
Гарнитураны қосу АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс қаттылығын төмендетіңіз. Қосымша қауіпсіздік ақпаратын Заңдық, қауіпсіздік және қоршаған орта ескертулерінен қараңыз. Бұл құжатты ашу үшін: 1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support Assistant бағдарламасын таңдаңыз. – немесе – Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін басыңыз. 2.
Бейнені пайдалану Бұл компьютер таңдаулы веб-тораптардағы ойнатылатын бейнені көруге және желіге қосылмаған компьютерден тамашалау үшін бейнелер мен фильмдерді жүктеп алуға мүмкіндік беретін қуатты бейне құрылғысы болып табылады. Көруге байланысты әрекеттеріңізді жақсарту мақсатында компьютерді сыртқы монитор, проектор немесе теледидарға қосу үшін, бейне порттардың бірін пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Жақсы нәтиже үшін, егер «Расширение» (Кеңейту) опциясы таңдалған болса, сыртқы құрылғының экран ажыратымдылығын мына жолмен реттеңіз. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында панель управления (басқару тақтасы) деп жазып, Панель управления (Басқару тақтасы) опциясын, одан кейін Оформление и персонализация (Безендіру және даралау) таңдаңыз. Дисплей ішінен Настройка разрешения (Ажыратымдылықты теңшеу) параметрін таңдаңыз.
Intel WiDi куәландырылған дисплейлеріне қосылу: ▲ Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында демонстрировать (көрсету) сөзін теріп, Демонстрировать на втором экране (Екінші экранда көрсету) опциясын таңдаңыз. Подключение к беспроводному дисплею (Сымсыз дисплейге қосылу) түймесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Intel WiDi ашу үшін ▲ 28 Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында Intel WiDi сөздерін теріп, Intel WiDi опциясын таңдаңыз.
5 Экранда шарлау Компьютер экраны бойынша келесі әдістермен жылжуға болады: ● тікелей компьютер экранынан сенсорлық қимылдарды пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде); ● сенсорлық қимылдарды сенсорлық тақтада пайдалану; ● пернетақтаны және қосымша тінтуірді пайдалану (тінтуір бөлек сатылады); сенсорлы тақтаны және сенсорлы экран қимылдарын пайдалану; Сенсорлы тақта қарапайым саусақ қозғалыстарымен компьютер экранында шарлауға және меңзерді басқаруға мүмкіндік береді.
● Кішірейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақта аймағында немесе сенсорлы экранға арасын алшақ қойып, одан кейін олардың арасын жақындатыңыз. ● Үлкейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақта аймағында немесе сенсорлы экранда бірге қойып, олардың арасын ашыңыз. Екі саусақпен (сенсорлы тақтада ғана) жылжыту Екі саусақпен жылжу қимылын бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе жақтарға жылжу үшін пайдаланыңыз.
Бір саусақпен сырғыту (сенсорлы экранда ғана) Саусақты сырғыту қимылын панорамалау, тізімдер мен беттерді айналдыру үшін немесе нысанды жылжыту үшін пайдаланыңыз. ● Экрандық меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды экранның беті арқылы қалаған бағытқа жылжытыңыз. ● Нысанды жылжыту үшін нысанды басып ұстап тұрыңыз, да саусағыңызды апарыңыз.
6 Қуат басқару Бұл компьютер батарея қуатымен немесе сыртқы қуат көзіне қосу арқылы жұмыс істейді. Егер компьютер батарея қуатымен жұмыс істейтін болса және батареяны зарядтау үшін оны АТ қуат көзіне жалғау мүмкін болмаса, батарея зарядын бақылау және үнемдеу өте маңызды. Ұйқылық режимді және күту күйін қосу және одан шығу Windows жүйесінде қуатты үнемдеуге арналған ұйқы және күту күйлері бар. ● Ұйқылық режим – Ұйқылық режим әрекетсіз тұрғаннан кейін автоматты түрде қосылады.
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында электропитание (қуат параметрлері) сөзін жазып, одан кейін Электропитание (Қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз. – немесе – Индикатор питания (Қуат көрсеткіші) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Электропитание (Қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз. 2. Сол жақ тақтадан Укажите действие кнопки питания (Қуат түймешігінің әрекетін таңдаңыз) сілтемесін нұқыңыз. 3.
ЕСКЕРТПЕ: Пайдаланушы есептік жазбасының құпия сөзін жасау немесе ағымдағы құпия сөзді өзгерту үшін Создание или изменение пароля учетной записи пользователя (Пайдаланушы есептік жазбасының құпия сөзін жасау немесе өзгерту) тармағын таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Пайдаланушы есептік жазбасының құпия сөзін жасау немесе өзгерту қажет болмаған жағдайда, 5-қадамға өтіңіз. 5. Сохранить изменения (Өзгертулерді сақтау) параметрін таңдаңыз.
Пайдаланушы арқылы ауыстырылатын батареяны шығарып алу үшін, компьютерге сәйкес қадамдар мен суретті қараңыз: 1. Компьютерді төңкеріп, батарея өзіңізге қараған күйде тегіс бетке қойыңыз. 2. Батареяны шығарып алу үшін, батареяны босату ысырмасын (1) сырғытыңыз. ЕСКЕРТПЕ: 3. Батареяны бекіту сырғытпасы автоматты түрде бастапқы орнына түседі. Компьютерден (2) батареяны шығарып алыңыз. – немесе – 1. Компьютерді төңкеріп, батарея өзіңізге қараған күйде тегіс бетке қойыңыз. 2.
1. Компьютерді төңкеріп, батарея өзіңізге қараған күйде тегіс бетке қойыңыз. 2. Батареяны шығару үшін, батареяны құлыптау ысырмасын (1) жылжытыңыз, одан кейін батареяны босату үшін батареяны шығару ысырмасын (2) сырғытыңыз. ЕСКЕРТПЕ: 3. Батареяны бекіту сырғытпасы автоматты түрде бастапқы орнына түседі. Батареяны (3) жоғарыға тартып, оны (4) компьютерден шығарып алыңыз. – немесе – 1. Компьютерді тегіс жерге теріс аударып қойыңыз. 2.
Батарея ақпаратын табу Батарея туралы ақпаратқа қол жеткізу үшін: 1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support Assistant бағдарламасын таңдаңыз. – немесе – Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін басыңыз. 2. Мой ПК (Менің ДК), Диагностика и инструменты (Диагностика және құралдар) қойыншасын таңдаңыз, одан кейін HP Battery Check бағдарламасын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Қуат көрсеткіші туралы қосымша ақпарат алу үшін, Қуат көрсеткішін және қуат параметрлерін қолдану (34-бет) бөлімін қараңыз. Өте төмен батарея деңгейі кезінде компьютер төмендегі әрекеттерді орындайды: ● Күту күйі ажыратылған кезде және компьютер қосулы немесе ұйқы күйінде болғанда, компьютер қысқа уақытқа ұйқы күйіне өтеді және одан кейін өшеді. Барлық сақталмаған ақпарат жоғалады.
Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін басыңыз. Айнымалы қуатпен жұмыс істеу Айнымалы ток көзіне қосу туралы ақпаратты компьютер қорабының ішіндегі Орнату нұсқаулары постерінен қараңыз. Компьютер мақұлданған айнымалы ток адаптері немесе қосымша қондыру/ұзарту құрылғысы арқылы сыртқы айнымалы қуат көзіне жалғанған кезде, компьютер батарея қуатын пайдаланбайды.
1. Компьютерді сөндіріңіз. 2. Айнымалы ток адаптерін компьютерге және қуат сымына жалғап, қуат сымын розеткаға қосыңыз. 3. Компьютерді қосыңыз. ● Қуат шамдары жанса, айнымалы ток адаптері дұрыс істеп тұр. ● Қуат шамдары өшіп тұрса, айнымалы ток адаптері мен компьютер арасындағы және айнымалы қуат сымы мен розетка арасындағы қосылысты тексеріңіз. ● Байланыс дұрыс орнатылған, бірақ қуат шамдары сонда да өшіп тұрса, айнымалы ток адаптері істемей тұр және оны ауыстыру қажет.
7 Компьютерге техникалық қызмет көрсету Компьютерді оңтайлы күйде сақтау үшін, оған жүйелі түрде техникалық қызмет көрсету маңызды болып табылады. Бұл тарауда Дискіні дефрагментациялау және Дискіні тазалау құралдарын пайдалану жолдары түсіндіріледі. Сонымен қатар, бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту нұсқаулары, компьютерді тазалау жөнінде қадамдар және компьютерді сапарға алып шығуға (немесе оны тасымалдауға) арналған кеңестер қамтамасыз етіледі.
HP 3D DriveGuard бағдарламасын (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану Төмендегі жағдайлардың біреуі орын алса, HP 3D DriveGuard бағдарламасы дискіні өшіру және дерек сұрауларын тоқтату арқылы қатты дискіні қорғайды. ● Сіз компьютеріңізді құлатып алдыңыз. ● Батарея қуатынан қосылып тұрған компьютерді оның дисплейі жабулы күйінде жылжытасыз. Бұл оқиғалардың біреуі аяқталғаннан кейінгі қысқа мерзімде HP 3D DriveGuard қатты дискіні қалыпты жұмыс жағдайына қайтарады.
Компьютерді тазалау Компьютерді қауіпсіз түрде тазалау үшін келесі өнімдерді пайдаланыңыз: ● Диметил бензил аммоний хлоридінің 0,3 пайыздық тұнбасы (мысалы, әртүрлі компаниялар шығарған бір рет қолданылатын сүрткіштер түрінде) ● Құрамында спирті жоқ әйнек тазалағыш сұйықтық ● Су және жұмсақ сабын қосылған ерітінді ● Құрғақ микроталшықты тазалау шүберегі немесе күдері (майланбаған жұмсақ антистатикалық шүберек) ● Антистатикалық шүберек майлықтар ЕСКЕРТУ: Компьютерді бір жолға зақымдауы мүмкін қатты
ЕСКЕРТУ: Ішкі бөліктерді зақымдамау үшін, сұйықтықтардың пернелер арасына тамшылап түсуіне жол бермеңіз. ● Сенсорлы тақта, пернетақта немесе тінтуірді тазалау үшін, бұрын аталған тазалау сұйықтықтарының біреуіне суланған жұмсақ микроталшық матаны, күдеріні немесе бір рет пайдаланылатын бір рет қолданылатын майлықты пайдаланыңыз. ● Пернелердің жабысып қалуын болдырмай, пернетақтадан шаңды, талшықтарды және қоқымдарды кетіру үшін түтігі бар қаңылтыр бөтелкедегі қысылған ауаны пайдаланыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток соғуы, өрт шығуы немесе жабдықтың зақымдануы сияқты қауіпті азайту үшін, компьютерді жабдықтар үшін сатылатын кернеуді түрлендіру жинағы арқылы қоспаңыз.
8 Компьютер мен ақпаратты қорғау Компьютер қауіпсіздігі ақпараттың құпиялылығы, сенімділігі мен қолжетімділігін қорғау үшін өте маңызды. Windows амалдық жүйесі, HP бағдарламалары, Setup Utility (BIOS) құралы және басқа үшінші тарап бағдарламалық құралдары қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік шешімдері компьютерді вирустар, «құрттар» сияқты түрлі қауіп-қатерлерден және зиян келтіретін код түрлерінен қорғауға көмектесе алады. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: болмауы мүмкін.
Құпиясөз Қызмет ЕСКЕРТПЕ: Осы құпиясөз арқылы Setup Utility (BIOS) мазмұнына кіру мүмкін емес. Setup Utility (BIOS) құпия сөздерін орнату Құпиясөз Қызмет Әкімші құпия сөзі ● Оны Setup Utility (BIOS) құралына кірген сайын енгізу қажет. ● Әкімші құпия сөзін ұмытып қалған жағдайда, Setup Utility (BIOS) утилитасына кіру мүмкін болмайды. ● Оны компьютерді қосқан не қайта бастаған сайын немесе күту күйінен шыққан сайын енгізу қажет.
Саусақ ізін оқу құрылғысын пайдалану (тек қана таңдаулы өнімдерде) Ішкі саусақ ізін оқу құрылғылары тек таңдаулы өнімдерде қолжетімді болады. Саусақ ізін оқу құрылғысын пайдалану үшін, компьютерде пайдаланушының есептік жазбасы мен құпия сөзді орнатып, содан соң HP SimplePass бағдарламалық құралын пайдаланып бір немесе бірнеше саусақ ізін тіркеңіз. HP SimplePass бағдарламалық құралы көмегімен саусақ ізін тіркеу үшін, келесі әрекеттерді орындаңыз: 1.
Қалқан бағдарламалық құралын пайдалану Желіаралық қалқан жүйені немесе желіні рұқсатсыз пайдаланудан қорғау үшін жасалған. Желіаралық қалқан компьютерге және/немесе желіге орнатылатын бағдарламалық құрал немесе аппараттық және бағдарламалық құралдың екеуін де қорғайтын шешім болуы мүмкін. Екі түрлі желіаралық қалқанның ішінен таңдауға болады: ● Хостқа негізделген желіаралық қалқан — тек орнатылған компьютерді қорғайтын бағдарламалық құрал.
Сымсыз желіні қорғау Желіні рұқсатсыз кіруден қорғау үшін, WLAN жүйесін орнатқан немесе бар болған WLAN жүйесіне кірген кезде, әрқашан қауіпсіздік мүмкіндіктерін қосыңыз. Қоғамдық аймақтар немесе кофеханалар және әуежайлар сияқты адам көп аймақтар ешқандай қауіпсіздікті қамтамасыз етпейді.
9 Setup Utility (BIOS) утилитасын пайдалану Setup Utility немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс және шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір және принтер) арасындағы байланысты басқарады. Setup Utility (BIOS) ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті және жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған.
BIOS нұсқасы (ROM деректері және Жүйе BIOS атауларымен белгілі) туралы ақпаратты көрсету үшін, мына бөлімді қараңыз: 1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support Assistant бағдарламасын таңдаңыз. – немесе – Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін басыңыз. 2. ПК (ДК), содан кейін Спецификации (Сипаттамалар) тармағын таңдаңыз. – немесе – ▲ Setup Utility (BIOS) утилитасын пайдаланыңыз. Setup Utility (BIOS) пайдалану: 1.
а. Ең соңғы BIOS жаңартуын анықтап, оны қазір компьютерде орнатылған BIOS нұсқасымен салыстырыңыз. Егер жаңарту BIOS нұсқасынан жаңалау болса, күнін, атауын немесе өзге идентификаторын жазып алыңыз. Бұл ақпарат жаңарту файлы қатты дискіге жүктелгеннен кейін оны табу үшін қажет болуы мүмкін. ә. Таңдауыңызды қатты дискіге жүктеп алу үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. BIOS жаңартуы жүктеліп алатын қатты дискідегі орынға жолды жазып алыңыз.
10 HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану HP PC Hardware Diagnostics – бірыңғай кеңейтілетін ішкі бағдарламалық құрал интерфейсі (UEFI). Бұл құрал компьютердің аппараттық құралдарының дұрыс жұмыс істейтінін анықтау үшін диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді. Құрал амалдық жүйенің сыртында жұмыс істейді және амалдық жүйенің өзі немесе басқа бағдарламалық құралдар бөліктері туындауы мүмкін аппараттық құралдың ақаулықтарын бөлектейді.
HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB құрылғысына жүктеу HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB құрылғысына жүктеуге арналған екі тәсіл бар. UEFI ең соңғы нұсқасын жүктеп алу: 1. http://www.hp.com/go/techcenter/pcdiags веб-торабына өтіңіз. HP PC Diagnostics басты беті көрсетіледі. 2. HP PC Hardware Diagnostics бөлімінде Download (Жүктеу) сілтемесін таңдап, Выполнить (Орындау) түймешігін басыңыз. Белгілі бір өнім үшін UEFI кез келген нұсқасын жүктеп алу: 1. http://www.hp.
11 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру Бұл тарауда төмендегі процестер туралы ақпарат беріледі. Тараудағы ақпарат өнімдер үлгілерінің көбі үшін стандартты процедура болып есептеледі. ● Қалпына келтіру дискісін және сақтық көшірмелерді жасау ● Жүйеңізді бастапқы қалпына келтіру және қалыпқа келтіру Қосымша ақпаратты HP Support Assistant бағдарламасынан қараңыз.
● Егер компьютерде Windows бөлімі немесе Recovery бөлімі болмаса, қалпына келтіру медиасын қолдау қызметінен алуға болады. Осы компьютермен жабдықталған Worldwide Telephone Numbers (әлем бойынша қызмет көрсету телефондары) кітапшасын қараңыз. Әрі байланыс ақпаратын HP веб-торабында табуға болады. http://www.hp.com/support мекен-жайын ашып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасау және жеке мәліметтердің сақтық көшірмелерін жасау үшін Windows құралдарын пайдалануға болады.
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында восстановление (қалпына келтіру) сөзін жазып, одан кейін HP Recovery Manager тармағын таңдаңыз. 2. Создание носителя для восстановления (Қалпына келтіру медиа құралын жасау)тармағын таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Жүйені қалпына келтіру қажет болса, ақпаратты HP Recovery Manager арқылы қалпына келтіру (59-бет) бөлімінен қараңыз.
параметрлерге келтіру опциясын пайдалануға болады. Қосымша ақпаратты HP Recovery Manager арқылы қалпына келтіру (59-бет) бөлімінен қараңыз. ● Таңдаулы өнімдерде, егер қатты диск орнын босату үшін қалпына келтіру бөлімін жойғыңыз келсе, HP Recovery Manager бағдарламасы Remove Recovery Partition (Қалпына келтіру бөлімін жою) опциясын ұсынады. Қосымша ақпаратты HP Recovery бөлімін жою (тек таңдаулы өнімдерде) (61-бет) бөлімінен қараңыз.
Содан кейін, амалдық жүйе мен зауытта орнатылған бағдарламалық құралдарды қайта орнатады. HP Recovery бөлімі (тек таңдаулы өнімдерде) Жүйені қалпына келтіру мүмкіндігін береді. HP Recovery бөлімін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) HP Recovery бөлімі қалпына келтіру дискілерін немесе қалпына келтіру USB флэш-жадын пайдаланбастан Жүйені қалпына келтіру мүмкіндігін береді. Қалпына келтірудің бұл түрін тек қатты диск жұмыс істеп тұрғанда пайдалану мүмкін болады.
Жүктеу тәртібін өзгерту үшін МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Ажыратылатын пернетақта бар планшет үшін, осы қадамдарды бастамас бұрын пернетақтаны пернетақта бекемдеуіне жалғаңыз. 1. HP қалпына келтіру медиа құралын енгізіңіз. 2. BIOS құралын ашу: Пернетақталар тіркелген компьютерлер немесе планшеттерді пайдалану кезінде: ▲ Жүктеу опцияларын көрсету үшін, компьютер немесе планшетті қосыңыз немесе өшіріп қайта бастаңыз да, esc пернесін тез басып қалып, f9 пернесін басыңыз.
12 Техникалық сипаттамасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек. Компьютер бөлек тұрақты ток көзінен жұмыс жасаса да, ол тек НР компаниясы берген және осы компьютерге қолдану үшін ұсынған айнымалы ток адаптері немесе тұрақты ток көзіне қосылуы керек.
Пайдалануға болатын -15 м мен 3048 м арасында -50 фут пен 10000 фут арасында Жұмыссыз режимде -15 м мен 12192 м арасында -50 фут пен 40000 фут арасында Жұмыс ортасы 63
13 Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу — екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының соғуы, мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу. Саусақтар немесе басқа электростатикалық разряд өткізгіштерінен шығатын статикалық электр қуатының разряды электрондық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін.
14 Қолжетімділік HP мүмкіндіктері шектеулі адамдарды қоса барлығы пайдалана алатын өнімдер мен қызметтерді оқшаулы түрде немесе тиісті көмекші құрылғылармен жасақтайды, өндіреді және нарыққа шығарады. Қолдау көрсетілетін көмекші технологиялар HP өнімдері операциялық жүйенің әр түрлі көмекші технологияларына қолдау көрсетеді және оларды қосымша көмекші технологиялармен жұмыс істеуге теңшеуге болады. Көмекші мүмкіндіктер туралы қосымша ақпаратты табу үшін құрылғыдағы Іздеу мүмкіндігін пайдаланыңыз.
Индекс Таңбалар/Сандар 3D камерасы пайдалану 24 3D камерасы, анықтауда 9 А ағытпа, қуат 7 ажыратымдылығы жоғары құрылғылар, жалғау 26, 27 айнымалы ток адаптері, тексеру 39 Айнымалы ток адаптері және батарея 7 айнымалы ток адаптерін тексеру 39 ақпарат алу аппараттық құрал 4 бағдарламалық құрал 4 астыңғы жағы 17 Аудио 25 аудио шығыс (құлақаспап)/аудио кіріс (микрофон) ұясы, анықтау 5 Ә әрекеттер пернелері анықтау 14 14 Б бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту 42 бағдарламалық құрал HP 3D DriveGuard 42 Дис
К компьютер, сапарға шығу 38 компьютерді қорғау 43 компьютерді өшіру 40 компьютерді сапарға алып шығу 17, 38, 44 компьютерді тазалау 43 компьютерді тасымалдау 44 корпоративтік WLAN қосылымы 20 Күту қосу 32 өте төмен батарея деңгейі кезінде қосылады 38 шығу 32 күтім HP 3D DriveGuard 42 бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту 42 Дискіні дефрагментациялау құралы 41 Дискіні тазалау 41 кірістірілген сандық пернетақта, анықтау 14 кірістірілген сандық пернетақта , анықтау 31 кірістірілген сандық пернетақтаны пайдал
сенсорлы экран қимылдары бір саусақты сырғыту 31 сериялық нөмір 17 сериялық нөмір, компьютер 17 сымсыз байланыс түймесі 19 сымсыз байланыс шамы 19 сымсыз басқару элементтері амалдық жүйе 19 түймешігі 19 сымсыз желі, қорғау 50 сымсыз желі (WLAN) жұмыс ауқымы 20 корпоративтік WLAN қосылымы 20 қоғамдық WLAN қосылымы 20 қосылу 20 сымсыз куәландыру белгісі 17 сыртқы айнымалы ток қуаты, пайдалану 39 сыртқы айнымалы ток қуаты көзін пайдалану 39 Т температура 38 тұтынылатын қуат 62 түймешіктер сенсорлы тақтаның оң
U USB 2.0 порты, анықтау USB 3.