User's Guide
4 Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану
Веб-камера арқылы байланысу, музыканы тыңдау және басқару, бейнефильмдерді жүктеу және көру
амалдарын орындау үшін HP компьютерін көңіл көтеру орталығы ретінде пайдаланыңыз.
Компьютеріңізді бұдан да қуатты көңіл көтеру орталығына айналдыру үшін, монитор, проектор,
теледидар немесе үндеткіштер мен құлақаспаптар сияқты жоғары ажыратымдылықты сыртқы
құрылғыларды жалғаңыз
.
Кірістірілген камераны пайдалану
Компьютердің веб-камерасы (кірістірілген камера) бейнені жазады және фотосуретке түсіреді. Кейбір
модельдерде бейне ағыны мүмкіндігімен бейнеконференция мен желіде чат сеанстарын
ұйымдастыруға болады.
▲
Камераға кіру үшін тапсырмалар тақтасының іздеу жолағына камера сөзін теріңіз және
қолданбалар тізімінен
Камера опциясын таңдаңыз.
Кірістірілген 3D камерасын пайдалану (тек таңдаулы
өнімдерде)
3D камерасы 3D кескіндерді немесе бейнені сканерлеу немесе түсіру мүмкіндігін береді. Ойын, бейне
чат, қауіпсіздік және иммерсивті қатысуға арналғна 3D қолданбалары 3D камера тәжірибеңізді
барынша арттыру үшін қол жетімді.
●
3D камерасының мүмкіндіктерін көру үшін тапсырмалар тақтасының іздеу жолағына Intel
RealSense Apps деп теріңіз немесе 3D қолданбаларын көру және жүктеу мақсатында Intel®
RealSense™ көрсету үлгісіне өту үшін жұмыс үстеліндегі белгішені басыңыз.
●
3D камерасын пайдалануды үйрену үшін тапсырмалар тақтасының іздеу жолағына Intel
RealSense үйрену
сөз тіркесін теріп, кіріспе оқулықты іске қосу үшін жұмыс үстеліндегі
белгішені басыңыз.
Дыбысты пайдалану
Компьютеріңізде немесе сыртқы оптикалық дискіні пайдаланатын өнімдерде музыка ықшам
дискілерін ойнатуға, музыканы жүктеуге және тыңдауға, вебтегі аудио мазмұнды (соның ішінде
радионы) тыңдауға, дыбыс жазуға немесе мультимедиа файлын жасау үшін дыбыс пен бейнені
біріктіруге болады. Тыңдау әсерін жақсарту үшін, үндеткіштер немесе құлақаспаптар сияқты сыртқы
дыбыс құрылғыларын жалғаңыз.
Үндеткіштерді қосу
Сымды үндеткіштерді компьютердегі немесе қондыру тұғырындағы USB портына немесе аудио
шығыс (құлақаспап) ұясына жалғау арқылы қосуға болады.
Сымсыз үндеткіштерді компьютерге қосу үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Компьютерге ажыратымдылығы жоғары үндеткіштерді қосу үшін, HDMI арқылы дыбысты реттеу үшін
(27-бет) бөлімін қараңыз. Үндеткіштерді жалғамас бұрын дыбыс қаттылығын төмендетіңіз.
24 4-тарау Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану










