User's Guide
BIOS нұсқасы (ROM деректері және Жүйе BIOS атауларымен белгілі) туралы ақпаратты көрсету үшін,
мына бөлімді қараңыз:
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support
Assistant бағдарламасын таңдаңыз.
– немесе –
Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін басыңыз.
2. ПК (ДК), содан кейін Спецификации (Сипаттамалар) тармағын таңдаңыз.
– немесе –
▲
Setup Utility (BIOS) утилитасын пайдаланыңыз.
Setup Utility (BIOS) пайдалану:
1. Setup Utility (BIOS) қолданбасын қосыңыз (Setup Utility (BIOS) утилитасын бастау (51-бет) бөлімін
қараңыз).
2. Main (Басты) тармағын, System Information (Жүйе ақпараты) тармағын таңдаңыз және сіздің BIOS
нұсқасы туралы жазбаны жасаңыз.
3. Exit (Шығу) тармағын, одан кейін No (Жоқ) тармағын таңдаңыз да, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
Кейінгі BIOS нұсқаларын тексеру үшін BIOS жаңартуын жүктеп алу (52-бет) бөлімін қараңыз.
BIOS жаңартуын жүктеп алу
ЕСКЕРТУ: Компьютерге зақым келтірмеу немесе сәтсіз орнатуды болдырмау үшін BIOS жаңарту
файлын компьютер айнымалы ток адаптері арқылы сенімді сыртқы қуат көзіне қосылған кезде ғана
жүктеп алыңыз және орнатыңыз. Компьютер батарея қуатымен жұмыс істеп тұрғанда, қосымша
жалғау құрылғысына жалғанғанда немесе қосымша қуат көзіне қосулы болғанда, BIOS жаңартуын
жүктеп алмаңыз немесе орнатпаңыз. Жүктеп алу және орнату барысында мына нұсқауларды
орындаңыз:
●
Компьютерді айнымалы ток көзінен ажыратқан кезде қуат сымын тартпаңыз.
●
Компьютердің жұмысын аяқтамаңыз немесе компьютерде ұйқылық күйді қоспаңыз.
●
Құрылғылар, кабельдер немесе шнурды жалғамаңыз, ажыратпаңыз немесе қоспаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер компьютер желіге қосылған болса, бағдарламалық құралдардың жаңартуларын,
әсіресе жүйенің BIOS жаңартуларын орнатпас бұрын желілік әкімшімен хабарласыңыз.
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support
Assistant бағдарламасын таңдаңыз.
– немесе –
Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін басыңыз.
2. Обновления (Жаңартулар) пәрменін басып, Проверить наличие обновлений и сообщений
(Жаңартуларды және хабарларды тексеру) пәрменін басыңыз.
3. Компьютерде орнатылған нұсқаны анықтап, жүктеп алынатын BIOS жаңарту файлдарына қол
жеткізу үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
4. Жүктеу аймағында мына қадамдарды орындаңыз:
52 9-тарау Setup Utility (BIOS) утилитасын пайдалану










