Пайдаланушы нұсқаулығы
© 2015 HP Development Company, L.P. Microsoft жəне Windows - Microsoft компаниялар тобының АҚШ-тағы тіркелген сауда белгілері. Мұнда қамтылған ақпаратты ескертусіз өзгертуге болады. Қысқа кепілдік мəлімдемелерінде тек HP өнімдері мен қызметтерімен бірге берілетін өнімдер мен қызметтердің кепілдіктері көзделген. Мұндағы ешбір түсінік қосымша кепілдіктің жалғасы болып табылмайды. НР компаниясы мұнда қамтылған техникалық немесе редакторлық қателер немесе жетіспеушіліктер үшін жауапты емес.
Бұл нұсқаулық туралы Бұл нұсқаулық монитор функциялары, монитор параметрлерін реттеу, бағдарламалық жасақтаманы пайдалану жəне техникалық сипаттамалар бойынша ақпаратты қамтамасыз етеді. ЕСКЕРТУ! Бұл сөзбен белгіленген мəтін нұсқаулардың орындалмауы жағдайында дене жарақаты немесе өлім қаупінің бар болуы туралы хабарлайды. АБАЙЛАҢЫЗ: Бұл сөзбен белгіленген мəтін нұсқаулардың орындалмауы жағдайында құрылғының зақымдалуы немесе ақпараттың жоғалу қаупінің бар болуы туралы хабарлайды.
Мазмұны Бұл нұсқаулық туралы 1. Өнім функциялары 2. Қауіпсіздік жəне техникалық қызмет көрсету нұсқаулары Маңызды қауіпсіздік ақпараты . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . Қауіпсіздік шаралары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . Техникалық қызмет көрсету нұсқаулары . . . . . . . . . . . . . . .
1.
2. Қауіпсіздік жəне техникалық қызмет көрсету нұсқаулары Маңызды қауіпсіздік ақпараты Қуат сымы монитормен бірге қамтылған. Басқа сым пайдаланылса, тек бұл мониторға сəйкес келетін қуат көзін жəне байланысты пайдаланыңыз. Монитормен бірге пайдаланылатын тиісті қуат сымы туралы ақпаратты алу үшін, мультимедиа дискісінде (ұсынылған жағдайда) немесе құжаттама жинағында берілген Өнім ескертпелері бөлімін қараңыз.
• Розеткаға жалғанған жалпы кернеу көлемі электр розеткасының номиналды тогынан артық еместігіне жəне қуат сымына жалғанған өнімдердің жалпы кернеуі қуат сымында көрсетілген номиналды көрсеткіштен аспайтынына көз жеткізіңіз. Номиналды кернеуді (Ампер немесе А) анықтау үшін əр құрылғының қуат кестесін қараңыз. • Мониторыңызды оңай қолжетімді болатын қуат розеткасының жанына орнатыңыз. Мониторды ашасын мықтап ұстап, розеткадан тарту арқылы ажыратыңыз. Мониторды ешқашан сымын тартып ажыратпаңыз.
3. Мониторды теңшеу Мониторды қаптамасынан шығару 1. Мониторды қаптамасынан шығарыңыз. Барлық құрамдастардың қамтылғанына көз жеткізіңіз. Қаптама қорабын сақтап қойыңыз. 2. Компьютер жəне басқа жалғанған құрылғыларды өшіріңіз. 3. Мониторды жинау үшін тегіс бетті дайындап қойыңыз. Мониторды орнату үшін дайындау барысында оның экранын төмен қаратып жатқызу үшін тегіс, жұмсақ, қорғалған орын қажет болуы мүмкін. Мониторды орнату Мониторды жұмыс үстеліне немесе қабырға бетіне орналастыруға болады.
3. Негіз орнында құлыпталмағанша, оны бағанға қарай басып тұрыңыз. 4. Мониторды жоғары бағытта көтеріп, тегіс, тұрақты бетке орналастырыңыз. Мониторды қабырғаға орнату үшін дайындау 1. Қабырғаға орнату қысқышының тұрақтылығын тексеріңіз. ЕСКЕРТУ! Жеке жарақат немесе жабдықтың зақымдалу қаупін азайту үшін, мониторды бекітуден бұрын қабырғаға орнату қысқышының тиісінше орнатылып, бекемделгенін тексеріңіз.
4. Негізді алып, оны монитордың астыңғы жағынан кері сырғытыңыз. 5. Монитордың артқы панелінде төрт оймалы саңылау орналасқан. Оның үшеуі тербелмелі таянышты немесе басқа орнату қысқышын монитордың артқы жағына бекітетін бұрандаларына арналған. 6. Монитордың қауіпсіз бекітілгенін қамтамасыз ету үшін, орнату қысқышымен бірге берілген нұсқауларды орындаңыз. Артқы панельдегі төрт оймалы саңылаулар тегіс панельді мониторларды орнатудың VESA стандартына сəйкес келеді. 7.
Монитор кабельдерін жалғау VGA (аналогтық) кабелін немесе DVI-D (сандық) кабелін жалғау Мониторыңызды компьютеріңізге жалғау үшін VGA бейне кабелін немесе DVI-D кабелін пайдаланыңыз. DVI кабелін пайдалану үшін DVI стандартымен үйлесімді графикалық картасы болуы қажет. Коннекторлар монитордың артқы жағында орналасқан. Компьютер жəне монитордың өшіріліп, ажыратылғанына көз жеткізіңіз. 1.
Қуат сымын жалғау 1. Электр жəне қуат ескертулерін орындаңыз ЕСКЕРТУ! Электрмен соғылу немесе жабдықтың зақымдалу қаупін азайту үшін: Қуат сымын жерге тұйықтау ашасын өшірмеңіз. Жерге тұйықтау - маңызды қауіпсіздік функциясы. Қуат сымын тұйықталған (жерге) электр розеткасына жалғаңыз. Қуат сымыңыз жалған ған жерге тұйықталған қуат розеткасы пайдаланушы үшін оңай қолжетімді жəне құрылғыңызға мүмкіндігінше жақын орналасқанына көз жеткізіңіз.
Еңкеюді теңшеу Оңтайлы көрінуі үшін, экранның еңкеюін жеке қалауыңызға сəйкес, келесідей теңшеңіз: 1. Монитордың алдыңғы бөлігін өзіңізге қаратып, еңкеюін теңшеу кезінде басыңызды басқа жаққа еңкейтпейтіндей негізді ұстап тұрыңыз. 2. Экранға тиіспей тұрып, монитордың жоғарғы жағын өзіңізге қарай немесе кері бағытта жылжытып теңшеңіз.
4. Мониторды басқару ЕСКЕРТПЕ: Сандық қолтаңба қойылған монитор драйверлерін (INF немесе ICM файлдары) орнату қажет болуы мүмкін. Драйверлерді жаңарту қажеттігін анықтасаңыз, монитор драйверінің INF жəне ICM файлдарын интернеттен орнатуға болады. Монитор драйверін интернеттен жүктеп алу Драйвер жəне бағдарламалық жасақтама файлдарын HP қолдау көрсету сайтынан жүктеу үшін: 1. Келесі мекенжайға өтіңіз: http://www.hp.com/support. 2.
Алдыңғы панельдегі басқару элементтері Монитор түймешіктері алдыңғы панельдің төменгі жағында орналасқан 1 2 3 № Белгі Сипаттама 1 Мəзір түймешігі OSD мəзірін ашады жəне жабады. Функция түймешіктері OSD мəзірі ашылып тұрған кезде белсендірілетін түймешіктердің жанындағы индикаторлар негізіндегі OSD мəзірі арқылы шарлау үшін осы түймешіктерді пайдаланыңыз.
Экрандық дисплейді (OSD) пайдалану Монитор экранының кескінін қалауыңыз бойынша теңшеу үшін Экрандық дисплейді (OSD) мəзірін пайдаланыңыз. Монитордың алдыңғы жақтауындағы түймешіктерді пайдаланып, OSD мəзіріне кіріп, онда теңшеулер жасауға болады. OSD мəзіріне кіріп, теңшеулер жасау үшін, төмендегі əрекеттерді орындаңыз: 1. Егер монитор əлдеқашан қосулы болмаса, мониторды қосу үшін Қуат түймешігін басыңыз. 2.
Функция түймешіктерін тағайындау Алдыңғы жақтаудағы төрт Функция түймешігінің бірін басу нəтижесінде түймешіктер белсендіріледі жəне түймешіктердің үстінен белгішелер көрсетіледі. Зауыттық əдепкі түймешік белгішелері мен функциялары төменде көрсетілген. Түймешік Функция Мəзір OSD (экрандық дисплей) мəзірін ашады. Information Ақпарат (1-функция түймешігі тағайындалады) Ақпарат мəзірін ашады.
Автоматты ұйқы режимін пайдалану Монитор азайтылған қуат күйін қосу немесе өшіру үшін Автоматты ұйқы режимі деп аталатын OSD (экрандық дисплей) мəзір опциясына қолдау көрсетеді. Автоматты ұйқы режимі қосылған кезде (əдепкі бойынша қосулы), басты компьютерде төмен қуат режимі туралы сигнал берілгенде (көлденең не тік синхрондау сигналының тапшылығы) монитор азайтылған қуат күйіне ауысады.
Бейненің кіріс коннекторларын таңдау Кіріс коннекторлары келесідей: • VGA коннекторы (аналогтық) • DVI-D коннекторы (сандық) (тек таңдаулы үлгілер үшін) Монитор қай көздерде жарамды бейне сигналдары бар екенін автоматты түрде анықтап, кескінді көрсетеді. VGA кабелін немесе DVI-D кабелін немесе екеуін де жалғауға болады. Егер кабельдердің екеуі де орнатылса, əдепкі кіріс таңдауы DVI мəніне орнатылады. Кіріс көзі OSD мəзіріндегі кірісті таңдау опциясының көмегімен ауыстырыла алады.
• • Dynamic Contrast Ratio On (Динамикалық контраст арақатынасы қосулы) динамикалық контраст арақатынасының қосылғанын білдіреді. Динамикалық контраст арақатынасы Кескінді басқару OSD мəзірінде қосылған жағдайда орын алады. Dynamic Contrast Ratio Off (Динамикалық контраст арақатынасы өшірулі) динамикалық контраст арақатынасының өшірілгенін білдіреді. Динамикалық контраст арақатынасы Кескінді басқару OSD мəзірінде өшірілген жағдайда орын алады.
ЕСКЕРТПЕ: Қуатты үнемдеу функциясы монитор қуатты үнемдеу функциясымен жабдықталған компьютерлерге жалғанған кезде ғана жұмыс істейді.
A. Ақаулықтарды жою Негізгі ақаулықтарды шешу Келесі кестеде мүмкін мəселелер, əр мəселенің мүмкін себебі мен ұсынылатын шешімі көрсетілген: Мəселе Ықтимал себебі Шешімдер Экран қара немесе бейне жыпылықтайды. Қуат сымы ажыратылған. Қуат сымы ажыратылған. Монитор өшірулі. Алдыңғы жақтаудағы Қуат түймешігін басыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Егер Қуат түймешігін басу мəселені шешпесе, Қуат түймешігінің құлыптау функциясын өшіру үшін Қуат түймешігін 10 секунд басып тұрыңыз. ENWW Бейне кабелі қате жалғанған.
hp.com сайтынан анықтама алу Тұтынушыларға қолдау көрсету қызметіне хабарласудан бұрын келесі мекенжай бойынша HP техникалық қолдау көрсету қызметін қарап шығыңыз. http://www.hp.com/support Мемлекет/аймағыңызды таңдап, мониторыңыз үшін қолдау көрсету бетіне апаратын сілтемелер бойынша өтіңіз. Техникалық қолдау қызметіне қоңырау шалуға дайындалу Бұл бөлімдегі ақаулықтарды шешу кеңестерін пайдаланып мəселені шеше алмасаңыз, техникалық қолдау қызметіне хабарласуға болады.
B. Техникалық сипаттамалар Барлық сипаттамалар HP компаниясының құрамдас өндірушісі тарапынан ұсынылған əдеттегі сипаттамаларды білдіреді; нақты өнімділік не жоғары, не төмен болып өзгеруі мүмкін.
19,5 дюйм/49,4 см үлгілер Сипаттамалар: ENWW Дисплей түрі: TFT СКД белсенді матрицасы Көрінетін кескін өлшемі 49,4 см (19,5 дюйм) диагоналі Еңкею -3,5° (+/-1,5)~+21,5° (+/-1,5) Максималды салмағы (қаптамасы алынбаған күйде) 2,49 кг (5,49 фунт) / 2,5 кг (5,51 фунт) Өлшемдер (е x б x д) 45,07 см x 40,3 см x 19,0 см 17,74 x 15,87 x 0,75 дюйм Максималды кескін ажыратымдылығы 1440 x 900 @ 60 Гц Оңтайлы кескін ажыратымдылығы 1440 x 900 @ 60 Гц Мəтіндік режим 720 x 400 Экран нүктесінің өлшемі 0,
20,7 дюйм/52,6 см жəне 21,5 дюйм/54,6 см үлгілер Сипаттамалар: Дисплей түрі: TFT СКД белсенді матрицасы Көрінетін кескін өлшемі 52,6 см (20,7 дюйм) диагоналі 54,6 см (21,5 дюйм) диагоналі Еңкею -3,5° (+/-1,5)~+13,5° (+/-1,5) Максималды салмағы (қаптамасы алынбаған күйде) 20,7 дюйм: 2,99 кг (6,59 фунт) 21,5 дюйм: 3,59 кг (7,92 фунт) Өлшемдер (е x б x д) 20,7 дюйм/52,6 см: 48,94 см x 37,25 см x 22,34 см 19,26 x14,67 x 8,8 дюйм 21,5 дюйм/54,6 см: 50,76 см x 38,25 см x 22,34 см 19,98 x 15,06 x 8,8 дюйм
Алдын ала орнатылған бейне режимдері Монитор экранда тиісті өлшемге келтірілген жəне ортаға сəйкестендірілген автоматты түрде көптеген бейне кіріс режимдерін таниды.
20,7 дюйм/52,6 см үлгілер Элемент Алдын ала орнатылған ажыратымдылық Көлденең жиілік (кГц) Тік жиілік (Гц) 1 640 x 480 31,47 59,94 2 720 x 400 31,47 70,09 3 800 x 600 37,88 60,32 4 1024 x 768 48,36 60,00 5 1280 x 720 45,00 60,00 6 1280 x 800 49,70 59,81 7 1280 x 1024 63,98 60,02 8 1440 x 900 55,93 59,88 9 1600 x 900 60,00 60,00 10 1680 x 1050 65,30 59,95 11 1920 x 1080 67,50 60,00 Элемент Алдын ала орнатылған ажыратымдылық Көлденең жиілік (кГц) Тік жиілік (Г
СКД мониторының сапасы жəне пиксель саясаты СКД мониторыңызда ақаусыз өнімділікті қамтамасыз ету үшін, жоғары стандарттарға сай, дəлдігі жоғары технология қолданылған. Дегенмен, дисплейдің шағын жарқын немесе күңгірт нүктелері ретінде пайда болатын сыртқы кемістігі болуы мүмкін. Бұл барлық жеткізушілер тарапынан ұсынылатын барлық СКД дисплейлерінде болатын жағдай жəне сіздің СКД мониторыңызда да туындауы мүмкін.