Жабдықтың анықтамалық нұсқаулығы HP ProDesk 400 G3 MT бизнес компьютері
© Copyright 2015 HP Development Company, L.P. Microsoft жəне Windows – АҚШ жəне/немесе басқа елдердегі Microsoft корпорациясының тіркелген сауда белгілері сауда белгілері. Осы жердегі мəліметтер ескертусіз өзгертілуі мүмкін. HP өнімдері мен қызметтеріне арналған жалғыз кепілдік – осындай өнімдермен жəне қызметтермен бірге берілетін тікелей кепілдіктер. Осы құжаттағы басқа еш нəрсе кепілдік деп қаралмайды.
Осы кітап туралы Бұл нұсқаулық HP ProDesk Business ДК жаңарту үшін қажет негізгі ақпаратпен қамтамасыз етеді. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Осылай жіберілген мəтін нұсқауларды орындамаудың дене жарақатына немесе өлімге себеп болатынын көрсетеді. ЕСКЕРТУ: Осылай жіберілген мəтін нұсқауларды орындамаудың құрылғы зақымдануына немесе ақпараттың жоғалуына себеп болатынын көрсетеді. ЕСКЕРТПЕ: Осылай жіберілген мəтін маңызды қосымша ақпарат береді.
iv Осы кітап туралы
Maзмұны 1 Өнім мүмкіндіктері ..................................................................................................................................... 1 Стандартты конфигурациялау мүмкіндіктері .................................................................................................... 1 Алдыңғы тақта құрамдас бөлшектері ................................................................................................................. 1 Артқы тақта құрамдас бөлшектері .....................
қосымшасы ə Электр статикалық разряд ..................................................................................................... 34 Электр статикалық разрядты болдырмау ......................................................................................................... 34 Жерге қосу əдістері ............................................................................................................................................
1 Өнім мүмкіндіктері Стандартты конфигурациялау мүмкіндіктері Мүмкіндіктер үлгіге байланысты əр түрлі болуы мүмкін. Компьютеріңіздің үлгісінде орнатылған құрал жəне бағдарламалық құрал туралы көбірек білу үшін жəне қолдау көмекшісін ашу үшін HP Support Assistant қызметтік бағдарламасын іске қосыңыз. Алдыңғы тақта құрамдас бөлшектері Драйв конфигурациясы үлгіге қарай əр түрлі болады. Кейбір үлгілерде бір немесе бірнеше драйв саңылауын жабатын қақпақша болады.
1 Жұқа оптикалық диск (қосымша) 5 Оптикалық драйвтың жұмыс шамы 2 Қос күйлі қосу түймесі 6 USB 3.0 порттары (көк) 3 Микрофон жалғағыш 7 Құлаққап қосқышы 4 SD картасын оқу құралы (қосымша) ЕСКЕРТПЕ: Қосылып тұрғанда қосу түймесінің шамы ақ болып жанады. Қызыл болып жыпылықтаса, компьютерде ақаулық бар жəне диагностика кодын көрсетіп тұр дегенді білдіреді. Кодты тексеру үшін сақтау жəне қызмет көрсету нұсқаулығын қараңыз.
Сериялық нөмір орны Əрбір компьютерде компьютердің сыртында орналасқан сериялық нөмір жəне өнімнің жеке анықтағыш нөмірі бар. Тұтынушыларға қолдау көрсету орталығынан көмек алу үшін қоңырау шалған кезде, осы нөмірді дайындап отырыңыз.
2 Құрылғы жаңартулары Қызмет көрсету функциялары Бұл компьютердің жаңартуды жəне қызмет көрсетуды жеңілдететін функциялары бар. Torx T15 немесе жалпақ ұшты бұрауыш осы тарауда сипатталған көптеген орнату процедуралары үшін қажет. Ескертулер мен сақтандырулар Жаңартуларды орындау үшін алдымен осы нұсқаулықта берілген барлық қолданыс нұсқауларын, сақтандыруларды жəне ескертулерді оқып шығыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса, жүйе тақтасында əрқашан тоқ болады. Компьютердің ішкі бөлшектерінің бүлінуінің алдын алу үшін қуат сымын ажыратып қою керек. 5. Компьютердің артындағы басы бұдыр бұранданы босатып (1), одан кейін панельді артқа сырғытыңыз (2) жəне оны компьютерден көтеріп алыңыз (3).
Компьютердің алынбалы панелін ауыстыру Тақтаны компьютерге орналастырып (1), оны алға жылжытыңыз да (2), тақтаны орнына бекіту үшін бұранданы қатайтыңыз (3). Алдыңғы жапқышын алу 1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен шығарыңыз. 2. Компьютерден барлық алынатын шағын диск немесе USB флэш драйвтерін алып тастаңыз. 3. Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап қосыңыз, одан кейін барлық сыртқы құралдарды өшіріңіз. 4.
6. Жапқыштың (1) бүйіріндегі тартқышты көтеріп, шассидің (2) жапқышын айналдырыңыз. Оптикалық драйв қақпағын алу Кейбір үлгілерде жіңішке драйв саңылауының жапқышы болады. Оптикалық драйвты орнатарда жапқышты алыңыз. Жапқышты алу үшін: 1. Компьютердің алынбалы панелі мен алдыңғы жапқышын алыңыз. 2. Бітеуіш жапқышты алу үшін төменгі құлақшаны жоғары қарай басып, жапқыштың (1) бүйіріндегі жоғарғы құлақшаны төмен қарай басыңыз, сосын жапқышты бітеуіштің (2) алдыңғы жағынан бұрап шығарыңыз.
Жүйе тақтасының жалғаулары Үлгіңізге арналған жүйе тақтасын анықтау үшін келесі суреттер мен кестелерді қараңыз.
№ Жүйе тақтасының қосқышы Жүйе тақтасының белгісі Түсі Құрамдас бөлшегі 7 Батарея BAT қара Батарея 8 SATA 3.0 SATA1 ашық көк Бастапқы қатты дисктен басқа кез келген SATA құрылғысы 9 SATA 3.0 SATA2 ашық көк Бастапқы қатты дисктен басқа кез келген SATA құрылғысы 10 SATA 3.0 SATA0 қою көк Бастапқы аппараттық құрал Қосымша жад орнату Компьютер 4 синхронды динамикалық ерікті жетімділік жады (DDR4-SDRAM) орнатылған жад модульдерімен (DIMM құралдар) жабдықталған.
ЕСКЕРТПЕ: Жалғыз арна жəне теңгерілмеген қос арна жадының конфигурациялары график жұмысын нашарлатады. ● Егер DIMM ұяшықтары жалғыз арнада орналасса, жүйе жалғыз арналы режимде жұмыс істейді. ● Егер А арнасындағы DIMM жадының толық сыйымдылығы В арнасындағы DIMM жадының толық сыйымдылығына тең болса, жүйе қос арналы жоғары орындау режимінде жұмыс істейді. ● Егер А арнасындағы DIMM жадының толық сыйымдылығы В арнасындағы DIMM жадының толық сыйымдылығына тең болмаса, жүйе икемді режимінде жұмыс істейді.
6. Жад модулінің ұяшығының қос ысырмасын (1) ашыңыз да, жад модулін ұяшыққа (2) салыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Жад модулін тек бір жолмен орнатуға болады. Модульдің кертпелерін жад ұяшығының ілгегіне дəлдеңіз. Жоғары орындаулар үшін, ұяшықтарды А арнасы мен В арнасының жад сыйымдылығы тең болатындай толтырыңыз. Толығырақ ақпарат үшін DIMM ұяшықтарын толтыру (9-бет) бетті қараңыз. 7. Модуль толығымен енгізілгенін жəне дұрыс орнатылғанын тексеру арқылы модульді ұяшықтың ішіне төмен қарай басыңыз.
4. Қуат сымын розеткадан ажыратыңыз жəне барлық сыртқы құралдарды ажыратыңыз. ЕСКЕРТУ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса, жүйе тақтасында əрқашан тоқ болады. Компьютердің ішкі бөлшектерінің бүлінуінің алдын алу үшін қуат сымын ажыратып қою керек. 5. Компьютердің алынбалы панелін алыңыз. 6. Кеңейту тақтасының сақтау ысырмасын төмен басып тұратын бұранданы алып тастаңыз (1) жəне ысырманы бекітіп (2), шассидің артынан тартып шығарыңыз (3). 7.
ə. PCI Express x1 кəртішкесін алып тастап жатқан болсаңыз, кəртішкені əрбір ұшынан ұстап, ақырын кері шайқаңыз да, қосқыштар ұядан босағанша күшпен тартыңыз. Кеңейту картасын корпустың (2) ішкі жағынан шығарып алу үшін жоғары қарай тіке (1) көтеріңіз. Картаны басқа бөлшектеріне соғып алмаңыз.
б. 9. Егер PCI Express x16 картасын алу қажет болса, кеңейту ұяшығының артындағы ұстағышын картадан тартып алыңыз да, картаны ұяшықтан шыққанша абайлап артқа жəне алға қозғаңыз. Кеңейту картасын корпустың ішкі жағынан шығарып алу үшін жоғары қарай тіке көтеріңіз. Картаны басқа бөлшектеріне соғып алмаңыз. Алынған картаны антистатик материалмен ораңыз. 10. Егер жаңа кеңейту картасын салу қажет болмаса, ашық ұяшықты жабу үшін, ұяшықтың қақпағын орнатыңыз.
11. Жаңа кеңейту картасын орнату үшін жүйе тақтасының кеңейту ұяшығының үстіне тақап ұстап тұрыңыз да, картаның тетікшелері шассидің артындағы саңылауға дəл келетіндей етіп шассидің артына (1) қарай картаны жылжытыңыз. Картаны жүйе тақтасындағы кеңейту ұяшығына (2) төмен қарай тура басыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Кеңейту картасын орнатқанда жалғағыш толығымен кеңейту ұяшығында дұрыс орналасатындай етіп картаны қаттырақ басыңыз. 12.
16. Алынбалы панелін алғанда істен шығарылған қауіпсіздік құралдарын бекітіңіз. 17. Қажет болса, компьютер конфигурациясын қайта орындаңыз. Диск орындары 1 9,5 мм жіңішке оптикалық диск бөлімі 2 3,5-дюймдік ішкі қатты драйв саңылауы 3 2,5 дюймдік ішкі қатты диск саңылауы 4 3,5-дюймдік ішкі қатты драйв саңылауы ЕСКЕРТПЕ: Компьютеріңіздегі драйв конфигурациясы жоғарыда көрсетілген драйв конфигурациясынан бөлек болуы мүмкін.
● HP шассидің алдында, адыңғы панельдің астында қосымша төрт 6-32 бекітетін бұранда жабдықтаған (1). Бекіту бұрандалары қатты драйв ұясына орнатылатын 3,5 жəне 2,5 дюймдік қатты дискілері үшін қажет. Дискіні алған кезде ескі дискінің бекіту бұрандаларын алып, жаңа дискіге бекітіңіз. ЕСКЕРТУ: Жұмысты жоғалтып алудың жəне компьютер немесе драйвтың бүлінуін болдырмау үшін: Егер драйвты салсаңыз немесе алсаңыз, жұмыс жүйесін дұрыстап өшіріңіз, компьютерді өшіріңіз жəне қуат сымын ажыратыңыз.
6. Оптикалық драйвтың артынан қуат сымын (1) жəне дерек кабелін (2) ажыратыңыз. ЕСКЕРТУ: Кабельдерді алатын кезде, кабельдің зақым алуын болдырмау үшін кабель орнына тартқыш немесе қосқышты алыңыз. 7. Жетектің ұясының (1) артқы жағындағы жасыл босату ысырмасын басып, жетекті жетек ұясынан (2) сырғытып шығарыңыз. 9,5 мм жіңішке оптикалық дискіні орнату 18 1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен шығарыңыз. 2.
ЕСКЕРТУ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса, жүйе тақтасында əрқашан тоқ болады. Компьютердің ішкі бөлшектерінің бүлінуінің алдын алу үшін қуат сымын ажыратып қою керек. 5. Компьютердің алынбалы панелін алыңыз. 6. Жіңішке оптикалық жетекті жапқышы бар ұяшыққа орналастырсаңыз, алдыңғы панелін алып, одан кейін ұяшықтың қақпағын алыңыз. Қосымша ақпаратты Оптикалық драйв қақпағын алу (7-бет) бөлімінен қараңыз. 7.
10. Оптикалық дискінің артынан қуат сымын (1) жəне дерек кабелін (2) қосыңыз. 11. Егер жаңа драйв орнатсаңыз, дерек кабелінің қарама қарсы ұшын жүйе тақтасындағы ашық-көк SATA қосқыштарына (SATA1 жəне SATA2 деп белгіленген) жалғаңыз. 12. Алдыңғы бітеуіш жапқыш алынған болса, орнына салыңыз. 13. Компьютердің алынбалы панелін ауыстырыңыз. 14. Қуат сымын жəне сыртқы құралдарды қайта жалғап, компьютерді қосыңыз. 15. Алынбалы панелін алғанда істен шығарылған қауіпсіздік құралдарын бекітіңіз.
6. Қатты дисктің артынан деректер кабелін (1) жəне қуат кабелін (2) ажыратып, төрт 6-32 бекіту бұрандасын (3) шығарып алыңыз жəне жетекті ұясынан (4) сырғытып шығарыңыз. 3,5 дюймдік қатты дискіні орнату 1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен шығарыңыз. 2. Компьютерден барлық алынатын шағын диск немесе USB флэш драйвтерін алып тастаңыз. 3. Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап қосыңыз, одан кейін барлық сыртқы құралдарды өшіріңіз. 4.
6. Жетекті жетек ұясына (1) сырғытып енгізіңіз жəне жетекті орнына бекіту үшін төрт 6-32 бекіту бұрандасын (2) орнатыңыз. Дерек кабелін (3) жəне қуат кабелін (4) қатты жетектің артына жалғаңыз. ЕСКЕРТПЕ: HP шассидің алдында, адыңғы панельдің астында төрт қосымша 6-32 метрикалық бекітетін бұранда жабдықтаған. Драйвтарды орнату жəне алу (16-бет) бөліміндегі қосымша бекіту бұрандалары орнының суретін қараңыз. Қатты дискіні ауыстырғанда ескі дискінің төрт 6-32 бекітетін бұрандасын жаңа дискіге салыңыз. 7.
5. Компьютердің алынбалы панелін алыңыз. 6. Қатты дисктің артынан деректер кабелін (1) жəне қуат кабелін (2) ажыратып, төрт 6-32 бекіту бұрандасын (3) шығарып алыңыз жəне жетекті ұясынан (4) сырғытып шығарыңыз. 2,5 дюймдік қатты дискіні орнату 1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен шығарыңыз. 2. Компьютерден барлық алынатын шағын диск немесе USB флэш драйвтерін алып тастаңыз. 3.
6. Жетекті жетек ұясына (1) сырғытып енгізіңіз жəне жетекті орнына бекіту үшін төрт 6-32 бекіту бұрандасын (2) орнатыңыз. Дерек кабелін (3) жəне қуат кабелін (4) қатты жетектің артына жалғаңыз. ЕСКЕРТПЕ: HP шассидің алдында, адыңғы панельдің астында төрт қосымша 6-32 метрикалық бекітетін бұранда жабдықтаған. Драйвтарды орнату жəне алу (16-бет) бөліміндегі қосымша бекіту бұрандалары орнының суретін қараңыз. Қатты дискіні ауыстырғанда ескі дискінің төрт 6-32 бекітетін бұрандасын жаңа дискіге салыңыз. 7.
Кабель бекітпесі Ілмелі құлып HP бизнес ДК қауіпсіздік құлпы V2 1. Қауіпсіздік кабелі ысырмасын қоршаған ортаңыз (бұрандалар берілмеген) (1) үшін тиісті бұрандаларды пайдалану арқылы жұмыс үстеліне тіркеңіз жəне кабель ысырмасының (2) негізіндегі қақпақты бекітіңіз.
2. 26 Қауіпсіздік кабелімен стационал нысанды айналдыра ораңыз.
3. Қауіпсіздік кабелін қауіпсіздік кабелінің ысырмасы арқылы сырғытыңыз. 4. Монитор құлпының екі қайшы тұтқасын тартып, құлыпты монитордың (1) артқы жағындағы қауіпсіздік ұясына салып, құлыпты орнына (2) бекіту үшін қайшы тұтқаларын бірге жауып, кабель бағыттағышын монитор құлпынің (3) ортасы арқылы сырғытыңыз.
28 5. Қауіпсіздік кабелін мониторда орнатылған қауіпсіздік бағыттауышы арқылы сырғытыңыз. 6. Аксессуар кабелі ысырмасын қоршаған ортаңыз (бұранда берілмеген) (1) үшін тиісті бұранданы пайдалану арқылы жұмыс үстеліне тіркеңіз жəне ысырманың (2) негізіндегі аксессуар кабельдерін орналастырыңыз.
7. Қауіпсіздік кабелін аксессуар кабелінің ысырмасындағы саңылаулар арқылы сырғытыңыз. 8. Шассидің артындағы басы бұдыр бұранданы шығарып алып, берілген бұрандамен (1) бұранда саңылауындағы шассиге құлыпты бұрап бекітіңіз. Қауіпсіздік кабелінің шетін құлыпқа (2) енгізіңіз жəне құлыпты жабу үшін түймені (3) итеріңіз. Құлыпты ашу үшін берілген кілтті қолданыңыз.
9. 30 Барлық қадамдарды аяқтаған кезіңізде, жұмыс бекетіңіздегі барлық құрылғыларыңыз қауіпсіздендіріледі.
а Батарея ауыстыру Компьютерде орнатылған батареялар ағымдағы уақыт бойынша өріс береді. Батареяны ауыстырғанда компьютерде орнатылған бастапқы батареямен бірдей батарея қолданыңыз. Компьютердегі батарея 3вольттық тиын ұялы литий батареясы. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Компьютердің құрамында ішкі литий мырыш қос тотықты батареясы бар. Батареяларды дұрыс пайдаланбаса, өрт жəне күйік алу қаупі бар. Жарақат алу қаупін азайту үшін: Батареяны қайта зарядтауға тырыспаңыз. 60°C (140°F) жоғарырақ температурада сақтамаңыз.
а. Батареяны ұяшығынан көтеріп алыңыз. ə. Ауыстыратын батареяны жағымды жағын жоғары қаратып салыңыз. Батарея ұяшығы автоматты түрде батареяны дұрыс орына орналастырады. 2-түрі а. Батареяны ұяшығынан босату үшін батареяның шетінің үстінде тұрған қысқышты қысыңыз. Батарея шыққанда, көтеріп алып шығыңыз (1). ə. Жаңа батарея салу үшін ауыстыратын батареяның бір жақ шетін жағымды жағын жоғары қаратып, ұяшықтың шетінен сырғытып салыңыз.
ə. Жаңа батареяны салып, орына түсіріп орналастырыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Батареяны ауыстырған соң, бұл жұмысты аяқтау үшін келесі қадамдарды орындаңыз. 8. Компьютердің алынбалы панелін ауыстырыңыз. 9. Қуат сымын жəне сыртқы құралдарды қайта жалғап, компьютерді қосыңыз. 10. Мерзімі мен уақытын, паспорттарын, барлық ерекше жүйе параметрлерін компьютерді орнату қызметін пайдаланып, қайта бейімдеңіз. 11. Алынбалы панелін алғанда істен шығарылған қауіпсіздік құралдарын бекітіңіз.
ə Электр статикалық разряд Саусақтан немесе басқа өткізгіштен келген статикалық тоқ жүйе тақтасына немесе басқа статикалық тоққа сезімтал құралдарға зақым келтіруі мүмкін. Мұндай зақым құралдың қызметін азайтуы мүмкін. Электр статикалық разрядты болдырмау Электростатикалық тоқ зақымының алдын алу үшін, мына сақтандыруларды орындаңыз: ● Өнімдерді статиктен ада жерде сақтау жəне тасымалдау арқылы қол тигізудің алдын алыңыз.
б Компьютер жұмысы туралы нұсқаулық, күнделікті қызмет көрсету жəне жіберу дайындықтары Компьютер жұмысы туралы нұсқаулық жəне күнделікті қызмет көрсету Компьютер жəне мониторды дұрыс орнату жəне күту үшін мына нұсқаулықтарды орындаңыз: ● Компьютерді шамадан тыс ылғалдан, күннің көзі тікелей түсетін жəне өте салқын немесе ыстық жерден аулақ ұстаңыз. ● Компьютерді тұрақты, жазық жерде қолданыңыз.
Жұмыс істеу ● Жұмыс кезінде драйвты қозғамаңыз. Нəтижесінде оның оқу мүмкіндігі бүлінуі мүмкін. ● Драйвты күтпеген температуралық өзгерістерден сақтаңыз, əйтпесе құрылғы ішінде ылғалдық пайда болуы мүмкін. Драйв қосылып тұрғанда температура өзгерсе, өшіргенге дейін кем дегенде бір сағат күтіңіз. Егер құрылғыны бірден қолдансаңыз, оқу барысында ақаулық пайда болуы мүмкін.
в Қосылу мүмкіндігі HP əзірлейтін, өндіретін жəне сататын өнімдер мен қызметтердің жеке өздерін немесе көмекші құралдармен бірге барлық адамдар, соның ішінде физикалық қабілеттері шектеулі адамдар да қолдана алады. Қолдауы бар көмекші технологиялар HP өнімдері əр алуан амалдық жүйелерге көмекші технологияларды қолдайды жəне көмекші технологиялармен бірге жұмыс істеуге конфигурациялауға болады. Көмекші фукциялар туралы қосымша ақпарат табу үшін құрылғының іздеу мүмкіндігін қолданыңыз.
Индекс Таңбалар/Сандар 2,5 дюймдік қатты драйвты алу 22 орнату 23 3,5 дюймдік қатты драйвты орнату 21 А алдыңғы жапқышы алып тастау 6 ауыстыру 7 алдыңғы қақпағы бос күйінде алу 7 алдыңғы тақта құрамдас бөлшектері 1 алу алдыңғы жапқышы 6 кеңейту картасы 11 компьютерге кіру тақтасы 4 алынбалы панель алып тастау 4 ауыстыру 6 артқы тақта құрамдас бөлшектері 2 Б батарея ауыстыру батареяны алу 31 орнату 31 31 Д дискілер орны 16 драйв кабельдерін орнату 16 драйвтар кабель байланыстары 16 орнату 16 Ж жад орнату 9