Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2015 Hewlett-Packard Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады және оны HewlettPackard компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Intel және Centrino – Intel корпорациясының АҚШ-тағы және басқа елдердегі сауда белгілері. AMD Advanced Micro Devices корпорациясының сауда белгісі. SD логосы - осы меншік иесінің сауда белгісі. Java – Sun Microsystems, Inc корпорациясының АҚШ-тағы сауда белгісі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Maзмұны 1 Қош келдіңіз ................................................................................................................................................... 1 Ақпаратты табу .................................................................................................................................... 2 2 Компьютермен танысу .................................................................................................................................. 4 Жақтағы планшет бөліктері ........
Сымсыз қондырманы (WiDock) пайдалану ..................................................................... 25 Сымды желіге қосылу ....................................................................................................................... 25 Жергілікті желіге (LAN) қосылу ...................................................................................... 25 4 Пернетақта, сенсорлы тақтаның қимылдары және меңзегіш құрылғылар арқылы шарлау ........... 27 Меңзегіш құрылғыларды пайдалану ..........
6 Қуатты басқару ............................................................................................................................................ 39 Компьютерді өшіру ........................................................................................................................... 39 Қуат параметрлерін орнату .............................................................................................................. 39 Қуатты үнемдеу күйлерін пайдалану ................................
Құпия сөздерді пайдалану ............................................................................................................... 54 Windows амалдық жүйесінде құпия сөздер орнату ....................................................... 54 Computer Setup қызметінде құпия сөздер орнату ......................................................... 55 BIOS әкімші құпия сөзін басқару ..................................................................................... 55 BIOS әкімші құпия сөзін енгізу ........
11 Computer Setup (BIOS), MultiBoot және HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) ......................................... 74 Computer Setup пайдалану ............................................................................................................... 74 Computer Setup қызметін бастау ..................................................................................... 74 Computer Setup қызметінде шарлау және таңдау ..........................................................
қосымшасы б Электростатикалық разряд .................................................................................................. 90 Индекс ...............................................................................................................................................................
1 Қош келдіңіз Компьютерді орнатқан және тіркеген соң, зерделі қаржыландырудың ең көбін алу үшін келесі қадамдарды орындауды ұсынамыз: ● Интернетке қосылу — Интернетке қосылу үшін, сымды және сымсыз желіні реттеңіз. Қосымша ақпаратты Желіге қосылу (18-бет) бөлімінен қараңыз. ● Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды жаңарту — вирустардан болатын зақымнан компьютерді қорғаңыз. Бағдарламалық құрал компьютерде алдын ала орнатылып келеді.
Ақпаратты табу Компьютерді іске қосып, осы нұсқаулықты табу үшін, Параметрлерді орнату нұсқаулары бөлімін пайдаланыңыз. Толық өнім ақпаратын, орындау әрекеттерін және қосымша ақпаратты қамтамасыз ететін ресурстарды табу үшін, мына кестені қараңыз.
Құралдар Берілетін ақпарат – немесе – http://www.hp.com/go/orderdocuments веб-торабына өтіңіз. *Құрылғыға қолданылатын арнайы ұсынылған НР Шектеулі кепілдігін компьютердегі және/немесе қорапта қамтамасыз етілген ықшам дискіде немесе DVD дискісіндегі пайдаланушы нұсқаулықтарында табуға болады. Кейбір елдерде/аймақтарда НР компаниясы басылған НР шектеулі кепілдігін қорапта ұсынады. Кепілдік басылған пішінде ұсынылмаған елдерде/аймақтарда оның басылған көшірмесін http://www.hp.
2 4 Компьютермен танысу 2-тарау Компьютермен танысу
Жақтағы планшет бөліктері Бөлік Сипаттама (1) Iшкі микрофон Дыбыс жазады. (2) Желдеткіштер Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қамтамасыз етеді. ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін және қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы – қалыпты жағдай. (3) Веб-камера (артқы жағы) Бейнені жазады және фотосуретке түсіреді.
Бөлік Сипаттама (9) Қондыру/адаптер порты Планшетті пернетақтаға немесе қосымша қондырмаға жалғайды. (10) Аудио шығыс (құлақаспап)/Аудио кіріс (микрофон) ұясы Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар, гарнитура немесе теледидар дыбыс кабелі қосылады. Сонымен қатар, қосымша гарнитура микрофонын қосады. Бұл ұя қосымша тек микрофон құрылғыларын қолдамайды.
Бөлік Сипаттама Компьютер жауап беруді тоқтатса және Windows® жүйесінің өшіру процедуралары тиімсіз болса, компьютерді өшіру үшін, қуат түймешігін басып, кем дегенде 15 секунд ұстап тұрыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Таңдаулы үлгілерде, зауыттан Intel® Rapid Start Technology (Жылдам қосу технологиясы) мүмкіндігі қосылады. RST мүмкіндігі әрекетсіз тұрған компьютерді бірден іске қосуға мүмкіндік береді. Қосымша ақпаратты Қуатты үнемдеу күйлерін пайдалану (39-бет) бөлімінен қараңыз.
Бөлік Сипаттама (2) WWAN антенналары (2)* Сымсыз ғаламдық желімен (WWAN) байланыс жасау мақсатында сымсыз сигналдарды жібереді және қабылдайды. (3) Веб-камера шамы Қосулы: веб-камера қолданылуда. (4) Веб-камера Бейнені жазады және суреттерге түсіреді. Кейбір модельдерде бейне ағыны мүмкіндігімен бейнеконференция мен желіде чат сеанстарын ұйымдастыруға мүмкіндік беріледі.
пернетақта Жоғарғы жағы Бөлік Сипаттама (1) Туралағыш өзектер (2) Планшетті пернетақтаға дәлдеп, бекітеді. (2) Жалғау ұясы Планшетті пернетақтаға жалғайды. ЕСКЕРТУ: Жалғау ұясы зақымының алдын алу үшін планшет пернетақтадан ажыратылған кезде қосқышты ұстамаңыз. (3) Босату ысырмасы Планшетті пернетақтадан шығарыңыз. Планшетті босату үшін ысырманы басыңыз.
Сенсорлы тақта Бөлік (1) Сипаттама Сенсорлы тақта аймағы Меңзерді жылжытады және экрандағы элементтерді таңдайды немесе іске қосады. ЕСКЕРТПЕ: Сенсорлы тақта жиектен жүргізу қимылдарын да қолдайды. Қосымша ақпарат алу үшін, 34 беттегі «Саусақты жиектен жылжыту» бөлімін қараңыз (тек таңдаулы үлгілерде). 10 (2) Сол жақ сенсорлы тақта түймешігі Сыртқы тінтуірдің сол жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді. (3) Оң жақ сенсорлы тақта түймесі Сыртқы тінтуірдің оң жақ түймесі сияқты жұмыс істейді.
Шамдар Бөлік Сипаттама (1) Caps lock шамы Қосулы: пернелердің барлығын бас әріп ететін «Caps lock» пернесі басылған. (2) Сенсорлы тақта шамы ● Қосулы: сенсорлы тақта өшірулі. ● Өшірулі: сенсорлы тақта қосулы. ● Сары: компьютер дыбысы өшірулі. ● Өшірулі: компьютер дыбысы қосулы. ● Сары: микрофон дыбысы өшірулі. ● Өшірулі: микрофон дыбысы қосулы.
Пернелер Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) Функциялық пернелер fn пернесімен бірге басылған кезде, жиі қолданылатын жүйе функцияларын орындайды. ЕСКЕРТПЕ: Функциялық пернелер планшеттің экрандық пернетақтасында көрсетілмейді және жұмыс істемейді. (3) num lock пернесі fn пернесімен бірге басылғанда, орнатылған сандар пернетақтасын қосады және сөндіреді.
Оң жағы Бөлік Сипаттама (1) Iшкі микрофон Дыбысты жазады. (2) Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ЕСКЕРТУ: Қуат түймешігін басып тұрғанда сақталмаған ақпараттар жойылады.
Бөлік Сипаттама Картаның белгісі бар жағын жоғары, ал қосқыштарын ұяға қаратып ұстаңыз, да картаны ұясына енгізіп, нық отырғанша үстінен басыңыз. Картаны алып тастау үшін: Картаны шыққанша басыңыз. (4) SIM картасының ұясы (тек таңдаулы үлгілерде) SIM картасына арналған ұяшық. ЕСКЕРТПЕ: болады. Бұл функция тек таңдаулы үлгілерде ғана (5) Sim/SD картасын ашу Sim/SD карталары ұясының есігін ашу үшін қолданылатын тесік. (6) USB 3.
Сол жағы Бөлік (1) Сипаттама Дыбыс деңгейін реттеу түймешігі Планшетте үндеткіштің дыбыс деңгейін басқарады. ● Дыбыс деңгейін жоғарылату үшін «+» белгісі бар түймешік жағын басыңыз. ● Дыбыс деңгейін төмендету үшін «–» белгісі бар түймешік жағын басыңыз. (2) СКД бұруды құлыптау түймешігі Дисплейдің бағытының автоматты түрде өзгеруін бекітеді. (3) Қондыру/адаптер порты Планшетті пернетақтаға немесе қосымша қондырмаға жалғайды. (4) USB 3.
Бөлік Сипаттама ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы кабелінің аудио шығыс (құлақаспап) және аудио кіріс (микрофон) ұяларының екеуіне сәйкес келетін 4 сымды қосқышы бар екеніне көз жеткізіңіз. (6) Смарт карта оқу құралы Қосымша смарт-карталарға қолдау көрсетеді. Планшетті пернетақтадан босату Планшетті пернетақтадан босату үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз: ЕСКЕРТУ: Жалғау ұясы зақымының алдын алу үшін планшет пернетақтадан ажыратылған кезде қосқышты ұстамаңыз. 1. Пернетақтада орналасқан босату ысырмасын басыңыз (1).
1. Планшет көрінісін альбомдық бағдардан портреттік бағдарға өзгерту үшін: Планшетті тігінен ұстап, оны 90 градусқа оң жаққа (сағат тілімен бағыттас) бұрыңыз. 2. Планшет көрінісін портреттік бағдардан альбомдық бағдарға өзгерту үшін: Планшетті тігінен ұстап, оны 90 градусқа сол жаққа (сағат тіліне қарсы бағытпен) бұрыңыз.
3 Желіге қосылу Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған вебтораптардың ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат әлеммен байланысуға көмектеседі. Сымсыз желіге қосылу Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
HP Connection Manager пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) HP Connection Manager құралы сымсыз байланыс құрылғыларын басқарудың орталығын, HP мобильді байланыстың кең жолақты желісі арқылы Интернетке жалғанудың интерфейсін, сондай-ақ SMS (мәтінді) хабарлар жіберудің интерфейсін қамтамасыз етеді.
Қосымша ақпарат алу мақсатымен Анықтама және қолдау орталығына кіру үшін, Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама және қолдау) пәрмендерін таңдаңыз. WLAN құрылғысын қолдану WLAN құрылғысымен сымсыз жол жоспарлағыш немесе сымсыз кіру нүктесі арқылы байланыстырылған басқа компьютерлерден және қосалқы құралдардан құрылған сымсыз жергілікті желіге (WLAN) кіруге болады. ЕСКЕРТПЕ: Сымсыз жол жоспарлағышы және сымсыз кіру нүктесі жиі өзара ауыстырылатын күйде қолданылады.
WLAN желісін орнату WLAN құрылғысын орнату және Интернетке қосылу үшін, төмендегі жабдық қажет: ● Кең жолақты модем (DSL немесе кабельді) (1) және Интернет провайдерінен сатып алынған жоғары жылдамдықты интернет қызметі ● Сымсыз жол жоспарлағыш (2) (бөлек сатылады) ● Сымсыз компьютер (3) ЕСКЕРТПЕ: Кейбір модемдердің ішіне жол жоспарлағышы орнатылады. Интернет провайдерінен модем түрінің қайсысын пайдаланатындығын сұраңыз.
құралда да, жабдықта да жұмыс істейді. Кейбір желілер екі түрін де біріктіріп пайдаланады. ● Сымсыз шифрлауды қолданыңыз. Сымсыз шифрлау желі арқылы тасымалданатын деректерді шифрлау және шифрын ашу үшін қауіпсіздік параметрлерін қолданады. Қосымша ақпарат алу мақсатымен Анықтама және қолдау орталығына кіру үшін, Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама және қолдау) пәрмендерін таңдаңыз. WLAN желісіне қосылу WLAN желісіне қосылу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1.
Мобильді желі операторы қызметімен бірге пайдаланғанда, НР мобильді кең жолақты модулі жолда немесе Wi-Fi жылдам қосылу нүктесінің қамту аясының сыртында болғанда Интернетке қосылу, электрондық пошта хабарын жіберу немесе корпоративтік желіге қосылу мүмкіндігін береді. НР келесі технологияларға қолдау көрсетеді: ● GSM (Global System for Mobile Communications) телекоммуникация стандартына байланысты желілердің қолданысын қамтамасыз ететін HSPA (High Speed Packet Access) технологиясы.
6. SIM картасын SIM ұясына салып, ол өз орнында тығыз түскенше SIM картасын оның ұясына жайлап басыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің SIM картасының көрінісі осы бөлімдегі суреттегіден сәл өзгешелеу болуы мүмкін. ЕСКЕРТПЕ: SIM картасының компьютерге салынатын бағытын анықтау үшін, батарея орнындағы суретті қараңыз. 7. Sim/MicroSD ұясының қақпағын орнына салыңыз. 8. Сыртқы қуатты қайтадан қосыңыз. 9. Сыртқы құрылғыларды қайтадан қосыңыз. 10. Компьютерді қосыңыз.
● Тінтуір ● Сыртқы пернетақта Bluetooth құрылғысы Bluetooth құрылғыларының дербес желісін орнатуға мүмкіндік беретін тең дәрежелі мүмкіндікті қамтамасыз етеді. Bluetooth құрылғыларының параметрлерін реттеу және оларды пайдалану туралы ақпаратты Bluetooth бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
1. USB-ден-RJ45-ке адаптерін компьютердегі USB портына жалғаңыз, одан кейін желі кабелін адаптердегі желі ұяшығына (1) жалғаңыз. 2. Желілік кабелдің екінші ұшын желінің қабырға ұясына (2) немесе жол жоспарлағышқа жалғаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Желі кабелінің теледидар мен радио кедергілерінен қорғайтын кедергілерді басу схемасы (3) бар болса, кабельдің осы схема орналасқан ұшын компьютерге қарай бағыттаңыз.
4 Пернетақта, сенсорлы тақтаның қимылдары және меңзегіш құрылғылар арқылы шарлау Бұл компьютер пернетақта мен тінтуірге қоса сенсорлы тақтаның қимылдарын (тек таңдаулы үлгілерде) пайдалану арқылы экранда оңай жылжу мүмкіндігін береді. Қимылдар компьютердің сенсорлы тақтасында немесе сенсорлы экранда (тек таңдаулы үлгілерде) орындалады. Кейбір компьютер үлгілерінде жиі жасалатын тапсырмаларды орындауға арналған арнайы әрекет пернелері немесе төте пернелер болады.
Жылжу Жылжу қимылы бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе көлденең жылжу кезінде қажет әрекет. ● Екі саусақты сенсорлы тақта аймағына арасын алшақ қойып, одан кейін оларды жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай жылжытыңыз. 2 саусақ көмегімен қысып масштабтау 2 саусақ көмегімен қысып масштабтау қимылы суреттерді немесе мәтінді үлкейтуге не кішірейтуге мүмкіндік береді. 28 ● Ірілеу үшін, екі саусақты сенсорлы тақтада қысып ұстаңыз, одан кейін саусақтарды жанжаққа жылжытыңыз.
2 саусақпен басу 2 саусақпен басу қимылы экрандық нысан үшін мәзір пәрмендерін таңдауға мүмкіндік береді. ЕСКЕРТПЕ: ● 2 саусақпен басу қимылы тінтуірдің оң жағын басу әрекетімен бірдей. Таңдалған нысан үшін мәзір пәрмендерінің тізімін ашу мақсатымен сенсорлы тақта аймағына екі саусақты қойып басыңыз. Айналдыру (тек таңдаулы үлгілерде) Айналдыру мүмкіндігі фотосурет сияқты элементтерді бұруға мүмкіндік береді. ● Сол сұқ саусақты сенсорлы тақта аймағында тіреңіз.
Сызу мүмкіндігі (тек таңдаулы үлгілерде) Сызу экрандарда жылжытуға немесе құжаттарды жылдам қарап шығуға мүмкіндік береді. ● Үш саусақты сенсорлы тақта аймағына қойып, саусақтарыңызды жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай баяу жылжытыңыз. Графикалық қаламды пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Қаламның қолдануына арналған бағдарламаларда, барлық Microsoft® Office бағдарламаларында және Windows жүйесінің көптеген басқа бағдарламалары мен утилиталарында қаламның көмегімен жазуға болады.
Қаламды ұстау әдісі Қаламды қалыпты қалам немесе қарындашпен жазғандай ұстаңыз. Қаламды сақтау Қолданбағанда қаламды сақтау үшін алдымен ұшын салып, қаламды компьютердегі ұстағышына кіргізіңіз. ЕСКЕРТПЕ: Қаламды қалам ұстағышқа енгізген кезде қаламның шетін қалам ұстағышқа дұрыс қиыстыру керек. Пернетақтаны пайдалану Пернетақта және тінтуір сенсорлы экрандағы қимылдар сияқты теруге және бірдей функцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
ЕСКЕРТПЕ: Еліңізге/аймағыңызға байланысты, пернетақтаның пернелері мен пернетақта функциялары осы бөлімде сипатталғаннан өзгешелеу болуы мүмкін. Пернелер тіркесімдерін пайдалану Пернелер тіркесімі – fn пернесі мен esc пернесінің немесе функционалдық пернелердің біреуінің тіркесімі. Пернелер тіркесімін пайдалану: ▲ fn пернесін аз уақыт басыңыз, одан кейін пернелер тіркесімінің екінші пернесін басып қалыңыз.
▲ Компьютердегі емес, сыртқы пернетақтадағы num lk пернесін басыңыз.
5 Мультимедиа Компьютеріңізде мыналар болуы мүмкін: ● Кірістірілген динамик(тер) ● Кірістірілген динамик(тер) ● Кірістірілген веб камера ● Алдын ала орнатылған мультимедиялық бағдарламалық құрал ● Мультимедия түймешіктері немесе пернелері Медиа белсенділігі пернелерін пайдалану Компьютеріңіздің үлгісіне байланысты, оның мультимедиялық файлдарды ойнату, тоқтату, жылдам алға қарай немесе артқа қарай айналдыратын мынадай медиа әрекеттері пернелері болу мүмкін: ● Медиа түймешіктері ● Медиа жылдам
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспап немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қосымша қауіпсіздік ақпаратын Заңдық, қауіпсіздік және экологиялық ескертпелер нұсқаулығынан қараңыз. Пайдаланушы нұсқаулықтарына қол жеткізу үшін, Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама және қолдау) > Руководства пользователя (Пайдаланушы нұсқаулықтары) тармағын таңдаңыз. ЕСКЕРТПЕ: болады.
Веб-камера Кейбір компьютерлерде кірістірілген веб-камера бар. Алдын ала орнатылған бағдарламалық құралдың көмегімен сурет немесе бейне түсіру үшін веб-камера пайдалана аласыз. Фотосуреттерді немесе жазылған бейне қарап шығуға немесе сақтауға болады. Веб-камера бағдарламалық құралы мынадай мүмкіндіктерді пайдалануға мүмкіндік береді.
2. Кабельдің екінші ұшын сандық дисплейге жалғаңыз. 3. Компьютер экранындағы кескінді 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, fn+f4 пернелер тіркесімін басыңыз: ● ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру. ● Қос: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де көру. ● Кеңейтілген: экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен көру. ● Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру.
1. DP-to-DP кабелімен (бөлек сатып алынады) сыртқы хабты (бөлек сатып алынады) компьютердегі DisplayPort қосыңыз. Концентратордың қуат адаптері айнымалы ток қуатына қосылғанына көз жеткізіңіз. 2. Сыртқы дисплей құрылғыларын хабтағы VGA немесе DisplayPorts порттарына жалғаңыз. 3. Бірнеше дисплей нұсқалары барлық қосылған дисплейлердегі экран кескінін кеңейтетін Duplicate (Қайталау) немесе компьютер экранын барлық қосылған дисплейлерге жаятын Extend (Кеңейту) мәндерін қамтиды.
6 Қуатты басқару ЕСКЕРТПЕ: Компьютерде қуат түймешігі немесе қуат қосқышы болуы мүмкін. Қуат түймешігі термині осы нұсқаулықта қуатты басқару элементтерінің екі түрін білдіреді. Компьютерді өшіру ЕСКЕРТУ: компьютер өшірілген кезде сақталмаған мәліметтер жойылады. Жұмысты аяқтау пәрмені амалдық жүйені қоса барлық ашық бағдарламаларды жауып, дисплей мен компьютерді өшіреді.
ЕСКЕРТУ: Аудио және видео файлдарын ойнатудың мүмкін нашарлауы, аудио немесе бейне ойнату жұмысының жоғалуы немесе ақпараттың жоғалу қаупін азайту үшін, дискіден не сыртқы жад картасынан оқу немесе оған жазу кезінде ұйқы күйін қоспаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Компьютер ұйқылық күйде болғанда, желіге қосылудың кез келген түрін қосуды немесе компьютердің кез келген функцияларын орындай алмайсыз.
Күйін қосу және одан шығу Жүйе зауытта не батарея қуатымен, не сыртқы қуатпен істеп тұрғанда бос тұрғаннан кейін, не болмаса батареяның заряды тым төмен деңгейге жеткенде күту күйіне қосылатын етіп орнатылған. Қуат параметрлері мен үзілістерін Windows жүйесінің басқару тақтасында өзгертуге болады. Күту күйін қосу үшін ▲ Пуск (Бастау) түймешігін басып, «Завершение работы» (Жұмысты аяқтау) түймешігінің жанындағы көрсеткіні басыңыз да, Гибернация (Күту) пәрменін таңдаңыз.
4. Запрашивать пароль (рекомендуется) (Құпия сөз сұрау (ұсынылады)) параметрін таңдаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Пайдаланушы есептік жазбасының құпия сөзін жасау немесе ағымдағы құпия сөзді өзгерту қажет болса, Создание или изменение пароля учетной записи пользователя (Пайдаланушы жазбасының құпия сөзін жасау немесе өзгерту) тармағын таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Пайдаланушы есептік жазбасының құпия сөзін жасау немесе өзгерту қажет болмаған жағдайда, 5-қадамға өтіңіз. 5.
● Батарея жұмысын тексеруге арналған батареяны тексеру құралы ● Батареяның қызмет ету мерзімін ұлғайтуға арналған тексеру, қуатты басқару және дұрыс күтім мен сақтау туралы ақпарат ● Батареяның түрлері, сипаттамалары, батареяның қызмет ету мерзімдері және сыйымдылығы туралы ақпарат Батарея туралы ақпаратқа қол жеткізу үшін ▲ Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама және қолдау) > Обучение (Үйрену) > Часто задаваемые вопросы в схемах управления питанием (Қуат жоспарлары: жиі қойылатын сұрақтар) т
Төмен батарея деңгейлерін басқару Осы бөлімдегі ақпарат ескертулер мен зауытта орнатылған жүйе жауаптарын сипаттайды. Кейбір батареяның төмендігі туралы ескертулер мен жүйе жауаптарын Параметры электропитания (Қуат параметрлерін) қолдану арқылы өзгертуге болады. Параметры электропитания (Қуат параметрлерін) қолдану басымдықтарының жиынтығы шамдарға әсер етпейді. Төмен батарея деңгейлерін анықтау Компьютердің жалғыз қуат көзі болатын батарея заряды төмен батарея деңгейіне жеткенде, батарея шамы жыпылықтайды.
● Экран жарықтығын азайтыңыз. ● Жұмысты тоқтатқан кезде, ұйқылық күйді қосыңыз немесе компьютерді өшіріңіз.
Сыртқы айнымалы ток қуаты көзін пайдалану АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ұшақ бортында болғанда компьютер батареясын зарядтамаңыз. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Мүмкін сақтық шараларына қатысты мәселелерді болдырмау үшін, компьютермен қамтамасыз етілетін айнымалы ток адаптерін, HP қамтамасыз ететін ауыстырғыш айнымалы ток адаптерін немесе HP компаниясынан сатып алынған айнымалы ток адаптерін ғана пайдаланыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Айнымалы ток көзіне қосылу жөнінде қосымша ақпаратты қораптың ішіндегі Орнату нұсқаулары постерінен қараңыз.
Айнымалы ток адаптерін тексеру Айнымалы ток қуат көзіне жалғанған компьютерде мына жағдайлар орын алса, айнымалы ток адаптерін тексеріңіз: ● Компьютер қосылмайды. ● Дисплей қосылмайды. ● Қуат шамдары жанбайды. Айнымалы ток адаптерін тексеру: ЕСКЕРТПЕ: Келесі нұсқаулар пайдаланушы ауыстыратын батареясы бар компьютерлерге қатысты қолданылады. 1. Компьютерді сөндіріңіз. 2. Компьютерден батареяны шығарып алыңыз. 3. Айнымалы ток адаптерін компьютерге және ауыспалы ток розеткасына жалғаңыз. 4.
7 Сыртқы карталар мен құрылғылар Жад карталарын оқу құралын пайдалану Қосымша жад карталары деректерді қауіпсіз сақтауға және оларды ыңғайлы түрде ортақ пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл карталар әдетте сандық медиамен жабдықталған камераларда, қалта компьютерлерінде және басқа да компьютерлерде қолданылады. Компьютеріңіз қолдау көрсететін жад карталарының пішімдерін анықтау үшін, Компьютермен танысу (4-бет) бөлімін қараңыз.
3. Картаны (1) басып, оны ұясынан (2) шығарып алыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Карта шықпаса, оны ұясынан тартып шығарыңыз. Смарт карталарды (пернетақта ғана) пайдалану ЕСКЕРТПЕ: Смарт-карта термині осы тарауда смарт-карталар мен Java™ карталарының екі түрін білдіреді. Смарт карта — жад пен микропроцессоры бар шағын схемалы несие картасы өлшеміндегі қосалқы құрал.
Смарт картаны шығарып алу ▲ Смарт картаның шеттерінен ұстап, оны смарт карта оқу құралынан сыртқа шығарыңыз. USB құрылғысын пайдалану Әмбебап тізбекті шина (USB) дегеніміз USB пернетақтасы, тінтуір, диск, басып шығарғыш, сканер немесе хаб сияқты қосымша сыртқы құрылғыны қосуға арналған аппараттық құрал интерфейсі. Кейбір USB құрылғылары әдетте құрылғымен қоса берілетін қосымша қолдау бағдарламалық құралын қажет етуі мүмкін.
USB құрылғысын жалғау ЕСКЕРТУ: ▲ USB қосқышын зақымдау қаупін азайту үшін, құрылғыны күштеп қоспаңыз. Құрылғының USB кабелін USB портқа жалғаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Төмендегі сурет пен компьютер көрінісінің арасында біраз айырмашылық болуы мүмкін. Құрылғы табылғанда белгілі бір дыбыс естіледі. ЕСКЕРТПЕ: USB құрылғысын бірінші рет қосқан кезде хабарландыру аймағында компьютер құрылғыны анықтағанын білдіретін хабарлама шығады.
Қосымша сыртқы құрылғыларды пайдалану ЕСКЕРТПЕ: Керекті бағдарламалық құрал мен диск жетектері туралы ақпарат алу үшін немесе компьютердің қолданылатын портын білу үшін өндіруші нұсқауларын қараңыз. Сыртқы құрылғыны компьютерге жалғау үшін: ЕСКЕРТУ: Қуатты құрылғыны жалғағанда құралдың зақымдалу қаупін азайту үшін құрылғының өшіріліп, қуат сымының айнымалы ток көзінен ажыратылғанын тексеріңіз. 1. Құрылғыны компьютерге жалғаңыз. 2.
8 Қауіпсіздік Компьютерді қорғау Windows амалдық жүйесі қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік мүмкіндіктері және Windows жүйесіне кірмейтін Setup Utility (BIOS) құралы жеке параметрлеріңіз бен деректеріңізді әртүрлі қауіптерден қорғауы мүмкін. ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік шешімдері сақтандырғыштар сияқты әрекет ету үшін жасалған. Бұл сақтандырғыштар өнімді күтімсіз ұстаудан немесе ұрланудан қорғамауы мүмкін.
Құпия сөздерді пайдалану Құпия сөз — компьютер ақпаратын қорғау үшін таңдалатын таңбалардың тобы. Ақпаратқа кіруді басқарудың жолына байланысты құпия сөздердің бірнеше түрлері орнатылуы мүмкін. Құпия сөздер Windows жүйесінің немесе компьютерде алдын ала орнатылған Windows жүйесінен басқа жүйелердің Computer Setup утилитасында (BIOS) орнатылады. ● BIOS әкімшісінің құпия сөзі және DriveLock құпия сөзі Computer Setup утилитасында орнатылады. Олар жүйенің BIOS бағдарламасы арқылы басқарылады.
Computer Setup қызметінде құпия сөздер орнату Құпия сөз Қызмет BIOS әкімші құпия сөзі* Computer Setup қызметін рұқсатсыз кіруден қорғайды. ЕСКЕРТПЕ: Егер BIOS әкімшісінің құпия сөзін жоюды болдырмау үшін мүмкіндіктер қосылған болса, олар өшірілгенше құпия сөзді жою мүмкін емес. DriveLock басты құпия сөзі* DriveLock қызметімен қорғалған ішкі қатты дискіні рұқсатсыз кіруден қорғайды. DriveLock қорғанысын жою үшін де қолданылады.
1. Компьютерді қосыңыз немесе, компьютерді қайта іске қосыңыз және одан кейін esc пернесін басыңыз немесе, экранның төменгі жағында "Hold the Volume Down button to enter the BIOS Startup Menu" (BIOS іске қосу мәзірін енгізу үшін дыбысты төмендету түймесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, дыбыс деңгейін реттеу түймешігі ұстап. 2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз немесе түртіңіз. 3.
BIOS әкімші құпия сөзін енгізу BIOS administrator password (BIOS әкімші құпия сөзі) сұралғанда, құпия сөзді теріңіз де (құпия сөзді орнатқанда пайдаланған пернелер түрін қолданып) enter пернесін басыңыз. BIOS әкімші құпия сөзі енгізу әрекеті 3 рет қатар сәтсіз болса, компьютерді қайта қосып, қайта енгізіп көру керек.
DriveLock құпия сөзін орнату Computer Setup қызметінде DriveLock құпия сөзін орнату үшін, келесі қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді қосу және одан кейін esc пернесін басыңыз немесе, экранның төменгі жағында "Hold the Volume Down button to enter the BIOS Startup Menu" (BIOS іске қосу мәзірін енгізу үшін дыбысты төмендету түймесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, дыбыс деңгейін реттеу түймешігі ұстап тұрыңыз. 2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз немесе түртіңіз. 3.
DriveLock құпия сөзін енгізу Қатты диск компьютерге салынғанын тексеріңіз (қосымша жалғау немесе сыртқы MultiBay құрылғысына емес). DriveLock Password (DriveLock құпиясөзі) енгізу сұралған кезде, қолданушы атауыңызды немесе құпиясөзіңізді (құпиясөзді орнатқанда басылған бірдей пернелерді пайдалану арқылы) теріңіз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Құпия сөзді енгізу әрекеті 2 рет қатар сәтсіз болса, компьютердің жұмысын аяқтап, қайта енгізіп көру керек.
DriveLock құпия сөзін өзгерту Computer Setup қызметінде DriveLock құпия сөзін өзгерту үшін, келесі қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді қосу және одан кейін esc пернесін басыңыз немесе, экранның төменгі жағында "Hold the Volume Down button to enter the BIOS Startup Menu" (BIOS іске қосу мәзірін енгізу үшін дыбысты төмендету түймесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, дыбыс деңгейін реттеу түймешігі ұстап тұрыңыз. 2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз немесе түртіңіз. 3.
DriveLock қорғанысын алу Computer Setup қызметінде DriveLock қорғанысын алу үшін, келесі қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді қосу және одан кейін esc пернесін басыңыз немесе, экранның төменгі жағында "Hold the Volume Down button to enter the BIOS Startup Menu" (BIOS іске қосу мәзірін енгізу үшін дыбысты төмендету түймесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, дыбыс деңгейін реттеу түймешігі ұстап тұрыңыз. 2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз немесе түртіңіз. 3.
the BIOS Startup Menu" (BIOS іске қосу мәзірін енгізу үшін дыбысты төмендету түймесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, дыбыс деңгейін реттеу түймешігі ұстап. 2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз немесе түртіңіз. 3. Меңзегіш құрылғының, көрсеткі пернелердің немесе сенсорлық экран көмегімен Security (Қауіпсіздік) > Hard Drive Tools (Қатты диск құралдары) > Automatic DriveLock (Автоматты DriveLock) тармақтарын таңдаңыз, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. 4.
қызметтік бағдарламаларды бұзады, не болмаса олардың нашар жұмыс істеуіне әкеліп соқтырады. Вирусқа қарсы бағдарлама көптеген вирустарды тауып жоя алады, және көбінесе олардың келтірген зиян салдарын шешеді. Жаңа пайда болған вирустардан уақытымда қорғауды қамтамасыз ету үшін вирусқа қарсы бағдарлама жаңартылып отыру керек. Компьютер вирустары туралы толық ақпарат алу үшін, «Справка и поддержка» (Анықтама және қолдау) орталығының «Поиск» (Іздеу) жолағына вирустар сөзін теріңіз.
HP Client Security Manager пайдалану HP Client Security Manager бағдарламалық құралы кейбір компьютер үлгілерінде алдын ала орнатылып келеді. Бұл бағдарламалық құралды Windows басқару тақтасынан ашуға болады. Оның қауіпсіздік мүмкіндіктері компьютер, желілер мен өте маңызды деректерге рұқсатсыз кіруден қорғайды. Қосымша ақпаратты HP Client Security бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
9 Күтім Компьютерді тазалау Компьютерді қауіпсіз түрде тазалау үшін келесі өнімдерді пайдаланыңыз: ● Диметил бензил аммоний хлоридінің 0,3 пайыздық тұнбасы (мысалы, әртүрлі компаниялар шығарған бір рет қолданылатын сүрткіштер түрінде).
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің бетін тазалау кезінде, ластануды және қоқымдарды кетіру үшін айналма қозғалыстар жасаңыз. Сенсорлы тақта, пернетақта немесе тінтуірді тазалау АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ішкі бөлшектерінен ток соғуды болдырмай немесе ішкі бөліктеріне зақым келтірмей тазалау үшін шаңсорғышты қолданбаңыз. Шаңсорғышты қолданғанда пернетақта бетіне тұрмыстық қалдықтар жиналып қалуы мүмкін. ЕСКЕРТУ: Ішкі бөліктерді зақымдамау үшін, сұйықтықтардың пернелер арасына тамшылап түсуіне жол бермеңіз.
▲ Пуск (Бастау)> Все программы (Барлық бағдарламалар)> HP > HP SoftPaq Download Manager (HP SoftPaq файлдарын жүктеуді реттеуші) тармақтарын таңдаңыз. ЕСКЕРТПЕ: басыңыз.
10 Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру Ақпаратыңызды қорғауға және қажет болса қалпына келтіруге көмектесетін НР және Windows құралдары компьютерде бар. Бұл құралдар компьютерді оның дұрыс жұмыс күйіне оңай келтіруге көмектеседі.
немесе DVD±RW. Пайдаланылатын дискілер қолданыстағы оптикалық диск түріне байланысты болады. ● Қалпына келтіру медиасын жасамас немесе сақтық көшірме жасау үрдісін бастамас бұрын компьютердің айнымалы ток көзіне жалғанғанын тексеріңіз. HP Recovery Disc Creator көмегімен қалпына келтіру дискісін жасау HP Recovery Disc Creator — қалпына келтіру дискісін жасаудың салыстырмалы жолын ұсынатын бағдарламалық құрал бағдарламасы.
Қосымша сыртқы қатты дискіге, желілік дискіге немесе дискілерге ақпараттың сақтық көшірмесін жасауыңызға болады. Сақтық көшірме жасау кезінде төмендегі кеңестерге назар аударыңыз: ● Жеке файлдарды Құжаттар кітапханасына сақтап, олардың сақтық көшірмелерін тұрақты түрде жасап тұрыңыз. ● Тиісті каталогтарда сақталатын үлгілердің сақтық көшірмелерін жасаңыз. ● Терезе, құралдар тақтасы не мәзір жолында реттелетін параметрлерді олардың экран суретін жасау арқылы сақтаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерді іске қосу әрі бұрын жасалған жүйені жөндеу медиасын (тек таңдаулы үлгілерде) пайдалану мүмкін болмаса, Windows 7 амалдық жүйесінің DVD медиасын сатып алып компьютерді қайта жүктеу және амалдық жүйені жөндеу керек болады. Қосымша ақпарат алу үшін Windows 7 амалдық жүйесінің DVD медиасы (72-бет) бөлімін қараңыз.
4. Восстановление запуска (Басталғанда қалпына келтіру) пәрменін таңдаңыз. 5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Windows құралдарымен ақпаратты қалпына келтіру туралы қосымша ақпарат алу үшін, Пуск (Пуск) > Справка и Поддержка (Анықтама және қолдау) ішінде осы тақырыптарды іздеңіз. f11 қалпына келтіру құралдары (тек таңдаулы үлгілерде) ЕСКЕРТУ: f11 пернесін пайдалану қатты дисктегі мазмұнды толығымен жойып, оны қайта пішімдейді.
Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісін пайдаланып қалпына келтіруді іске қосу үшін: ЕСКЕРТПЕ: Бұл процесс бірнеше минутқа созылады. 1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз. 2. Компьютерді өшіріп, қайта қосыңыз да, Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісін Windows амалдық жүйесі жүктелгенше оптикалық диск жетегіне салыңыз. 3. Сұралғанда, пернетақтадағы кез келген пернені басыңыз. 4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. 5. Далее (Келесі) түймешігін басыңыз. 6.
11 Computer Setup (BIOS), MultiBoot және HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) Computer Setup пайдалану Computer Setup немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс және шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір және принтер) арасындағы байланысты басқарады. Computer Setup ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті және жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған.
● Мәзірді немесе мәзір пәрменін таңдау үшін, tab пернесін және пернетақтаның көрсеткі пернелерін пайдаланыңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз немесе пәрменді таңдау үшін меңзегіш құрылғыны пайдаланыңыз. ● Жоғары не төмен жылжу үшін, экранның жоғары оң жақ бұрышындағы жоғары не төмен көрсеткілерді нұқыңыз немесе пернетақтадағы жоғары не төмен көрсеткі пернелерін басыңыз.
Main (Негізгі) > Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтап шығу) тармағын таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Бұл өзгертулер нәтижесі компьютерді қайта қосқаннан кейін көрінеді. ЕСКЕРТПЕ: Зауыт параметрлерін қалпына келтіргенде, құпия сөз және қауіпсіздік параметрлері өзгермейді. BIOS жүйесін жаңарту BIOS жүйесінің жаңартылған нұсқалары HP веб-торабында бар болуы мүмкін. BIOS жүйесінің жаңарту файлдарының көбі HP веб-торабында SoftPaq деп аталатын қысылған файлдарына салынған.
1. Анықтама және қолдау орталығына кіру үшін Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама және қолдау) пәрмендерін таңдаңыз. 2. Обновления и настройки (Жаңартулар мен реттеулер) тармағын, одан кейін Проверить наличие обновлений НР (НР жаңартуларының бар-жоқтығын тексеру) тармағын таңдаңыз. 3. Жүктеп алу аймағында келесі қадамдарды орындаңыз: а. Ең кейінгі BIOS жаңартуын анықтап, қазір компьютерде орнатылған BIOS нұсқасымен салыстырыңыз. Басқа кодтың күні, атауы немесе қосымша ақпаратын жазып алыңыз.
MultiBoot желісін пайдалану Жүктеу құрылғыларының реті туралы Компьютер басталғанда, амалдық жүйе қосылған жүктеу құрылғыларынан жүктеуге кіріседі. Зауытта қосылған MultiBoot утилитасы амалдық жүйенің жүктеу құрылғысын таңдау ретін басқарады. Жүктеу құрылғыларының тізіміне оптикалық диск жетектері, дискет жетектері, желілік интерфейс картасы (NIC), қатты дискілер және USB құрылғылары кіреді. Жүктеу құрылғыларында компьютерді бастау және дұрыс жұмыс атқаруға қажет жүктелетін медиа немесе файлдар бар.
Құрылғыны жүктеу ретінің тізімінде төмен жылжыту үшін, меңзегіш құрылғыны немесе төмен көрсеткі пернесін пайдаланыңыз немесе - пернесін басыңыз. 5. Өзгертулерді сақтап, Computer Setup утилитасынан шығу үшін, экранның төменгі сол жақ бұрышында орналасқан Save (Сақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. – немесе – Көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі) > Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтау және шығу) пәрмендерін таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Main (Негізгі) > Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтап шығу) тармағын таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді. MultiBoot Express таңдаулы параметрлерін енгізу Express Boot мәзірі басталу кезінде экранда көрсетіліп тұрғанда, мына әрекеттерді орындауға болады: ● Express Boot мәзірінде жүктеу құрылғысын анықтау үшін, берілген уақыт ауқымын таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
HP PC Hardware Diagnostics бағдарламасын USB құрылғысына жүктеудің екі опциясы бар: 1-опция: HP PC Diagnostics басты беті— соңғы UEFI нұсқасына қатынас береді 1. http://hp.com/go/techcenter/pcdiags веб-торабына өтіңіз. 2. UEFI Download (UEFI жүктеп алу) сілтемесін басып, Выполнить (Орындау) түймешігін таңдаңыз. 2-опция: Қолдау және драйверлер беті—алдыңғы және кейінгі нұсқалар үшін белгілі бір өнім жүктеулерін береді 1. http://www.hp.com веб-торабына өтіңіз. 2.
12 Қолдау Қолдау қызметіне хабарласу Осы пайдаланушы нұсқаулығындағы немесе Анықтама және қолдау бөлімдеріндегі ақпарат сұрақтарыңызға жауап бермесе, қолдау қызметіне хабарласуға болады: АҚШ-та қолдау алу үшін, http://www.hp.com/go/contactHP мекенжайы бойынша веб-торапты қараңыз. Дүние жүзі бойынша қолдау алу үшін, http://welcome.hp.com/country/us/en/wwcontact_us.html веб-торабын қараңыз. Бұл жерде сізде мынадай мүмкіндіктер болады: ● HP маманымен желіде тікелей тілдесу.
Жапсырмалар Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютер алып шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Осы бөлімде сипатталған барлық жапсырмалар пернетақтаның астында немесе планшеттің артында орналасқан. ● Сервистік жапсырма компьютерді анықтауға арналған маңызды ақпаратты қамтамасыз етеді. Қолдау қызметімен хабарласу кезінде, сериялық нөмір, өнім нөмірі немесе модель нөмірі сұралуы мүмкін.
13 Техникалық сипаттамасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек. Компьютер бөлек тұрақты ток көзінен жұмыс жасаса да, ол тек НР компаниясы берген және осы компьютерге қолдану үшін ұсынған айнымалы ток адаптері немесе тұрақты ток көзіне қосылуы керек.
Пайдалануға болатын -15 м мен 3048 м арасында -50 фут пен 10000 фут арасында Жұмыссыз режимде -15 м мен 12192 м арасында -50 фут пен 40000 фут арасында Жұмыс ортасы 85
а Компьютерді сапарға алып шығу немесе тасымалдау Компьютерді сапарға алып шығу немесе тасымалдау керек болса, құрылғыны қорғаудың кейбір кеңестерін осы жерден табасыз. ● Компьютерді тасымалдауға дайындау: ◦ Ақпараттың сақтық көшірмесін сыртқы дискіге жазыңыз. ◦ Компьютерден жад карталары сияқты барлық дискілер мен сыртқы медиа карталарын шығарып алыңыз. ◦ Барлық сыртқы құрылғыларды өшіріп, ажыратыңыз. ◦ Компьютерді сөндіріңіз. ● Ақпараттың сақтық көшірмесін бірге алып жүріңіз.
ә Ақаулықтарды жою Ақаулықтарды жою көздері ● Компьютер туралы веб-тораптар сілтемелерін және қосымша ақпаратты Справка и поддержка (Анықтама және қолдау) орталығынан табыңыз. Анықтама және қолдау орталығына кіру үшін, Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама және қолдау) тармағын таңдаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Кейбір тексеру және жөндеу құралдарын пайдалану үшін Интернетке қосылу қажет. НР компаниясы Интернетке қосылмайтын қосымша да құралдарды ұсынады. ● Қолдау қызметімен хабарласыңыз.
табылады. Ұйқылық күй компьютерде қосылып, бірақ пайдаланылмаған жағдайда немесе компьютер батареясының заряд деңгейі төмендегенде жүйе арқылы қосылуы мүмкін. Осы және басқа қуат параметрлерін өзгерту үшін, Windows жұмыс үстелінің тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы Аккумулятор (Батарея) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Предпочтения (Таңдаулы параметрлер) пәрменін таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердегі желдеткіш компьютердің ішкі бөліктерін салқындату және қызып кетудің алдын алу үшін, автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің қосылыпөшірілуі қалыпты жағдай болып табылады. Сыртқы құрылғы жұмыс істемейді Егер сыртқы құрылғы ойдағыдай жұмыс істемесе, төмендегі әрекеттерді орындаңыз. ● Құрылғыны өндірушінің нұсқауларына сәйкес қосыңыз. ● Құрылғының барлық сымдары қауіпсіз жалғанып тұрғанын тексеріңіз. ● Құрылғыға электр қуатының келіп тұрғанын тексеріңіз.
б Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу — екі зат бір-біріне тигізгенде пайда болатын статикалық электр тогы. Мысалы, кілем үстімен жүріп бара жатып темір есіктің тұтқасын ұстағанда пайда болатын сезім. Саусақ немесе басқа электростатикалық ток өткізгіштері арқылы электростатикалық ток соғуы электрондық бөліктерді зақымдайды.
Индекс А Автоматты DriveLock құпия сөзі енгізу 61 шығарып алу 62 ағытпа, қуат 14 айнымалы ток адаптері, тексеру 47 Айнымалы ток адаптері/батарея шамы 14 айнымалы ток адаптерін тексеру 47 аудио кіріс (микрофон) ұясы, анықтау 6, 15 аудио функциялар, тексеру 35 аудио функцияларды тексеру 35 аудио шығыс (құлаққап) ұясы, анықтау 6, 15 Ә әкімші құпия сөзі 54 Б бағдарламалық құрал антивирус 62 желіаралық қалқан 63 маңызды жаңартулар 63 Басталғанда жөндеу, пайдалану 71 батарея батареяның төмен деңгейлері 44 заряд
қатты дискіні қалпына келтіру 72 қауіпсіздік, сымсыз 21 қоғамдық WLAN қосылымы 22 қоршаған орта жарығының сенсоры 8 қосқыш, қуат 39 қосымша сыртқы құрылғылар, пайдалану 52 қуат батарея 42 мүмкіндіктер 39 үнемдеу 44 қуат ағытпасы, анықтау 14 қуат қосқышы 39 қуат параметрлерін орнату 39 қуат түймешігі 39 қуат түймешігі, анықтау 6, 13 қуатты үнемдеу күйлері 39 құлақаспаптар және микрофондар, қосу 35 құлаққап (аудио шығыс) ұясы 6, 15 құпия сөздер BIOS әкімшісі 55 DriveLock 57 әкімші 54 пайдаланушы 54 М маңызды
корпоративтік WLAN қосылымы 22 қажет жабдық 21 қауіпсіздік 21 қоғамдық WLAN қосылымы 22 қосылу 22 пайдалану 20 сымсыз куәландыру белгісі 83 сыртқы айнымалы ток қуаты, пайдалану 46 сыртқы диск 52 сыртқы құрылғылар 52 Т техникалық деректер сымсыз куәландыру белгілері 83 техникалық деректер жапсырмасы 83 тұтынылатын қуат 84 түймешіктер дыбыс деңгейі 5, 15, 34 қуат 6, 13, 39 медиа 34 оң жақ сенсорлы тақта 10 сенсорлы тақтаның сол жағы 10 тінтуір, сыртқы басым параметрлерді орнату 27 Ұ Ұйқылық күй қосу 40 шығу 4
W WiGig антеннасы, анықтау 8 Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісі бастапқы қалпына келтіру үшін пайдалану 72 жасау 69 Windows 7 амалдық жүйесінің медиасы бастапқы қалпына келтіру үшін пайдалану 72 жасау 69 Windows Басталғанда жөндеу құралы, пайдалану 71 Windows пернесі, анықтау 12 Windows түймешігі анықтау 8 WLAN антенналары, анықтау 7 WLAN жапсырмасы 83 WLAN желісіне қосылу 22 WLAN жүйесін орнату 21 WLAN құрылғысы 20, 83 WWAN антенналары, анықтау 8 WWAN құрылғысы 18, 22 94 Индекс