User Guide - Windows 8.1
1
Қош келдіңіз
Компьютер параметрлерін орнатып, оны тіркегеннен кейін, мына әрекеттерді орындаңыз:
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерде планшет қана немесе планшет және пернетақта болуы мүмкін.
Компьютердің түсі, функциялары мен керек-жарақтары басқаша болуы мүмкін. Компьютерге
дәл сәйкес осы нұсқаулықтағы суреттерді қараңыз.
КЕҢЕС: Ашық тұрған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен компьютердің бастау
экранына жылдам оралу үшін, пернетақтадағы Windows пернесін басыңыз. Windows
пернесі қайта басылған кезде, алдыңғы экран ашылады.
●
Интернетке қосылу — Интернетке қосылу үшін, сымды және сымсыз желіні реттеңіз.
Қосымша ақпаратты Желіге қосылу (17-бет) бөлімінен қараңыз.
●
Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды жаңарту — Вирустардан болатын зақымнан
компьютерді қорғаңыз. Бағдарламалық құрал компьютерде алдын ала орнатылып келеді.
Қосымша ақпаратты Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды пайдалану (63-бет)
бөлімінен қараңыз.
●
Компьютермен танысу — компьютер мүмкіндіктері туралы қосымша мәлімет алыңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін, Компьютермен танысу (4-бет) және Пернетақта, сенсорлы
тақтаның қимылдары және меңзегіш құрылғылар арқылы шарлау (26-бет) бөлімдерін
қараңыз.
●
Орнатылған бағдарламалық құралды табу — компьютерде алдын ала орнатылған
бағдарламалық құралдар тізімін қараңыз:
Бастау экранында п деп жазып, Приложения (Бағдарламалар) тармағын басыңыз және
көрсетілген тізімінен опцияны таңдаңыз. Компьютермен жеткізілетін бағдарламалық
құралды пайдалану туралы толық ақпаратты бағдарламалық құралдың өндірушісі берген
нұсқаулардан қараңыз. Нұсқаулар бағдарламалық құралмен бірге берілуі немесе
өндірушінің веб-торабында болуы мүмкін.
●
Қалпына келтіру дискілерін немесе қалпына келтіру флэш жетегін жасау арқылы қатты
дискінің сақтық көшірмесін жасаңыз. Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру
(68-бет) бөлімін қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер орнату (BIOS) қызметіне жылдам қол жеткізу үшін , бар болса,
пернетақтаны жалғаңыз. Планшет тек пайдаланып жатсаңыз, берілген нұсқауларды орындаңыз.
1










