User Guide - Windows 8.1

1. Бастау экранынан панель управления (басқару тақтасы) сөзін теріп, одан кейін Панель
управления (Басқару тақтасы) пәрменін таңдаңыз.
2. Оборудование и звук (Аппараттық құрал және дыбыс), одан кейін Звук (Дыбыс)
тармақтарын таңдаңыз.
Веб-камера
Кейбір компьютерлерде кірістірілген веб-камера бар. Алдын ала орнатылған бағдарламалық
құралдың көмегімен сурет немесе бейне түсіру үшін веб-камера пайдалана аласыз.
Фотосуреттерді немесе жазылған бейне қарап шығуға немесе сақтауға болады.
Веб-камера бағдарламалық құралы мынадай мүмкіндіктерді пайдалануға мүмкіндік береді.
Бейне түсіріп, ортақ пайдалану
Жылдам хабар алмасу бағдарламалық құралының көмегімен бейне дерек алу
Дыбыссыз суретке түсіру
Бейне
Бұл HP компьютері таңдаулы веб-тораптардағы таратылатын бейнені көруге және желіге
қосылмай-ақ компьютерден тамашалау үшін бейнелер мен фильмдерді жүктеп алуға мүмкіндік
беретін қуатты бейне құрылғысы болып табылады.
Көруге байланысты әрекеттеріңізді жақсарту мақсатында компьютерді сыртқы монитор,
проектор немесе теледидарға қосу үшін, бейне портты пайдаланыңыз.
Компьютеріңізде мына сыртқы бейне порты бар:
DisplayPort
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Сыртқы құрылғының дұрыс кабель арқылы компьютердегі дұрыс ұяға
қауіпсіз түрде жалғанғандығына көз жеткізіңіз. Сұрақтарыңыз болса, құрылғы өндірушісінің
нұсқауларын қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютеріңіздің видео порттары туралы ақпаратты Компьютермен танысу (4-бет)
бөлімінен қараңыз.
DisplayPort (тек пернетақта)
DisplayPort компьютерді ажыратымдылығы жоғары теледидар сияқты қосымша бейне дерек
немесе дыбыстық құрылғысына не болмаса кез келген үйлесімді сандық немесе дыбыстық
құралдарына жалғайды. Сыртқы VGA монитор портымен салыстырғанда DisplayPort өнімділігі
жоғары болып, сандық қосылысты жақсартады.
ЕСКЕРТПЕ: Бейне және/немесе дыбыс сигналдарын DisplayPort арқылы жіберу үшін,
DisplayPort кабелі (бөлек сатылады) керек болады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің DisplayPort портына бір ғана DisplayPort құрылғысын жалғауға
болады. Компьютер экранындағы ақпарат бір мезгілде DisplayPort құрылғысында да
көрсетіледі.
Бейне немесе аудио құрылғысын DisplayPort портына жалғау үшін
1. DisplayPort кабелінің бір ұшын компьютердегі DisplayPort портына жалғаңыз.
Веб-камера
37