User Guide - Windows 8.1

а. Қосылған USB диск жетегі
ЕСКЕРТПЕ: HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB диск жетегіне жүктеу
туралы ақпаратты HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB құрылғысына
жүктеу (79-бет) бөлімінен қараңыз.
ә. Қатты диск
б.
BIOS
3. Диагностикалау құралы ашылғанда пернетақтадағы көрсеткі пернелердің немесе
сенсорлық экран көмегімен орындалатын диагностикалық сынақтың түрін таңдаңыз және
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Диагностикалық сынақты тоқтату қажет болса, esc пернесін басыңыз немесе
сенсорлы экранда кез келген жерінде жылжытуға түртіңіз.
HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB құрылғысына жүктеу
ЕСКЕРТПЕ: HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) бағдарламасын жүктеу жөнінде нұсқаулар
ағылшын тілінде ғана беріледі.
HP PC Hardware Diagnostics бағдарламасын USB құрылғысына жүктеудің екі опциясы бар:
1-опция: HP PC Diagnostics басты беті— соңғы UEFI нұсқасына қатынас береді
1. http://hp.com/go/techcenter/pcdiags веб-торабына өтіңіз.
2. UEFI Download (UEFI жүктеп алу) сілтемесін басып, Выполнить (Орындау) түймешігін
таңдаңыз.
2-опция: Қолдау және драйверлер беті—алдыңғы және кейінгі нұсқалар үшін белгілі бір өнім
жүктеулерін береді
1. http://www.hp.com веб-торабына өтіңіз.
2. Меңзерді беттің жоғарғы жағында орналасқан Support (Қолдау) пәрменінің үстіне
орналасып
, Download Drivers (Драйверлерді жүктеу) параметрін таңдаңыз.
3. Өнім атауын мәтін өрісіне енгізіп, Go (Өту) түймешігін басыңыз.
– немесе –
Өнімді автоматты түрде анықтау үшін, Find Now (Қазір табу) пәрменін таңдаңыз.
4. Компьютер үлгісін және амалдық жүйе түрін таңдаңыз.
5. Diagnostic (Диагностикалық) бөлімде HP UEFI Support Environment (HP UEFI қолдау
ортасы) пәрменін таңдаңыз.
– немесе –
Download (Жүктеу) түймешігін басыңыз, одан кейін Run (Орындау) опциясын таңдаңыз.
HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану
79