HP Color LaserJet Pro M253-M254 - User's Guide
Баспа сапасы бетін басып шығару және түсіну
ЕСКЕРТПЕ: қадамдар басқару панелінің түріне байланысты түрленеді.
1 2
1 2 жолды басқару панелі
2 Сенсорлы экран басқару тақтасы
1. 2 жолды басқару панельдері: Принтердің басқару панеліндегі OK түймесін басыңыз.
Сенсорлы экранның басқару панельдері: Принтердің басқару панелінің негізгі экранындағы Setup 
(Параметрлерді орнату) мәзірін ашыңыз. Мәзірді ашу үшін Setup (Параметрлерді орнату) 
белгішесін түртіңіз.
2. Reports (Есептер) мәзірін таңдаңыз.
3. Print Quality Page (Басып шығару сапасы беті) тармағын таңдаңыз.
Бұл бетте түстің бес лентасы бар, төмендегі көрсетілгендей олар төрт топқа бөлінген. Әр бөлімді тексере 
отырып, белгілі бір тонер картриджіндегі ақаулықты бөліп алуға болады.
Cурет 6-1 Баспа сынақ беті
Бөлім Тонер картриджі
1 Сары
2 Көгілдір
3 Қара
4 Қызыл
KKWW Баспа сапасын жақсарту 105










