HP Color LaserJet Pro M253-M254 - User's Guide
1 2
1 2 жолды басқару панелі
2 Сенсорлы экран басқару панелі
2 жолды басқару панельдері
1. Принтердің басқару панеліндегі OK түймесін басыңыз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
● Өзіндік диагностика
● Сымсыз желіні тексеру
3. Сынақты бастау үшін OK түймесін басыңыз. Принтер сынақ нәтижелерін көрсететін сынақ бетін басып 
шығарады.
Сенсорлы экранның басқару панельдері
1. Принтердің басқару панелінің негізгі экранындағы Setup (Орнату) мәзірін ашыңыз. Мәзірді ашу үшін 
Setup (Орнату)   белгішесін түртіңіз.
2. Self Diagnostics (Өзіндік диагностика) тармағына өтіп, оны таңдаңыз.
3. Сынақты бастау үшін Run Wireless Test (Сымсыз сынақты бастау) тармағын таңдаңыз. Принтер сынақ 
нәтижелерін көрсететін сынақ бетін басып шығарады.
Сымсыз желідегі кедергіні азайту
Келесі кеңестер сымсыз желідегі кедергілерді азайтуы мүмкін:
● Сымсыз құрылғыларды құжаттарды сақтайтын шкафтар сияқты көлемді темір заттардан, сондай-ақ 
микротолқынды және сымсыз телефондар сияқты басқа да электромагниттік құрылғылардан аулақ 
ұстаңыз. Бұл заттар радио сигналдарына кедергі болуы мүмкін.
● Сымсыз құрылғыларды көлемді тастан қаланған және басқа құрылыс құрылымдарынан аулақ 
ұстаңыз. Бұл заттар радио толқындарды сіңіріп, сигнал күшін азайтуы мүмкін.
● Сымсыз маршрутизаторды желідегі сымсыз принтерлермен бір сызықтың ортасына орналастырыңыз.
KKWW Сымсыз желі ақауларын жою 121










