HP Color LaserJet Pro M253-M254 - User's Guide
Мобильді басып шығару
Кіріспе
HP компаниясы ноутбуктан, планшеттен, смартфоннан немесе басқа мобильді құрылғыдан HP принтері 
арқылы оңай басып шығаруға мүмкіндік беретін мобильді және электрондық басып шығару (ePrint) 
шешімдерін ұсынады. Толық тізімді көру және ең жақсы таңдауды анықтау үшін www.hp.com/go/
LaserJetMobilePrinting сайтына өтіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Барлық ұялы басып шығару және ePrint мүмкіндіктеріне қолдау көрсетілуі үшін принтер 
микробағдарламасын жаңартыңыз.
●
Wi-Fi Direct (тек сымсыз үлгілерде)
●
Электрондық пошта арқылы HP ePrint
●
HP ePrint бағдарламалық құралы
●
AirPrint
●
Android ендірілген басып шығаруы
Wi-Fi Direct (тек сымсыз үлгілерде)
Wi-Fi Direct желіге немесе Интернетке қосылуды қажет етпей-ақ сымсыз мобильді құрылғыдан басып 
шығаруға мүмкіндік береді.
ЕСКЕРТПЕ: Wi-Fi Direct қазір мобильді операциялық жүйелердің барлығына қолдау көрсетпейді.
ЕСКЕРТПЕ: Wi-Fi Direct мүмкіндігі жоқ мобильді құрылғылар үшін Wi-Fi Direct байланысы тек басып 
шығаруға қосылады. Басып шығаруға Wi-Fi Direct мүмкіндігін пайдаланғаннан кейін Интернетке кіру үшін 
жергілікті желіге қайта қосылу қажет.
Принтердің Wi-Fi Direct байланысына кіру үшін келесі қадамдарды орындаңыз:
ЕСКЕРТПЕ: Қадамдар басқару панелінің түріне байланысты түрленеді.
1 2
1 2 жолды басқару панелі
2 Сенсорлы экран басқару тақтасы
42 4-тарау Басып шығару KKWW










