HP Color LaserJet Pro M253-M254 - User's Guide

Automatic (Автоматты): Осы опцияны таңдау құпия сөзді 12345678 күйіне орнатады.
Manual (Қолмен орындау): Осы опцияны таңдау қауіпсіз, кездейсоқ жасалған құпия сөзді
құрады.
4. Мобильді құрылғыда Wi-Fi немесе Wi-Fi Direct мәзірін ашыңыз.
5. Қолжетімді желілер тізімінен принтер атын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер принтер аты көрсетілмесе, Wi-Fi Direct сигналы ауқымынан тыс болуыңыз мүмкін.
Құрылғыны принтерге жақын жылжытыңыз.
6. Егер сұралса, Wi-Fi Direct құпия сөзін енгізіңіз немесе принтердің басқару панелінде OK түймесін
басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Wi-Fi Direct мүмкіндігіне қолдау көрсетілетін Android құрылғылары үшін байланыс әдісі
Automatic (Автоматты) күйіне орнатылса, байланыс құпия сөзді сұрамай-ақ автоматты түрде
орнатылады. Егер байланыс әдісі Manual (Қолмен) күйіне орнатылса, OK түймесін басу керек немесе
принтер басқару тақтасында мобильді құрылғыдағы құпия сөз ретінде көрсетілетін жеке
идентификациялық нөмірді (PIN) беріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Wi-Fi Direct құпия сөзіне қол жеткізу үшін принтер басқару тақтасындағы Басты экраннан
байланыс туралы ақпарат түймесін түртіңіз.
7. Құжатты ашып, Print (Басып шығару) опциясын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер мобильді құрылғыда басып шығаруға қолдау көрсетілмесе, HP ePrint мобильді
бағдарламасын орнатыңыз.
8. Қолжетімді принтерлер тізімінен принтерді таңдап, Print (Басып шығару) опциясын таңдаңыз.
9. Басып шығару жұмысы аяқталғаннан кейін кейбір мобильді құрылғыларды жергілікті желіге қайта
қосу керек.
Келесі құрылғыларда және компьютер операциялық жүйелерінде Wi-Fi Direct мүмкіндігіне қолдау
көрсетіледі:
Android 4.0 және одан кейінгі нұсқадағы планшеттерге және телефондарға HP Print Service немесе
Mopria мобильді басып шығару модулі орнатылған
HP басып шығару драйвері орнатылған көптеген Windows 8.1 компьютерлері, планшеттері және
ноутбуктері
Келесі құрылғылар мен компьютер операциялық жүйелерінде Wi-Fi Direct мүмкіндігіне қолдау
көрсетілмейді, бірақ келесі құрылғыларда принтерден басып шығаруға болады:
Apple iPhone және iPad
OS X іске қосылған Mac компьютерлері
Wi-Fi Direct басып шығару мүмкіндігі туралы қосымша ақпарат алу үшін, www.hp.com/go/wirelessprinting
веб-сайтына өтіңіз.
Wi-Fi Direct мүмкіндіктерін принтердің басқару панелінен қосуға немесе өшіруге болады.
44 4-тарау Басып шығару KKWW