HP Color LaserJet Pro M253-M254 - User's Guide
Электрондық пошта арқылы HP ePrint
Құжаттарды кез келген электрондық пошта қызметін қолданатын құрылғыдан электрондық хабардың 
тіркемесі ретінде принтердің электрондық пошта мекенжайына жіберу арқылы басып шығару үшін 
HP ePrint құралын пайдаланыңыз.
HP ePrint функциясын қолдану үшін принтер мына талаптарға сай болуы керек:
● Принтер сымды немесе сымсыз желіге қосылған және интернетке кіру мүмкіндігі болуы керек.
● Принтерде HP Web Services қосылып тұруы және принтер HP Connected қызметіне тіркелген болуы 
керек.
HP Web Services қызметтерін қосу және HP Connected арқылы тіркеу үшін мына процедураны 
орындаңыз:
ЕСКЕРТПЕ: Қадамдар басқару панелінің түріне байланысты әртүрлі болады.
1 2
1 2 жолды басқару панелі
2 Сенсорлы экран басқару панелі
2 жолды басқару панельдері
1. Принтердің басқару панеліндегі OK түймесін басыңыз. Network Setup (Желі параметрлерін 
орнату) мәзірін ашып, Show IP Address (IP мекенжайын көрсету) опциясын, одан кейін Yes (Иә) 
опциясын таңдаңыз. IP мекенжайын көру үшін негізгі экранға оралыңыз.
2. Веб-браузерді ашыңыз және мекенжай жолында IP мекенжайын немесе хост атауын дәл 
принтердің басқару панеліндегідей теріңіз. Компьютер пернетақтасындағы Enter пернесін 
басыңыз. EWS экраны ашылады.
ЕСКЕРТПЕ: Веб-браузер кірілетін веб-сайттың қауіпсіз болмауы мүмкін екендігін көрсететін 
хабарды береді, веб-сайтты жалғастыру үшін опцияны таңдаңыз. Бұл веб-сайтқа кіру 
компьютерге зақым келтірмейді.
3. HP Web Services (HP веб-қызметтері) қойындысын ашып, Enable (Қосу) опциясын басыңыз. 
Принтер веб-қызметтерді қосады, одан кейін ақпараттық бетті басып шығарады.
KKWW Мобильді басып шығару 47










