HP Color LaserJet Pro M253-M254 - User's Guide
AirPrint
Apple AirPrint арқылы iOS нұсқасы үшін және OS X 10.7 Lion және одан кейінгі нұсқалары іске қосылған Mac 
компьютерлерінен тікелей басып шығарылады. iPad, iPhone (3GS немесе одан кейінгі) немесе сенсорлы 
iPod (үшінші буыны немесе одан кейінгі) құрылғысында келесі мобильді қолданбалардан принтерге 
тікелей басып шығару үшін AirPrint функциясын қолданыңыз:
● Mail (Пошта)
● Фотосуреттер
●
Safari
● iBooks
● Таңдаулы үшінші тарап қолданбалары
AirPrint функциясын қолдану үшін принтер Apple құрылғысы сияқты бірдей желіге (қосымша желі) 
қосылған болуы керек. AirPrint функциясын қолдану және AirPrint функциясымен үйлесімді HP принтерлері 
туралы қосымша ақпарат алу үшін, www.hp.com/go/LaserJetMobilePrinting сайтына кіріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: AirPrint функциясын USB байланысымен пайдаланбай тұрып, нұсқа нөмірін тексеріңіз. AirPrint 
1.3 және одан бұрынғы нұсқалары USB байланыстарын қолдамайды.
Android ендірілген басып шығаруы
Android және Kindle жүйелеріне арналған HP бекітілген басып шығару шешімі Wi-Fi Direct басып шығару 
үшін мобильді құрылғыларға желідегі немесе сымсыз байланыс ауқымындағы HP принтерлерін автоматты 
түрде тауып, солар арқылы басып шығаруға мүмкіндік береді.
Басып шығару шешімі операциялық жүйенің көптеген нұсқаларына кіреді.
ЕСКЕРТПЕ: Егер құрылғыдан басып шығару қолжетімді болмаса, Google Play > Android apps (Android 
қолданбалары) тармағына өтіп, HP Print Service модулін орнатыңыз.
Android жүйесіне ендірілген баспаны пайдалану жолы мен қолдау көрсетілетін Android құрылғыларының 
түрлері туралы қосымша ақпарат алу үшін www.hp.com/go/LaserJetMobilePrinting мекенжайына өтіңіз.
50 4-тарау Басып шығару KKWW










