HP Color LaserJet Pro M253-M254 - User's Guide

Басқару панелінің анықтама жүйесі (тек сенсорлы экран бар
үлгілер)
Принтердің ішіне әр экранды пайдалану жолын түсіндіретін анықтама жүйесі орнатылған. Анықтама
жүйесін ашу үшін экранның жоғарғы оң жақ бұрышындағы анықтама түймешігін түртіңіз.
Кейбір экрандарда «Анықтама» жүйесі жалпы мәзірден ашылып, белгілі бір тақырыптарды іздеуге
мүмкіндік береді. Мәзірдегі түймелерді түртіп, мәзір құрылымының ішін шарлауға болады.
Кейбір Анықтама экрандарында кептелістерді жою сияқты процедураларды орындауға көмектесетін
анимациялық көріністер бар.
Жеке тапсырмалар опцияларын қамтитын экрандар үшін «Анықтама» жүйесі сол экрандардың
опцияларын түсіндіретін тақырыпты ашады.
Принтер қате немесе ескерту туралы хабар берсе, ақауды түсіндіретін хабарды ашу үшін анықтама
түймешігін түртіңіз. Сондай-ақ, хабарда осы ақауды жою нұсқаулары берілген.
KKWW Басқару панелінің анықтама жүйесі (тек сенсорлы экран бар үлгілер) 75