HP Color LaserJet Pro M253-M254 - User's Guide
Қағаз кептелістері жиі немесе қайта-қайта орын ала бере ме?
Жиі қағаз кептелістері мәселелерін шешу үшін мына қадамдарды орындаңыз. Егер бірінші қадам мәселені 
шешпесе, мәселе шешілгенше келесі қадамды жалғастырыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Қадамдар басқару панелінің түріне байланысты әртүрлі болады.
1 2
1 2 жолды басқару панелі
2 Сенсорлы экран басқару панелі
1. Егер принтерде қағаз кептелсе, кептелісті кетіріп, принтерді тексеру үшін конфигурация бетін басып 
шығарыңыз.
2. Принтердің басқару панелінде науаның дұрыс қағаз өлшемі мен түріне реттелгенін тексеріңіз. Қажет 
болса, қағаз параметрлерін реттеңіз.
а. 2 жолды басқару панельдері: Принтердің басқару панеліндегі OK түймесін басыңыз.
Сенсорлы экранның басқару панельдері: Принтердің басқару панелінің негізгі экранындағы 
Setup (Орнату) мәзірін ашыңыз. Мәзірді ашу үшін Setup (Орнату)   белгішесін түртіңіз.
ә. Мына мәзірлерді ашыңыз:
● System Setup (Жүйе параметрі)
● Paper Setup (Қағаз параметрі)
б. Тізімнен науаны таңдаңыз.
в. Default Paper Type (Әдепкі қағаз түрі) параметрін, одан кейін науадағы қағаз түрін таңдаңыз.
г. Default Paper Size (Әдепкі қағаз өлшемі) параметрін, одан кейін науадағы қағаз өлшемін 
таңдаңыз.
3. Принтерді өшіріп, 30 секунд күтіңіз де, қайта қосыңыз.
4. Принтер ішінен артық тонерді кетіру үшін тазалау бетін басып шығарыңыз.
82 6-тарау Проблемаларды шешу KKWW










