HP Color LaserJet Pro M253-M254 - Installation Guide

4
Сымды (Ethernet) желі байланысы (қосымша)
Дұрыс ұзындықтағы кабельді пайдаланып, принтердің дұрыс желілік
портқа жалғанғанын тексеріңіз.
Желілік порттың жанындағы шамның жанып тұрғанын тексеріңіз.
Компьютерде баспа драйвері орнатылғанын тексеріңіз.
Желі ақпаратын жіберу арқылы желі байланысын тексеріңіз:
Windows
Start (Бастау) > Run (Іске қосу) тармағын таңдаңыз. cmd деп теріп,
Enter пернесін басыңыз. «Ping» деп теріп, бос орын енгізіңіз,
принтердің IPмекенжайын теріңіз, одан кейін Enter пернесін басыңыз.
IPмекенжайының үлгісі: 192.168.0.1. Принтердің IP мекенжайын табу
үшін «Принтердің IP мекенжайын табу» бөлімін қараңыз.
OS X
Желі утилитасын ашып, ping аймағына IP мекенжайын теріңіз. Enterпернесін
басыңыз. IP мекенжайының үлгісі: 192.168.0.1. Принтердің IP мекенжайын
табу үшін «Принтердің IP мекенжайын табу» бөлімін қараңыз.
Егер терезе ақпарат жіберу уақытын көрсетсе, онда желі жұмыс істейді.
Егер ping жұмыс істемесе, принтерді қайта іске қосып, қосылым
қадамдарының барлығын қайтадан тексеріп көріңіз.
Сымсыз желі қосылымы (сымсыз үлгілер)
Желі кабелінің қосылмағанын тексеріңіз. Желі кабелі қосылып тұрғанда,
принтер сымсыз желіге қосыла алмайды.
Принтер мен сымсыз маршрутизатордың қосылып тұрғанын және қуаты
бар екенін тексеріңіз. Сымсыз қосқыштың қосылып тұрғанын тексеріңіз.
Принтер сымсыз желінің ауқымында екенін тексеріңіз. Көптеген желілер
үшін принтер сымсыз кіру нүктесінің (сымсыз маршрутизатор) 30 м
(100фут) ауқымында болуы тиіс.
Компьютерде баспа драйвері орнатылғанын тексеріңіз.
Компьютер мен принтердің бірдей сымсыз желіге қосылғанын тексеріңіз.
OS X жүйесі үшін сымсыз маршрутизатордың Bonjour желісін
қолдайтындығын тексеріңіз.
Сымсыз маршрутизаторды қайта қосыңыз.
Ақауларды жою
Пайдаланушы нұсқаулығы
Пайдаланушы нұсқаулығына принтерді пайдалану және ақауларды жою
туралы ақпарат кіреді. Оны принтердің ықшам дискісінен және мына веб-
тораптан алуға болады:
1. Мына торапқа өтіңіз: www.hp.com/support/ljM253
2. Сәйкес нұсқау берілген болса, принтерді таңдап,
UserGuides(Пайдаланушы нұсқаулықтары) тармағын түртіңіз.
Микробағдарлама жаңартуларын тексеру
1. Мына торапқа өтіңіз: www.hp.com/support/ljM253
2. Сәйкес нұсқау берілген болса, принтерді таңдап, Software and Drivers
(Бағдарламалық құрал және драйверлер) тармағын таңдаңыз.
3. Операциялық жүйені таңдап, Nextелесі) түймесін басыңыз.
4. Firmware(Микробағдарлама) опциясын таңдап, Download (Жүктеп алу)
түймесін басыңыз.
Басқару панелінің анықтамасы (тек сенсорлы экран
үлгілері)
Анықтама бөлімдерін ашу үшін принтердің басқару тақтасындағы анықтама
түймесін түртіңіз.
Қосымша қолдау ресурстары
Принтер бойынша HP компаниясының жан-жақты анықтамасын алу үшін
келесі мекенжайға өтіңіз: www.hp.com/support/ljM253
Проблемаларды шешу
Кеңейтілген конфигурация нұсқауларын табу
Бағдарламалық құрал жаңартуларын жүктеп алу
Қолдау форумдарына қосылу
Кепілдік және нормативтік ақпарат табу
Мобильді басып шығару ресурстарына қол жеткізу