HP Color LaserJet Pro MFP M178-M181 - Getting Started Guide

Русский ............... 6
Қазақша ............. 1
1
www.hp.com/support/ljM178MFP www.register.hp.com
Мазмұны
3. Басқару панеліндегі бастапқы орнату ............... 1
4. Байланыс әдісін таңдау ......................................... 1
5. Бағдарламалық құралды жүктеп алу
жәнеорнату ............................................................. 2
6. Мобильді басып шығару (қосымша) .................. 2
7. Электрондық пошта арқылы HP ePrint
мүмкіндігін орнату (қосымша) .............................. 2
8. Факсты реттеу (тек факс үлгілері - қосымша) .....3
9. Сканерлеу мүмкіндігін пайдалану ....................... 4
Ақауларды жою ........................................................... 4
Color LaserJet Pro MFP M178-M181
пайдалануға дайындық нұсқаулығы
МАҢЫЗДЫ!
Принтер жабдығын
орнату постерінде
1-ші және 2-ші
қадамдарды
орындаңыз, одан кейін
3-қадамға өтіңіз.
3.
Басқару панеліндегі бастапқы орнату
Windows
1. Бағдарламалық құралды орнатпас бұрын USB кабелін жалғамаңыз.
Орнату барысында уақыты келгенде кабельді жалғау туралы нұсқау
беріледі. Кабель қосылып қойған болса, орнату кабельді қосуды
ескерткен кезде принтерді қайта іске қосыңыз.
2. «5. Бағдарламалық құралды жүктеп алу және орнату» бөліміне өтіңіз.
OS X
1. OS X жүйесі үшін бағдарламалық құралды орнатпас бұрын
компьютер мен принтерді USB кабелі арқылы жалғаңыз.
2. «5. Бағдарламалық құралды жүктеп алу және орнату» бөліміне өтіңіз.
Сымсыз желі қосылымы (тек сымсыз үлгілер)
2 жолды басқару панельдері
1. Принтерді сымсыз (Wi-Fi) желіге қосу үшін принтердің, қосылу
нүктесінің және компьютердің іске қосылып тұрғанын әрі
компьютердің сымсыз желімен байланыстырылғанын тексеріңіз.
2. Бағдарламалық құралды орнату барысында USB кабелі қажет
болуымүмкін.
3. Компьютерден басып шығару үшін «5. Бағдарламалық құралды
жүктеп алу және орнату» бөліміне өтіңіз. Тек телефоннан немесе
планшеттен басып шығару үшін «6. Мобильді басып шығару
осымша)» бөліміне өтіңіз.
Сымды Ethernet желі байланысы
(қосымша)
Стандартты желі кабелін пайдаланыңыз.
1. Желі кабелін принтерге және желіге жалғаңыз. Принтер желі
мекенжайын алғанша бірнеше минут күте тұрыңыз.
2. «5. Бағдарламалық құралды жүктеп алу және орнату» бөліміне өтіңіз.
Өнім мен компьютер арасындағы тікелей
USB қосылымы
A-B түріне жататын USB кабелін пайдаланыңыз.
4.
Байланыс әдісін таңдау
IP мекенжайын қолмен конфигурациялау
IP мекенжайын www.hp.com/support/ljM178MFP қолмен конфигурациялау әдісі
туралы ақпаратты пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.
Принтердің басқару тақтасында бағдарламалық құралды орнатуды бастау
алдында дисплей күйін тексеріңіз.

Summary of content (12 pages)