HP Color LaserJet Pro MFP M178-M181 - User's Guide

Принтердің басқару панелінде немесе EWS жүйесінде «Cartridge
is low» (Картридж деңгейі төмен) немесе «Cartridge is very low»
артридж деңгейі өте төмен) хабары көрсетіледі
Cartridge is low (Картридж деңгейі төмен): Принтер картридждің деңгейі төмен екенін көрсетеді.
Картридждің қалған нақты қызмет ету мерзімі басқаша болуы мүмкін. Баспа сапасы нашарлағанда, орнына
салынатын баспа картриджін дайындап қойыңыз. Картриджді әзірше ауыстыру қажет емес.
Тонерді қайта үлестіру рұқсат етілетін баспа сапасына сәйкес келмейінше, басып шығаруды ағымдағы
картриджбен жалғастыруыңыз
. Тонерді қайта үлестіру үшін, тонер картриджін принтерден шығарып алып,
картриджді әрі-бері ақырын сілкіңіз. Тонер картриджін принтерге қайта салып, қақпақты жабыңыз.
Cartridge is very low (Картридж деңгейі өте төмен): принтер картридждің деңгейі өте төмен екенін
көрсетеді. Картридждің қалған нақты қызмет мерзімі басқаша болуы мүмкін. Тонердің қызмет мерзімін
ұзарту үшін картридждерді әрі-бері ақырын сілкіңіз. Баспа сапасы нашарлағанда, орнына салынатын
баспа картриджін дайындап қойыңыз. Баспа сапасы нашар болмаса, картриджді қазір ауыстырудың
қажеті жоқ.
HP Premium Protection кепілдігінің мерзімі EWS немесе Жабдықтар күйі парағында осы жабдыққа
HP Premium Protection кепілдігінің аяқталғанын көрсететін хабарлама пайда болғанда бітеді.
«Very Low» (Өте төмен) параметрлерін өзгерту
Жабдықтар Very Low (Өте төмен) деңгейге жеткенде принтер орындайтын әрекеттерді өзгертуге болады.
Жаңа картриджді салғанда осы параметрлерді қайта орнатудың қажеті жоқ.
ЕСКЕРТПЕ: Қадамдар басқару панелінің түріне байланысты әртүрлі болады.
1 2
94 9-тарау Проблемаларды шешу KKWW