HP Color LaserJet Pro MFP M178-M181 - User's Guide
● Принтерді картридж өте төмен деңгейде екенін ескертетін, бірақ басып шығаруды
жалғастыратын етіп орнату үшін Continue (Жалғастыру) опциясын таңдаңыз.
● Принтерді картриджді ауыстырғанша басып шығаруды тоқтататын етіп орнату үшін Stop
(Тоқтату) опциясын таңдаңыз.
● Принтерді басып шығаруды тоқтататын және картриджді ауыстыруға кеңес беретін етіп орнату
үшін Prompt (Ұсыну) опциясын таңдаңыз. Ұсынысты қабылдап, басып шығаруды жалғастыруға
болады. Бұл принтердегі пайдаланушы өзгерте алатын опция — «Prompt to Remind Me in 100
pages, 200 pages, 300 pages, 400 pages, or never» (100 беттен, 200 беттен, 300 беттен, 400
беттен кейін есіме салу немесе ешқашан есіме салмау). Бұл опция пайдаланушы ыңғайлылығы
үшін қамтамасыз етілген және осы беттердің қанағаттандырарлық сапамен басылып
шығатынын білдірмейді
.
Факс мүмкіндігі бар принтерлер үшін
Принтер Stop (Тоқтату) немесе Prompt (Сұрау) параметріне орнатылған болса, принтер басып шығаруды
жалғастырғанда кейбір факстардың басып шығарылмау қаупі бар. Принтер күтіп тұрғанда, принтер жад
сыйдыра алатыннан көбірек факс алғанда, осы орын алады.
Картридж үшін Continue (Жалғастыру) опциясын таңдасаңыз, принтер Very Low (Өте төмен) шегінен
асқанда, факстарды үзіліссіз басып шығара алады, бірақ баспа сапасы нашарлауы мүмкін.
Жабдықтарына тапсырыс беру
Жабдықтар мен қағазға тапсырыс беру www.hp.com/go/suresupply
Қызмет көрсету орталығы немесе қолдау көрсетуші
провайдерлер арқылы тапсырыс беру
HP өкілетті қызмет көрсету орталығымен немесе қолдау
көрсетуші провайдермен хабарласыңыз.
HP енгізілген веб-сервері (EWS) арқылы тапсырыс беру Кіру үшін компьютерде қолдау көрсетілетін веб-шолғыштағы
мекенжай/URL жолағына принтердің IP мекенжайын немесе
хост атауын енгізіңіз. EWS құрамында HP SureSupply веб-
сайтына сілтеме бар, ол түпнұсқа HP жабдықтарын сатып алу
опцияларын береді.
96 9-тарау Проблемаларды шешу KKWW