HP Color LaserJet Pro MFP M178-M181 - User's Guide

Тонер картриджінің күйін тексеру
Тонер картридждерінде қалған шамамен қызмет мерзімін тексеру және қажет болса басқа ауыстыруға
болатын техникалық қызмет көрсету бөліктерінің күйін тексеру үшін мына қадамдарды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Қадамдар басқару панелінің түріне байланысты әртүрлі болады.
1 2
1 Жарық диодты басқару тақтасы
2 2 жолды басқару панелі
Бірінші қадам: Жабдықтар күйінің бетін басып шығару (Жарық диодты басқару тақтасы)
Принтер конфигурациялау бетін басып шығарғанда, ол жабдықтарды шолу бетін басып шығарады.
1.
Ready (Дайын) шамы жыпылықтай бастағанша, Resume (Жалғастыру) түймешігін басып
тұрыңыз
.
2.
Resume (Жалғастыру) түймешігін босатыңыз.
Бірінші қадам: Жабдықтар күйінің бетін басып шығару (2 жолды басқару тақталары)
1. Принтердің басқару тақтасында Setup (Параметрлерді орнату) түймесін басыңыз.
2. Reportsсептер) параметрін таңдаңыз.
3. Supplies Status (Жабдықтар күйі) параметрін таңдаңыз.
2-қадам: Жабдықтар күйін тексеру
1. Тонер картридждерінде қалған шамамен қызмет мерзімін және қажет болса басқа ауыстыруға
болатын техникалық қызмет көрсету бөліктерінің күйін тексеру үшін жабдықтар күйі есебін қараңыз.
Басып шығару сапасының мәселелері шамаланған қызмет мерзімі аяқталатын тонер картриджін
пайдаланғанда орын алуы мүмкін. Жабдықтар күйінің беті жабдық күйінің өте төмен екенін көрсетеді.
HP Premium Protection кепілдігінің мерзімі EWS немесе Жабдықтар күйі парағында осы жабдыққа
HP Premium Protection кепілдігінің аяқталғанын көрсететін хабарлама пайда болғанда бітеді.
Басып шығару сапасы жарамды деңгейде болса, тонер картриджін әзірше ауыстырудың қажеті жоқ.
Баспа сапасы нашарлағанда, орнына салынатын баспа картриджін дайындап қойыңыз.
114 9-тарау Проблемаларды шешу KKWW