HP Color LaserJet Pro MFP M178-M181 - User's Guide

Түс опцияларын өзгерту
1. Бағдарламалық құралда Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Принтерді таңдап, Properties (Сипаттар) немесе Preferences (Параметрлер) түймешігін басыңыз.
3. Color (Түс) жиекбелгісін басыңыз.
4. Түрлі түсті құжатты қара және сұр түстің реңдерінде басып шығару үшін Print in Grayscale (Сұр түс
шкаласында басып шығару) опциясын басыңыз. Түрлі түсті құжаттарды фотокөшірме немесе факс
үшін басып шығаруға осы опцияны пайдаланыңыз. Бұған қоса, бұл опцияны алғашқы нұсқа
көшірмелерін басып шығару немесе түсті тонерді үнемдеу үшін пайдалануға болады.
5. Document Properties (Құжат сипаттары) тілқатысу терезесін жабу үшін OK түймешігін түртіңіз.
Тапсырманы басып шығару үшін Print (Басып шығару) тілқатысу терезесіндегі OK түймешігін түртіңіз.
KKWW Баспа сапасын жақсарту 123