HP Color LaserJet Pro MFP M178-M181 - User's Guide
Мәтіндер немесе суреттер үшін оңтайландыру
ЕСКЕРТПЕ: Қадамдар басқару панелінің түріне байланысты әртүрлі болады.
1 2
1 Жарық диодты басқару тақтасы
2 2 жолды басқару панелі
Жарық диодты басқару тақталары
1. HP ендірілген веб-серверін (EWS) ашыңыз:
а. HP Printer Assistant (HP принтер көмекшісі) мәзірін ашыңыз.
● Windows 10: Start (Бастау) мәзірінде All Apps (Барлық қолданбалар), HP түймесін басып,
принтер атауын таңдаңыз.
● Windows 8.1: Start (Бастау) экранының төменгі сол жағындағы төмен көрсеткісін басып,
принтер атын таңдаңыз.
● Windows 8: Start (Бастау) экранының бос аймағын тінтуірдің оң жағымен басып, қолданба
жолағында All Apps (Барлық қолданбалар) тармағын, одан кейін принтер атын таңдаңыз.
● Windows 7, Windows Vista және Windows XP: компьютердің жұмыс үстелінде Start (Бастау)
түймесін басып, All Programs (Барлық бағдарламалар) опциясын таңдап, HP түймесін
басып, принтер қалтасын, одан кейін принтер атауын таңдаңыз.
ә. HP Printer Assistant (HP принтер көмекшісі) мәзірінен Print (Басып шығару) опциясын, одан кейін
HP Device Toolbox (HP құрылғысының құралдар тақтасы) опциясын таңдаңыз.
2. Copy (Көшіру) жиекбелгісінде Optimize (Оңтайландыру) ашылмалы тізімін таңдаңыз.
3. Қолданылатын пернелер тіркесімін таңдаңыз.
● Auto Select (Автоматты түрде таңдау): көшірменің сапасы маңызды болмаған кезде осы
параметрді пайдаланыңыз. Бұл әдепкі параметр болып табылады.
● Mixed (Аралас): бұл параметрді мәтіні мен суреттері араласып келетін құжаттар үшін
пайдаланыңыз.
● Text (Мәтін): мәтіні көп болатын құжаттар үшін осы параметрді пайдаланыңыз.
● Picture (Сурет): құрамында суреттері көп болатын құжаттар үшін осы параметрді пайдаланыңыз.
4. Қажетті параметрлерді өзгертіп, Apply (Қолдану) түймесін басыңыз.
140 9-тарау Проблемаларды шешу KKWW