HP Color LaserJet Pro MFP M178-M181 - User's Guide
Факс жіберу ажыратымдылық параметрлерін тексеру
1. Принтердің басқару панелінде Setup (Орнату) түймесін басыңыз.
2. Fax Setup (Факсты реттеу) тармағын таңдаңыз.
3. Send Fax Setup (Факс жіберуді реттеу) тармағын таңдаңыз да, Def. Resolution (Ажыратымдылықты
анықтау) параметрін таңдаңыз.
4. Қажетті ажыратымдылық параметрін таңдаңыз да, OK түймесін басыңыз.
Қатені түзету параметрлерін тексеру
Әдетте, принтер факс қабылдау немесе жіберу кезінде телефон желісіндегі сигналдарды бақылап
отырады. Егер берілім кезінде принтер қате тапса және қатені түзету параметрі On (Қосулы) болса, принтер
факстың бөлігін қайта жіберуді сұрауы мүмкін. Қатені түзету үшін зауыттық стандартты мән On (Қосулы).
Факсті жіберу немесе қабылдау кезінде қиыншылықтарға кездессеңіз немесе берілімдегі қателерді
қабылдағыңыз келсе ғана, қатені түзету режимін ажыратуыңыз қажет. Факсті шетелге жіберу немесе
шетелден факс қабылдау кезінде не болмаса сіз телефон байланысын жер серігі арқылы пайдалансаңыз,
бұл функцияны ажыратып қою пайдалы болуы мүмкін.
1. Принтердің басқару панелінде Setup (Орнату) түймесін басыңыз.
2. Service (Қызмет) опциясын таңдаңыз, сосын Fax Service (Факс қызметі) опциясын таңдаңыз.
3. Error Correction (Қателерді түзету) опциясын, сосын On (Қосу) параметрін таңдаңыз.
Бетке шақтау параметрін тексеру
Принтер факсты беттен тыс басып шығарса, принтердің басқару тақтасынан бетке шақтау мүмкіндігін
қосыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Әдепкі қағаз өлшемі параметрінің науадағы қағаздың өлшеміне сәйкес екенін тексеріңіз.
1. Принтердің басқару панелінде Setup (Орнату) түймесін басыңыз.
2. Fax Setup (Факсты реттеу) тармағын, одан кейін Recv. Fax Setup (Факсты қабылдауды реттеу)
опциясын таңдаңыз.
3. Fit to Page (Бетке сәйкестендіру) опциясын, сосын On (Қосу) параметрін таңдаңыз.
Басқа факс құрылғысына жіберу
Факсті басқа факс құрылғысына жіберіп көріңіз. Факс сапасы жақсырақ болса, мәселе алушының факс
машинасының бастапқы параметрлеріне немесе жабдықтардың күйіне байланысты.
Жіберушінің факс құрылғысын тексеру
Жіберушіден басқа факс құрылғысынан жіберіп көруді сұраңыз. Факс сапасы жақсырақ болса, ақаулық
жіберушінің факс құрылғысында туындаған. Басқа факс құрылғысы қол жетімсіз болса, жіберушіден келесі
өзгерістерді енгізуді сұраңыз:
KKWW Факс сурет сапасын жақсарту 145