HP Color LaserJet Pro MFP M178-M181 - User's Guide
Факс мәселелерін шешу
Кіріспе
Мәселелерді шешуге көмектесу үшін факс ақауларын жою ақпаратын пайдаланыңыз.
●
Факстің ақаулықтарын жою туралы бақылау кестесі
●
Факстың жалпы ақаулықтарын жою
Факстің ақаулықтарын жою туралы бақылау кестесі
● Бірнеше ықтимал шешім қолжетімді болады. Әр ұсынылған әрекеттен кейін ақаудың жойылғанын
тексеру үшін қайта факс жіберіп көріңіз.
● Факс ақауларын жойғанда, жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін принтер сымы тікелей қабырғадағы
телефон ұясына жалғанғанын тексеріңіз. Принтерге жалғанған басқа құрылғылардың барлығын
ажыратыңыз.
1. Телефон сымының принтердің артқы жағындағы дұрыс ұяға жалғанғанын тексеріңіз.
2. Факс тексеруін пайдаланып, телефон желісін тексеріңіз:
а. Принтердің басқару тақтасында Setup (Параметрлерді орнату) түймесін басыңыз.
ә. Service (Қызмет) тармағын таңдаңыз да, Run Fax Test (Факсты тексеруді орындау) пәрменін
таңдаңыз. Принтер факс тексеруі туралы есепті басып шығарады.
Есепте келесі ықтимал нәтижелер болады:
● Сәтті: Есепте қарап шығуға болатын ағымдағы факс параметрлері бар.
● Сәтсіз: Есеп қате сипаттамасын және мәселені шешу жолы бойынша ұсыныстарды көрсетеді.
3. Принтер микрбағдарламасының қазіргі нұсқадағы екенін тексеріңіз:
а. Ағымдағы микробағдарлама күнінің кодын алу үшін Reports (Есептер) мәзірінен конфигурация
бетін басып шығарыңыз.
ә. Мына www.hp.com/support веб-сайтына өтіп, ел/аудан тілін таңдап, Get software and drivers
(Бағдарламалық құрал және драйверлер алу) сілтемесін басыңыз, іздеу жолағына принтер
атауын теріңіз, ENTER түймесін басып, іздеу нәтижелерінің тізімінен принтерді таңдаңыз.
б. Операциялық жүйені таңдаңыз.
в. Firmware (Микробағдарлама) бөлімінде Firmware Update Utility (Микробағдарламаны жаңарту
утилитасын) тармағын табыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: принтер үлгісіне арналған микробағдарламаны жаңарту утилитасын
пайдаланыңыз.
г. Download (Жүктеу) түймешігін, Run (Орындау) түймешігін, одан кейін Run (Орындау) түймешігін
қайтадан басыңыз.
ғ. Утилита іске қосылғанда ашылмалы тізімнен принтерді таңдаңыз да, Send Firmware
(Микробағдарламаны жіберу) түймесін басыңыз.
KKWW Факс мәселелерін шешу 153