HP Color LaserJet Pro MFP M178-M181 - User's Guide
ЕСКЕРТПЕ: жаңарту процесінің алдында немесе одан кейін орнатылған микробағдарлама
нұсқасын тексеру мақсатында конфигурация бетін басып шығару үшін Print Cong
(Конфигурацияны басып шығару) параметрін басыңыз.
д. Экрандағы нұсқауларды орындап орнатуды аяқтаңыз, одан кейін утилитаны жабу үшін Exit
(Шығу) түймешігін басыңыз.
4. Принтердің бағдарламалық құралы орнатылған уақытта факс параметрлерінің реттелгенін тексеріңіз.
Компьютердегі HP бағдарламалық қалтадан Fax Setup Utility («Факс параметрлерін реттеу
утилитасы») бағдарламасын қосыңыз.
5. Телефон қызметінің аналог факсты қолдайтынын тексеріңіз.
● ISDN немесе сандық PBX қолданылғанда аналог факс желісі байланысын реттеу ақпаратын алу
үшін қызмет провайдеріне хабарласыңыз.
● VoIP қызметін пайдаланғанда, басқару тақтасында Fax Speed (Факс жылдамдығы) параметрін
Slow(V.29) (Баяу(V.29)) мәніне өзгертіңіз. Қызмет провайдері факс қызметін қолдайтынын және
ұсынылған факс модемінің жылдамдығын сұраңыз. Кейбір компаниялар адаптерді сұрауы
мүмкін.
● DSL қызметін пайдаланғанда, принтердің телефон желісі байланысында сүзгінің бар-жоғын
тексеріңіз. DSL қызметінің провайдеріне хабарласыңыз немесе болмаған жағдайда DSL сүзгісін
сатып алыңыз. DSL сүзгісі орнатылған болса, ақаулығы болуы мүмкін болғандықтан басқасын
пайдаланып көріңіз.
Факстың жалпы ақаулықтарын жою
●
Факстер баяу жіберілуде
●
Факс сапасы нашар
●
Факс жіберілген деректі үзілмелі түрде жіберуде немесе екі параққа басып шығаруда
Факстер баяу жіберілуде
Принтердегі телефон желісінің сапасы нашар.
● Желі жағдайы жақсарғанда факсті қайта жіберіп көріңіз.
● Телефон қызметінің ұсынушыдан факс желісін тексеріңіз.
● Error Correction (Қателерді түзету) параметрін өшіріңіз.
а. Принтердің басқару панелінде Setup (Орнату) түймесін басыңыз.
ә. Service (Қызмет) опциясын таңдаңыз, сосын Fax Service (Факс қызметі) опциясын таңдаңыз.
б. Error Correction (Қателерді түзету) опциясын, сосын O (Ажырату) параметрін таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: бұл бейне сапасын төмендетуі мүмкін.
● Түпнұсқа үшін ақ қағазды қолданыңыз. Сұр, сары немесе қызғылт сияқты бояуларды қолданбаңыз.
● Fax Speed (Факс жылдамдығы) параметрін арттырыңыз.
154 9-тарау Проблемаларды шешу KKWW