HP Color LaserJet Pro MFP M178-M181 - User's Guide
Мобильді басып шығару
Кіріспе
HP компаниясы ноутбуктан, планшеттен, смартфоннан немесе басқа мобильді құрылғыдан HP принтері
арқылы оңай басып шығаруға мүмкіндік беретін мобильді және электрондық басып шығару (ePrint)
шешімдерін ұсынады. Толық тізімді көру және ең жақсы таңдауды анықтау үшін www.hp.com/go/
LaserJetMobilePrinting сайтына өтіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Барлық ұялы басып шығару және ePrint мүмкіндіктеріне қолдау көрсетілуі үшін принтер
микробағдарламасын жаңартыңыз.
●
Wi-Fi Direct (тек сымсыз үлгілерде)
●
Электрондық пошта арқылы HP ePrint
●
HP ePrint бағдарламалық құралы
●
AirPrint
●
Android ендірілген басып шығаруы
Wi-Fi Direct (тек сымсыз үлгілерде)
Wi-Fi Direct желіге немесе Интернетке қосылуды қажет етпей-ақ сымсыз мобильді құрылғыдан басып
шығаруға мүмкіндік береді.
ЕСКЕРТПЕ: Wi-Fi Direct қазір мобильді операциялық жүйелердің барлығына қолдау көрсетпейді.
ЕСКЕРТПЕ: Wi-Fi Direct мүмкіндігі жоқ мобильді құрылғылар үшін Wi-Fi Direct байланысы тек басып
шығаруға қосылады. Басып шығаруға Wi-Fi Direct мүмкіндігін пайдаланғаннан кейін Интернетке кіру үшін
жергілікті желіге қайта қосылу қажет.
Принтердің Wi-Fi Direct байланысына кіру үшін келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Принтердің басқару панелінде Setup (Орнату) түймесін басыңыз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
● Network Setup (Желіні орнату)
● Wi-Fi Direct
● Connection Method (Қосылым әдісі)
3. Келесі байланыс әдістерінің бірін таңдаңыз:
● Automatic (Автоматты): Бұл опцияны таңдасаңыз, құпия сөзді келесі мәнге орнатады: 12345678.
● Manual (Қолмен орнату): Бұл опцияны таңдасаңыз, қауіпсіз, кездейсоқ жасалған құпия сөзді
жасайды.
4. Мобильді құрылғыда Wi-Fi немесе Wi-Fi Direct мәзірін ашыңыз.
5. Қолжетімді желілер тізімінен принтер атын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер принтер аты көрсетілмесе, Wi-Fi Direct сигналы ауқымынан тыс болуыңыз мүмкін.
Құрылғыны принтерге жақын жылжытыңыз.
KKWW Мобильді басып шығару 37