HP Color LaserJet Pro MFP M178-M181 - User's Guide
Принтердің Wi-Fi Direct атауын өзгерту
Принтердің Wi-Fi Direct атын HP ендірілген веб-серверін (EWS) қолданып өзгерту үшін осы процедураны
орындаңыз:
Бірінші қадам: НР ендірілген веб-серверін ашу
1. Принтердің басқару тақтасында Setup (Параметрлерді орнату) түймесін басыңыз. Network Setup
(Желі параметрлерін орнату) мәзірін ашып, Show IP Address (IP мекенжайын көрсету) опциясын, одан
кейін Yes (Иә) опциясын таңдаңыз. IP мекенжайын көру үшін негізгі экранға оралыңыз.
2. Веб-шолғышты ашыңыз және мекенжай жолында IP мекенжайын немесе хост атауын дәл
принтердің басқару панелінде көрсетілгендей теріңіз. Компьютер пернетақтасындағы Enter пернесін
басыңыз. EWS экраны ашылады.
ЕСКЕРТПЕ: егер веб-шолғыш кірілетін веб-сайттың қауіпсіз болмауы мүмкін екендігін көрсететін
хабарды берсе, веб-сайтқа кіруді жалғастыру үшін опцияны таңдаңыз. Бұл веб-сайтқа кіру
компьютерге зақым келтірмейді.
Екінші қадам: Wi-Fi Direct атауын өзгерту
1. Networking (Желі) қойындысын басыңыз.
2. Сол жақ шарлау аймағындағы Wi-Fi Direct Setup (Wi-Fi Direct параметрлерін орнату) сілтемесін
басыңыз.
3. Wi-Fi Direct Name (Wi-Fi Direct атауы) жолағына жаңа атауды енгізіңіз.
4. Apply (Қолдану) түймешігін басыңыз.
Электрондық пошта арқылы HP ePrint
Құжаттарды кез келген электрондық пошта қызметін қолданатын құрылғыдан электрондық хабардың
тіркемесі ретінде принтердің электрондық пошта мекенжайына жіберу арқылы басып шығару үшін
HP ePrint құралын пайдаланыңыз.
HP ePrint функциясын қолдану үшін принтер мына талаптарға сай болуы керек:
● Принтер сымды немесе сымсыз желіге қосылған және интернетке кіру мүмкіндігі болуы керек.
● Принтерде HP Web Services қосылып тұруы және принтер HP Connected қызметіне тіркелген болуы
керек.
HP Web Services қызметтерін қосу және HP Connected арқылы тіркеу үшін мына процедураны
орындаңыз:
1. Принтердің басқару тақтасында Setup (Параметрлерді орнату) түймесін басыңыз. Network
Setup (Желі параметрлерін орнату) мәзірін ашып, Show IP Address (IP мекенжайын көрсету)
опциясын, одан кейін Yes (Иә) опциясын таңдаңыз. IP мекенжайын көру үшін негізгі экранға
оралыңыз.
40 4-тарау Басып шығару KKWW