HP Color LaserJet Pro MFP M178-M181 - User's Guide

Көшірме жасау
ЕСКЕРТПЕ: Қадамдар басқару панелінің түріне байланысты түрленеді.
1 2
1 Жарық диодты басқару тақтасы
2 2 жолды басқару панелі
Жарық диодты басқару тақталары:
1. Құжатты сканер шынысына принтердегі көрсеткіштерге сәйкес қойыңыз.
2. Келесі көшіру параметрлерінің бірін таңдау үшін көшіру мәзірі түймесін басыңыз.
Number of Copies (Көшірмелер саны) параметрін таңдап, көшірмелер санын реттеу үшін көрсеткі
пернелерін пайдаланыңыз.
Lighter/Darker (Ашықтау/Күңгірттеу) параметрін таңдап, ағымдағы көшіру жұмысының күңгірт
параметрін реттеу үшін көрсеткі пернелерін пайдаланыңыз.
Enlarge/Reduce (Үлкейту/Азайту) параметрін таңдап, көшіру жұмысының өлшем пайызын реттеу
үшін көрсеткі пернелерін пайдаланыңыз.
3. Көшіруді бастау үшін Бір түсті көшіруді бастау түймесін немесе Түрлі-түсті көшіруді бастау
түймесін басыңыз.
2-line control panels (2 жолды басқару панельдері):
1. Құжатты сканер шынысына принтердегі көрсеткіштерге сәйкес қойыңыз.
2. Copy Menu (Көшіру мәзірі) түймесін басыңыз.
3. Құжаттардың әртүрлі түрлеріне арналған көшіру сапасын оңтайландыру мақсатында Optimize
(Оңтайландыру) мәзірін таңдау үшін көрсеткі пернелерін пайдаланыңыз, одан кейін OK түймесін
басыңыз. Мынадай көшірме сапасының параметрлері қолданылады:
Auto Select (Автоматты түрде таңдау): Көшірменің сапасы маңызды болмаған кезде осы
параметрді пайдаланыңыз. Бұл әдепкі параметр болып табылады.
Mixed (Аралас): Бұл параметрді мәтіні мен суреттері араласып келетін құжаттар үшін
пайдаланыңыз.
Text (Мәтін): Мәтіні көп болатын құжаттар үшін осы параметрді пайдаланыңыз.
Pictureурет): Құрамында суреттері көп болатын құжаттар үшін осы параметрді пайдаланыңыз.
46 5-тарау Көшіру KKWW