HP Color LaserJet Pro MFP M178-M181 - User's Guide
HP Scan бағдарламалық құралының көмегімен сканерлеу
(Windows)
HP Scan бағдарламасын пайдаланып компьтердегі бағдарламадан сканерлеуді бастаңыз. Сканерленген
суретті файл ретінде сақтауға немесе басқа бағдарламаға жіберуге болады.
1. HP Printer Assistant (HP принтер көмекшісі) мәзірін ашыңыз.
● Windows 10: Start (Бастау) мәзірінде All Apps (Барлық қолданбалар), HP түймесін басып, принтер
атауын таңдаңыз.
● Windows 8.1: Start (Бастау) экранының төменгі сол жағындағы төмен көрсеткісін басып, принтер
атын таңдаңыз.
● Windows 8: Start (Бастау) экранының бос аймағын тінтуірдің оң жағымен басып, қолданба
жолағында All Apps (Барлық қолданбалар) тармағын, одан кейін принтер атын таңдаңыз.
● Windows 7: компьютердің жұмыс үстелінде Start (Бастау) түймесін басып, All Programs (Барлық
бағдарламалар) опциясын таңдап, HP түймесін басып, принтер қалтасын, одан кейін принтер
атауын таңдаңыз.
2. HP Printer Assistant (HP принтер көмекшісі) мәзірінде Scan (Сканерлеу) опциясын таңдап, Scan a
Document or Photo (Құжатты немесе фотосуретті сканерлеу) опциясын таңдаңыз.
3. Параметрлерді қажетінше реттеңіз.
4. Scan (Сканерлеу) түймесін басыңыз.
50 6-тарау Сканерлеу KKWW