HP Color LaserJet Pro MFP M178-M181 - User's Guide
3. Принтердің артындағы телефон желісінің шығыс портының тығынын алыңыз, одан кейін телефонды
осы портқа жалғаңыз.
4. Принтерді факс қоңырауларына автоматты түрде жауап беруге реттеңіз.
а. Принтерді қосыңыз.
ә. Басқару тақтасынан Setup (Орнату) мәзірін ашыңыз.
б. Fax Setup (Факсты орнату) мәзірін таңдаңыз.
в. Basic Setup (Негізгі орнату) мәзірін таңдаңыз.
г. Answer Mode (Жауап беру режимі) параметрін, одан кейін Automatic (Автоматты) опциясын
таңдаңыз.
5. Факсты жіберу алдында теру үнін тексеруге принтерді реттеңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл басқа біреу телефонды пайдаланып жатқан кезде принтердің факс жіберуін
болдырмайды.
а. Басқару тақтасынан Setup (Орнату) мәзірін ашыңыз.
ә. Fax Setup (Факсты орнату) мәзірін таңдаңыз.
б. Advanced Setup (Кеңейтілген орнату) мәзірін таңдаңыз.
в. Detect Dial Tone (Теру үнін анықтау) параметрін, одан кейін On (Қосу) күйін таңдаңыз.
6. 3-қадам: факс уақытын, күнін және тақырыбын реттеу (59-бет) бөліміне өтіңіз.
Автожауапбергіш бар ортақ дауыс/факс желісі
Принтердің авто жауап бергіш бар ортақ дауыс/факс желісінде орнату үшін осы қадамдарды орындаңыз.
1. Телефон ұясына қосылған барлық құрылғыларды ажыратыңыз.
KKWW Факстерді жіберуді және алуды реттеу 57