HP Color LaserJet Pro MFP M178-M181 - User's Guide
г. Rings to Answer (Жауап беретін қоңыраулар) опциясын таңдаңыз.
ғ. Принтердің басқару панеліндегі сандық пернетақтаны пайдаланып қоңыраулардың санын
орнатып, OK опциясын таңдаңыз.
6. Принтерді факс қоңырауларына автоматты түрде жауап беруге реттеңіз.
а. Басқару тақтасынан Setup (Орнату) мәзірін ашыңыз.
ә. Fax Setup (Факсты орнату) мәзірін таңдаңыз.
б. Basic Setup (Негізгі орнату) мәзірін таңдаңыз.
в. Answer Mode (Жауап беру режимі) параметрін, одан кейін Automatic (Автоматты) опциясын
таңдаңыз.
7. Факсты жіберу алдында теру үнін тексеруге принтерді реттеңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл басқа біреу телефонды пайдаланып жатқан кезде принтердің факс жіберуін
болдырмайды.
а. Басқару тақтасынан Setup (Орнату) мәзірін ашыңыз.
ә. Fax Setup (Факсты орнату) мәзірін таңдаңыз.
б. Advanced Setup (Кеңейтілген орнату) мәзірін таңдаңыз.
в. Detect Dial Tone (Теру үнін анықтау) параметрін, одан кейін On (Қосу) күйін таңдаңыз.
8. 3-қадам: факс уақытын, күнін және тақырыбын реттеу (59-бет) бөліміне өтіңіз.
3-қадам: факс уақытын, күнін және тақырыбын реттеу
Принтердің факс параметрлерін келесі әдістердің біреуімен реттеңіз:
● HP факс орнату шебері (59-бет) (ұсынылған әдіс)
● Принтердің басқару тақтасы (60-бет)
● HP ендірілген веб-сервері (EWS) және HP құрылғысының құралдар жинағы (Windows) (60-бет)
(бағдарлама орнатылған болса)
ЕСКЕРТПЕ: Америка Құрама Штаттарында және көптеген басқа елдерде/аймақтарда уақытты, күнді және
факс тақырыбының басқа мәліметтерін орнату заң талабы болып табылады.
HP факс орнату шебері
Бастапқы параметрлерді орнатудан және бағдарламаны орнатудан кейін мына қадамдарды орындау
арқылы факс параметрлерін орнату шеберін ашыңыз:
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір операциялық жүйелерде Факс орнату шеберіне қолдау көрсетілмейді.
1. HP Printer Assistant (HP принтер көмекшісі) мәзірін ашыңыз.
● Windows 10: Start (Бастау) мәзірінде All Apps (Барлық қолданбалар), HP түймесін басып, принтер
атауын таңдаңыз.
● Windows 8.1: Start (Бастау) экранының төменгі сол жағындағы төмен көрсеткісін басып, принтер
атын таңдаңыз.
KKWW Факстерді жіберуді және алуды реттеу 59