HP Color LaserJet Pro MFP M178-M181 - User's Guide
● Windows 8: Start (Бастау) экранының бос аймағын тінтуірдің оң жағымен басып, қолданба
жолағында All Apps (Барлық қолданбалар) тармағын, одан кейін принтер атын таңдаңыз.
● Windows 7, Windows Vista және Windows XP: компьютердің жұмыс үстелінде Start (Бастау)
түймесін басып, All Programs (Барлық бағдарламалар) опциясын таңдап, HP түймесін басып,
принтер қалтасын, одан кейін принтер атауын таңдаңыз.
2. HP Printer Assistant (HP принтер көмекшісі) мәзірінен Fax (Факс) опциясын, одан кейін Fax Setup Wizard
(Факс орнату шебері) опциясын таңдаңыз.
3. Факс параметрлерін реттеу үшін HP Fax Setup Wizard (HP факс параметрлерін орнату шебері) бетінде
көрсетілген экрандағы нұсқауларды орындаңыз
.
4. 4-қадам: факс сынағын орындау (61-бет) бөліміне өтіңіз.
Принтердің басқару тақтасы
Басқару тақтасын күнді, уақытты және тақырыпты орнату мақсатында пайдалану үшін төмендегі
қадамдарды орындаңыз.
1. Басқару тақтасынан Setup (Орнату) мәзірін ашыңыз.
2. Fax Setup (Факсты орнату) мәзірін таңдаңыз.
3. Basic Setup (Негізгі орнату) мәзірін таңдаңыз.
4. Time/Date (Уақыт/Күн) опциясын таңдаңыз.
5. 12-hour clock (12 сағаттық) немесе 24-hour clock (24 сағаттық) параметрін таңдаңыз.
6. Ағымдағы уақытты енгізу үшін пернетақтаны пайдаланып, OK түймесін түртіңіз.
7. Күн пішімін таңдаңыз.
8. Ағымдағы күнді енгізу үшін пернетақтаны пайдаланып, OK түймесін түртіңіз.
9. Fax Header (Факс тақырыбы) мәзірін таңдаңыз.
10. Факс нөмірін енгізу үшін пернетақтаны пайдаланыңыз, одан кейін OK түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: факс нөміріндегі таңбалар саны ең көбі 20 болады.
11. Компания атын немесе тақырыбын енгізу үшін пернетақтаны пайдаланыңыз, одан кейін OK түймесін
басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: факс тақырыбындағы таңбалар саны ең көбі 25 болады.
12. 4-қадам: факс сынағын орындау (61-бет) бөліміне өтіңіз.
HP ендірілген веб-сервері (EWS) және HP құрылғысының құралдар жинағы (Windows)
1. HP EWS серверін бағдарламалық құралдан немесе веб-браузерден іске қосыңыз.
Бірінші әдіс: бағдарламалық құралдан HP ендірілген веб-серверін (EWS) ашу
а. HP Printer Assistant (HP принтер көмекшісі) мәзірін ашыңыз.
60 7-тарау Факс KKWW