HP Color LaserJet Pro MFP M178-M181 - User's Guide
● Windows 10: Start (Бастау) мәзірінде All Apps (Барлық қолданбалар), HP түймесін басып,
принтер атауын таңдаңыз.
● Windows 8.1: Start (Бастау) экранының төменгі сол жағындағы төмен көрсеткісін басып,
принтер атын таңдаңыз.
● Windows 8: Start (Бастау) экранының бос аймағын тінтуірдің оң жағымен басып, қолданба
жолағында All Apps (Барлық қолданбалар) тармағын, одан кейін принтер атын таңдаңыз.
● Windows 7, Windows Vista және Windows XP: компьютердің жұмыс үстелінде Start (Бастау)
түймесін басып, All Programs (Барлық бағдарламалар) опциясын таңдап, HP түймесін
басып
, принтер қалтасын, одан кейін принтер атауын таңдаңыз.
ә. HP Printer Assistant (HP принтер көмекшісі) мәзірінен Print (Басып шығару) опциясын, одан кейін
HP Device Toolbox (HP құрылғысының құралдар тақтасы) опциясын таңдаңыз.
2 жолды басқару панельдері
а. Принтердің басқару тақтасында Setup (Параметрлерді орнату) түймесін басыңыз. Network
Setup (Желі параметрлерін орнату) мәзірін ашып, Show IP Address (IP мекенжайын көрсету)
опциясын, одан кейін Yes (Иә) опциясын таңдаңыз. IP мекенжайын көру үшін негізгі экранға
оралыңыз.
ә. Веб-шолғышты ашыңыз және мекенжай жолында IP мекенжайын немесе хост атауын дәл
принтердің басқару панелінде көрсетілгендей теріңіз. Компьютер пернетақтасындағы Enter
пернесін басыңыз. EWS экраны ашылады.
ЕСКЕРТПЕ: егер веб-шолғыш кірілетін веб-сайттың қауіпсіз болмауы мүмкін екендігін
көрсететін хабарды берсе, веб-сайтқа кіруді жалғастыру үшін опцияны таңдаңыз. Бұл веб-
сайтқа кіру компьютерге зақым келтірмейді.
2. System (Жүйе) қойындысын ашыңыз.
3. Device Information (Құрылғы туралы ақпарат) бетінде әдепкі принтер атауы Device Status (Құрылғы
күйі) өрісінде болады. Осы атты өзгертіп, бұл принтерді бірегей етіп анықтауға болады.
ЕСКЕРТПЕ: осы беттегі басқа жолдарды толтыру міндетті емес.
4. Өзгерістерді сақтау үшін Apply (Қолдану) түймешігін түртіңіз.
IPv4 TCP/IP параметрлерін басқару тақтасын қолмен реттеу
IPv4 мекенжайын, желі бөлігінің маскасын және стандартты шлюзді қолмен белгілеу үшін HP ендірілген
веб-серверінің (EWS) немесе басқару тақтасының мәзірлерін пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Қадамдар басқару панелінің түріне байланысты әртүрлі болады.
1 2
KKWW IP желі параметрлерін реттеу 75