HP Color LaserJet Pro MFP M178-M181 - User's Guide

Принтердің қауіпсіздік мүмкіндіктері
Кіріспе
Принтерде конфигурация параметрлеріне кіруге құқылы пайдаланушыларды шектейтін, деректерді
қорғайтын және маңызды аппараттық құралдар компоненттеріне қол жеткізудің алдын алатын бірнеше
қауіпсіздік мүмкіндігі бар.
Ендірілген веб-серверін пайдаланып жүйенің құпия сөзін тағайындау немесе өзгерту
Ендірілген веб-серверін пайдаланып жүйенің құпия сөзін тағайындау немесе
өзгерту
Рұқсаты жоқ пайдаланушылар принтер параметрлерін өзгерте алмауы үшін, принтерге және HP ендірілген
веб-серверіне өтуге арналған әкімші құпия сөзін тағайындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Қадамдар басқару панелінің түріне байланысты әртүрлі болады.
1 2
1 Жарық диодты басқару тақтасы
2 2 жолды басқару панелі
1. HP ендірілген веб-серверін (EWS) ашыңыз:
Жарық диодты басқару тақталары
а. HP Printer Assistant (HP принтер көмекшісі) мәзірін ашыңыз.
Windows 10: Startастау) мәзірінде All Appsарлық қолданбалар), HP түймесін басып,
принтер атауын таңдаңыз.
Windows 8.1: Startастау) экранының төменгі сол жағындағы төмен көрсеткісін басып,
принтер атын таңдаңыз.
Windows 8: Startастау) экранының бос аймағын тінтуірдің оң жағымен басып, қолданба
жолағында All Appsарлық қолданбалар) тармағын, одан кейін принтер атын таңдаңыз.
Windows 7, Windows Vista және Windows XP: компьютердің жұмыс үстелінде Startастау)
түймесін басып, All Programs (Барлық бағдарламалар) опциясын таңдап, HP түймесін
басып, принтер қалтасын, одан кейін принтер атауын таңдаңыз.
ә. HP Printer Assistant (HP принтер көмекшісі) мәзірінен Print (Басып шығару) опциясын, одан кейін
HP Device Toolbox (HP құрылғысының құралдар тақтасы) опциясын таңдаңыз.
KKWW Принтердің қауіпсіздік мүмкіндіктері 77