HP Color LaserJet Pro MFP M178-M181 - User's Guide
Қуат үнемдеу параметрлері
●
Кіріспе
●
EconoMode режимімен басып шығару
●
Әрекетсіздіктен кейін ұйқы/авто өшіру параметрін орнату
●
Әрекетсіздік кідірісінен кейін өшіру таймерін орнатып, принтерді 1 Ватт не одан аз қуат пайдаланатын
етіп реттеу
●
Кідірісті өшіру параметрін орнату
Кіріспе
Принтерде қуат пен жабдықтарды үнемдейтін бірнеше үнемдеу мүмкіндігі бар.
EconoMode режимімен басып шығару
Бұл принтерде құжаттардың жобаларын басуға арналған үнемдеу режимі мүмкіндігі бар. Үнемдеу режимін
пайдалану тонерді азырақ қолдануы мүмкін. Алайда, Үнемдеу режимі баспа сапасын да төмендетеді.
HP компаниясы EconoMode режимін үнемі пайдалануды ұсынбайды. EconoMode режимі үнемі пайдаланған
жағдайда, тонер картриджіндегі механикалық бөліктер тонер жабдығынан ерте тозуы мүмкін. Баспа
сапасы төмендей бастап, қанағаттанарлық болмаса, тонер картриджін ауыстырған жөн.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл мүмкіндік принтер драйверінде болмаса, оны HP ендірілген веб-серверін пайдаланып
орнатуға болады.
1. Бағдарламалық құралда Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Принтерді таңдап, Properties (Сипаттар) немесе Preferences (Параметрлер) түймесін басыңыз.
3. Paper/Quality (Қағаз/Сапа) қойындысын таңдаңыз.
4. EconoMode опциясын басыңыз.
Әрекетсіздіктен кейін ұйқы/авто өшіру параметрін орнату
Принтер ұйқы режиміне өтпестен бұрын, күту уақыты белгілеу үшін басқару тақтасының мәзірлерін
пайдаланыңыз.
Ұйқы/Автоматты өшіру параметрін өзгерту үшін мына процедураны орындаңыз:
ЕСКЕРТПЕ: Қадамдар басқару панелінің түріне байланысты әртүрлі болады.
1 2
1 Жарық диодты басқару тақтасы
2 2 жолды басқару панелі
KKWW Қуат үнемдеу параметрлері 79