HP Color LaserJet Pro MFP M178-M181 - User's Guide

Кідірісті өшіру параметрін орнату
Қуат түймесі басылғаннан кейін принтер сөндіруді кідіртетін-кідіртпейтінін таңдау үшін басқару
тақтасының мәзірлерін пайдаланыңыз.
Кідірісті өшіру параметрін өзгерту үшін мына процедураны орындаңыз:
ЕСКЕРТПЕ: Қадамдар басқару панелінің түріне байланысты әртүрлі болады.
1 2
1 Жарық диодты басқару тақтасы
2 2 жолды басқару панелі
Жарық диодты басқару тақталары:
1. HP ендірілген веб-серверін (EWS) ашыңыз:
а. HP Printer Assistant (HP принтер көмекшісі) мәзірін ашыңыз.
Windows 10: Startастау) мәзірінде All Appsарлық қолданбалар), HP түймесін басып,
принтер атауын таңдаңыз.
Windows 8.1: Startастау) экранының төменгі сол жағындағы төмен көрсеткісін басып,
принтер атын таңдаңыз.
Windows 8: Startастау) экранының бос аймағын тінтуірдің оң жағымен басып, қолданба
жолағында All Appsарлық қолданбалар) тармағын, одан кейін принтер атын таңдаңыз.
Windows 7, Windows Vista және Windows XP: компьютердің жұмыс үстелінде Startастау)
түймесін басып, All Programs (Барлық бағдарламалар) опциясын таңдап, HP түймесін
басып, принтер қалтасын, одан кейін принтер атауын таңдаңыз.
ә. HP Printer Assistant (HP принтер көмекшісі) мәзірінен Print (Басып шығару) опциясын, одан кейін
HP Device Toolbox (HP құрылғысының құралдар тақтасы) опциясын таңдаңыз.
2. Systemүйе) қойындысын басыңыз және Energy Settings (Энергия параметрлері) бетін таңдаңыз.
3. Delay when ports are active (Порттар белсенді болғанда кідіру) опциясын таңдаңыз немесе өшіріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл опция таңдалғанда, барлық порттар өшпейінше принтер өшпейді. Қосулы желі
байланысы немесе факс байланысы принтердің өшуіне жол бермейді.
2 жолды басқару панельдері:
1. Принтердің басқару тақтасында Setup (Параметрлерді орнату) түймесін басыңыз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
82 8-тарау Принтерді басқару KKWW