HP Color LaserJet Pro MFP M178-M181 - Warranty and Legal Guide
Сәйкестік мәлімдемесі
ISO/IEC 17050-1 және EN 17050-1 стандарттарына
сәйкес
Өнім осы құжат арқылы 2014/53/EU радио жабдық директивасының, 2009/125/EC Eco-design директивасының, 2011/65/EU RoHS
директивасының талаптарына сай келеді және тиісінше белгісімен таңбаланған.
Бұл құрылғы FCC ережелерінің 15-бөліміне сай. Өнімді пайдалану төмендегі екі шартқа байланысты: (1) Бұл құрылғы зиянды кедергі тудырмауы
керек және (2) бұл құрылғы кез келген алынған кедергіні, соның ішінде қажетсіз әрекеттің тууына себепші болатын кедергіні де қабылдауы
керек.
1. Бұл өнімге дизайнның нормативтік аспектілерімен бірге қалатын нормативтік үлгі нөмірі берілген. Нормативтік үлгі нөмірі — нормативтік
құжаттамадағы және сынақ туралы есептердегі негізгі өнім идентификаторы, бұл нөмірді маркетингтік атаумен немесе өнім нөмірлерімен
шатастырмау керек.
2. Жоғарыда көрсетілгендермен бірге мақсатты елдерге/аймақтарға лайықты болатын телекоммуникация қадағалау органының рұқсаттары
мен стандарттары осы құрылғыға қолданылды.
3. Бұл өнімде ол сатылатын елдердегі/аймақтардағы техникалық талаптарға сәйкес келетін BOISB-1500-00 немесе BOISB-1500-03 (US LIU),
BOISB-1500-01 немесе BOISB-1500-04 (EURO LIU), BOISB-1500-02 немесе BOISB-1500-05 (Brazil LIU) нормативтік үлгі нөмірі бар аналогтық
факс модулі пайдаланылады.
4. Бұл өнімде ол сатылатын елдердегі/аймақтардағы техникалық талаптарға сәйкес келетін SDGOB-1505 нормативтік үлгі нөмірі бар
радиомодуль құрылғысы пайдаланылады.
Шанхай, Қытай
қазан, 2017 ж.
Тек ережелерге қатысты мәселелер бойынша мына жерге хабарласыңыз:
АҚШ HP Inc., 1501 Page Mill Road, Palo Alto, CA 94304 650-857-1501
ЕО: HP Deutschland GmbH, HQ-TRE, 71025 Boeblingen, Germany
www.hp.eu/certicates
KKWW Сәйкестік мәлімдемесі 39