HP Color LaserJet Pro MFP M278-M281 - Getting Started Guide

1
Русский ............... 7
Қазақша ............. 1
Мазмұны
3. Басқару панеліндегі бастапқы орнату ............... 1
4. Байланыс әдісін таңдау ......................................... 1
5. Бағдарламалық құралды жүктеп алу
және орнату ............................................................. 2
6. Мобильді басып шығару (қосымша) .................. 2
7. Электрондық пошта арқылы HP ePrint
мүмкіндігін орнату (қосымша) .............................. 3
8. Факсты реттеу (тек факс үлгілері - қосымша) .... 4
9. Сканерлеу мүмкіндігін пайдалану ....................... 5
Ақауларды жою ........................................................... 5
www.hp.com/support/ljM278MFP www.register.hp.com
Color LaserJet Pro MFP M278-M281
Пайдалануға дайындық нұсқаулығы
МАҢЫЗДЫ!
Принтер жабдығын орнату
постерінде
1-ші және
2-ші қадамдарды
орындаңыз, одан кейін
3-қадамға өтіңіз.
3.
Басқару панеліндегі бастапқы орнату
Принтерді қосқаннан кейін оның іске қосылуын күтіңіз. Басқару панелінде
жылжу үшін түрту, сырғыту және айналдыру қимылдарын пайдаланыңыз.
Келесі параметрлерді реттеу үшін басқару панеліндегі нұсқауларды
орындаңыз:
Тіл
Орны
Әдепкі параметрлер
Default Settings (Әдепкі параметрлер) аумағында мына параметрлердің
біреуін таңдаңыз:
Windows
1. Бағдарламалық құралды орнатпас бұрын USB кабелін жалғамаңыз.
Орнату барысында уақыты келгенде кабельді жалғау туралы нұсқау
беріледі. Кабель қосылып қойған болса, орнату кабельді қосуды
ескерткен кезде принтерді қайта іске қосыңыз.
2. «5. Бағдарламалық құралды жүктеп алу және орнату» бөліміне өтіңіз.
OS X
1. OS X жүйесі үшін бағдарламалық құралды орнатпас бұрын
компьютер мен принтерді USB кабелі арқылы жалғаңыз.
2. «5. Бағдарламалық құралды жүктеп алу және орнату» бөліміне өтіңіз.
Сымсыз желі қосылымы (тек сымсыз
үлгілер)
Сенсорлы экранның басқару панельдері
1. Принтерді сымсыз (Wi-Fi) желіге қосу үшін принтердің басқару
тақтасында Wireless (Сымсыз) түймесін түртіңіз.
2. Wireless Menu (Сымсыз мәзір) түймесін, одан кейін Wireless Setup
Wizard (Сымсыз орнату шебері) түймесін түртіңіз. SSID тізімінен желі
атауын таңдаңыз немесе тізімде болмаса, желі атауын енгізіңіз.
3. Идентификациялық фразаны енгізу үшін пернетақтаны
пайдаланыңыз, одан кейін OK түймесін түртіңіз.
4. Принтер желі байланысын орнатқанша сәл күте тұрыңыз.
5. Принтердің басқару тақтасындағы Network (Желі) түймесін түртіңіз.
Егер IP мекенжайы тізімде берілсе, желі қосылымы орнатылған.
Егер берілмесе, тағы кішкене күте тұрыңыз да, әрекетті қайталаңыз.
Бағдарламалық құралды орнату барысында қолданылатын
IP мекенжайына назар аударыңыз. IP мекенжайының үлгісі:
192.168.0.1
Сымды Ethernet желі қосылымы
(қосымша
)
Стандартты желі кабелін пайдаланыңыз.
1. Желі кабелін принтерге және желіге жалғаңыз. Принтер желі
мекенжайын алғанша бірнеше минут күте тұрыңыз.
2. «5. Бағдарламалық құралды жүктеп алу және орнату» бөліміне өтіңіз.
Өнім мен компьютер арасындағы тікелей
USB қосылымы
A-B түріне жататын USB кабелін пайдаланыңыз.
4.
Байланыс әдісін таңдау
IP мекенжайын қолмен конфигурациялау
IP мекенжайын www.hp.com/support/ljM278MFP қолмен конфигурациялау әдісі
туралы ақпаратты пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.
Self-managed (Өзі басқарылатын): Көптеген пайдаланушылар
үшін нұсқаулы реттеуді, конфигурация қадамдары мен автоматты
жаңартуларды қамтитын
оңтайландырылған әдепкі параметрлер.
IT-managedТ басқаратын): жылдам басқару мүмкіндігі үшін
оңтайландырылған әдепкі параметрлер.
Параметрлерді бастапқы орнатудан кейін толығымен реттеуге болады.
ЕСКЕРТПЕ. Әдепкі параметрлерді өзгерту туралы нұсқаулар беретін бетті
басып шығару үшін Print Information Page (Ақпарат бетін басып шығару)
параметрін таңдаңыз.

Summary of content (16 pages)